Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі
ДӘРІС №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі.
Мақсаты: Білім алушыға жұқпалы аурулардың әлемде таралуын, «Инфекция», «инфекциялық процесс» бойынша түсінік, жұқпалы аурулардың ерекшеліктерін, кезеңдерін, эпидемиялық процестің звеноларын, диагностика, емдеу принциптерін түсіндіру. Білім алушыға жұқпалы ауруханасының міндетін, мақсатын,басқа ауруханаларға қарағанда құрылымын, жұмыс тәртібін түсіндіру. Білім алушыға жұқпалы ауруханаға жатқызу тәртібін түсіндіру.
Дәріс тезистері: «Инфекция» латын тілінен аударғанда «Жұқтырамын,ластаймын» деген мағынаны білдіреді.
Бұл белгілі бір патогенді микроорганизмнің, (қоздырғыштың) макроорганизмге, яғни тірі организмге еніп, патологиялық процесті туғызатын биологиялық құбылыс. Бұл құбылысты инфкециялық процесс деп атауға болады. Ал жұқпалы ауруды, осы жұқпалы процесстің ең соңғы сатысы деп атауға болады. Жұқпалы аурудың басқа ауруларға қарағанда бірнеше ерекшеліктері бар:
- аурудың жұқпалылығы (бір адамнан немесе жануардан сау адамға жұғуы);
- арнайылық (специфичность) - әрбір жұқпалы ауруды белгілі бір микроорганизмнің бір түрі туғызады);
- кезеңділік (цикличность) - инфекциялық процесс бір кезеңнен бір кезеңге ауысып отырады;
- аурудан кейін қалыптасатын организмдегі арнайы иммунитеттің дамуы. Яғни организм осы ауруды екінші рет қабылдамайды. Бірақ иммунитеттің ұзақтығы аурудың түріне байланысты. Мысалы: бір ауруда иммунитет тұрақты өмір бойы қалыптасса, бір ауруда иммунитет тұрақсыз – ұзақ уақытқа созылмайды.
Жұқпалы аурулардың кезеңдері:
Инкубациялық кезең. Оны «жасырын» кезең деп те атауға болады. Ол қоздырғыштың организмге еніп, алғашқы клиникалық белгілердің пайда болғанға дейінгі кезең. Бұл кезеңнің ұзақтығы әр ауруда әр түрлі ұзақтықта болады. Тұмауда, тағам токсикоинфекцияларында бұл кезең сағаттарға созылса, сары ауруларда апталарға созылады, ал гепатит В, лепра, СПИД т.б. ауруларда жылдарға созылады. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы адам организмінің реактивтілігіне (қабылдағыштығы) және қоздырғыштың вируленттігіне, мөлшеріне(дозасына) байланысты.