Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі


Жұқпалы аурухананың құрылымы. Жұмыс тәртібі



бет7/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Жұқпалы аурухананың құрылымы. Жұмыс тәртібі.
Жұқпалы аурулардың таралуын алдын алу үшін науқастар оқшаланады. Жұқпалы науқастардың оқшалануы 2 түрде өткізіледі : үй жағдайында және жұқпалы ауруханаға жатқызу.Науқасты жұқпалы аурулур ауруханасына жатқызу инфекция көзін толығымен шектейді. Науқастар ауруханаға клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жатқызылады. Клиникалық көрсеткіштер бойынша ауруханаға аурудың орташа ауырлық, ауыр түрлерімен ауратын науқастар жатқызылады. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауруханаға аурудың ауырлығына қарамай, аса қауіпті инфекцияға күмәнданған кезде, үй жағдайында оқшалауға мүмкіндік болмағанда, және жатақханада, интернатта, казармада тұратын адамдар жатқызылады.
Басқа ауруханалармен салыстырғанда,жұқпалы аурухананың ерекшеліктері бар. Біріншіден, оның құрылымы мен жұмыс тәртібі инфекция көзін, яғни науқасты, шектеуге, аурухана ішілік зақымдануды алдын алуға және жұқпалы науқастардың еміне бағытталған
Жұқпалы аурухананың негізгі құрылымы: қабылдау бөлімшесі, бокстелген бөлімшелер, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі, клиникалық және бактериолоиялық зертхана, залалсыздандыру камерасы, орталықтардырылған стерилизация бөлімшесі, үйымдастыру-әдістемелік бөлімшесі, рентгенологиялық және УДЗ бөлімшесі.
Жұқпалы аурухана жұмысының негізгі принципі –ол ағынды-өткізбелі жүйе болып табылады.Яғни науқас басқа жұқпалы ауралармен ауырған науқастармен қатыспайды. Әрбір бөлімшеде 2 кіретін есік қарастырылады - науқастарға және медициналық қызметкерлермен келушілерге арналған. Әрбір бөлімшеде ( бокстік емес) диагнозы нақтыланбаған науқастарға өқшалау палата (изолятор) үйымдастырылады. Палатаға жаңа түскен науқастар сауғып жатқан науқастармен және асқынулары бар науқастармен бірге жатқызылмайды.Палаталарды бір уақытта толтырып, сол науқастарды бір уақытта шығарады.
Қабылдау бөлімшесінде науқастың диагнозына сәйкес болек бокстар бар. Санитарлық автокөлікпен жеткізілген науқастар осы бокстарда қабылданады. Жеткізілген автокөлік арнайы орында дезинфекцияланады. Бокстардың ішке кіру және сыртқа шығу есіктері бөлек. Сыртқы есік арқылы науқас боксқа кіріп, дәріердің тексеруінен және санитарлық өндеунен кейін шығады. Медициналық қызметкерлер боксқа ішкі есік арқылы кіреді. Қабылдау бөлімшесінен науқас басқа науқастармен қатыспай, арнайы бөлімшеге жеткізіледі. Әрбір науқастан кейін бокста дезинфекция жүргізіледі.
Боксталған бөлімшеге ауа-тамшылырымен жұғатын аурулар, немесе осы ауруға күдіктенген жағдайда жатқызылады. Осы бөлімшеге аса қауіпті карантиндік аурулармен ауырған науқастар да жатқызылады. Боксталған бөлімшеде әрбір бокста науқас жататын бөлме( палата), дәретхана және шомылатын бөлме, сыртқы кіреберіс( предбоксник), ішкі кіреберіс орналасқан. Ішкі кіреберіс арқылы медициналық қызметкерлер кіріп шығады, тағам жеткізіледі. Бұл жерде қолжуғыш және қызметкерлердің халаттары орналасады. Сыртқы кіреберіс арқалы науқас боксқа кіргізіледі жіне емделген соң шығарылады. Бұндай бокс толық немесе Мельцер боксы деп аталады. Жартылай бокстың құрылысы ұқсас, бірақ оның сыртқы кіреберісі жоқ.
Өнашалауды қажет етпейтін науқасты палаталық бөлімшеге жатқызады. Бұнда палаталар, изолятор, емдік-диагностикалық шараларға арналған бөлмелер және қосымша бөлмелер( асхана, дәретхана, санитарлық бөлме ) бар.
Бөлімшедегі санитарлық-гигиеналық тәртіпке палаталарда және басқа бөлмелерде тазалау, дезинфекция, дезинсекция, науқасты шомылдыру, төсек және киім ауыстыру, науқастардың және қызметкерлердің жеке басты гигиена ережелерін сақтау жатады. Науқасты күту заттары ( судно, грелка,горшок, т.б.) жеке болуы тиіс және залалсыздандыруы қажет.
Науқастарға 2 деңгейде көмек көрсетіледі. Мейірбикелер емдік шараларды, арнайы күтімін, тамақтануын қамтамассыз етеді. Науқастардың туыстары әкелген заттар мен тағамдар арнайы орында қабылданады. Әкелген заттардың ішінде науқасқа қарсы көрсетілген өнімдер болмауын бақылап тұрады.
Медициналық қызметкерлер өздерін заласызданудан сақтау үшін және қоршаған адамдарға жұқтырмау үшін бөлімшенің санитарлық тәртібін және жеке гигиена ережелерін саұтауға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет