Обьективті тексеру:
Пациенттің қызуын тексеру. Қызба болса оның типін анықтау, тері және кілегей қабаттарды қарау- оның түсіне, ылғалдылығына, бөртпенің бар жоғына көз жеткізу.
Ауыз қуысын қарау – кілегей қабатының түсіне, тілдің қандай жабындымен жамылғанына, бөртпелердің болуына, ісіктің болуына көз жеткізу.
Лимфа түйіндерін сипап көру.
Жүрек-қан тамырларын тексеру: қан қысымын, пульсін анықтау. Аускультация әдісімен жүрек тонының ырғақтылығын, шуларды, жүрек тонының тынықтылығын анықтау.
Тыныс жолдарын тексеру: науқастың жөтелін, қақырық бөлуін, кеуде клеткасының аурыснуын анықтау. Аускультация әдісімен өкпедегі сырылдың түрлерін, өкпе тынысынң әлсірегенін, не қатайғанын анықтау.
Ас қорыту жүйесін тексеру. Тәбеттің төмендеуі, жүрегі айну, құсу, нәжіс түрінің өзгеруі, ішінің ауырсынуының локализациясы, бауыр, талақтың көлемін анықтау.
Зәр бөлу жүйесін тексеру. Бел тұсының ауырсынуы, тәуліктік несептің мөлшері, түсін сұрау.
Жүйке жүйесін тексеру: басының ауырсынуы, ұйқысының бұзылуы, немесе науқас есін білмеген кезде сандырақтау, елестер елестеу, нақасқа сұрақ қойғанда дұрыс жауап бере алмауы, науқас қозған күйде болуы, жылауық, немесе делсалдылық болуы.
Сүйек-буын жүйелерін тексеру: буындардағы ісіктің болуы, сүйек пен буынның деформациясын анықтау.
Соңғы кездерде ауру жасырын, атипті түрде өтеді. Бұл ауруға дұрыс диагноз қоюға кедергі жасайды. Сондықтан лабораториялық зерттеуге аса көңіл бөлінеді. Лабораториялық зерттеуге қан, жұлын сұйықтығы, қақырық, нәжіс, зәр, онекі елі ішек жуындысы, құсық массасы, асқазанды шайған су, бөртпе бөліністері, кілігіей қабаттардан алынған жағынды, мәйіт материалы. Материал лабораторияға Форма № 204у жоладамасымен жіберіледі. Материалды арнайы қорапта, белгілі бір температурада (37°С),немесе мұзда, тасымалданады. Ал аса қауіпті жұқпалы ауру материалдарын тасымалдау өте ұқыптылықты қажет етеді.
Арнайы лабораториялық зерттеу әдістері: бактериоскопиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, вирусологиялық.
серологиялық, аллергологиялық зерттеу әдістері. Бұл әдіс арқылы қандағы антиденелерді анықтауға арналған. Оған – РА, РТГА, РПГА, РСК, әдістері жатады.
ИФА-иммуноферментті анализ-қоздырғыштың антигенің Ig A.M жәнеG –ін анықтайды.
клиникалық анализдер – жалпы қан, зәр анализдері, биохимиялық анализ, копрологиялық анализ т.б.
инструментальді зерттеу әдістері – рентгенологиялық, рентгеноскопиялық, гастродуоденоскопиялық, УДЗ, фиброколоноскопиялық, фиброскан мен томографиялық зерттеулер.
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.
Жұқпалы ауруларды жіктеу Л.В.Громашевскийдің жұғу механизмін жіктеу негізінде жасалады. Осы жіктелу бойынша жұқпалы аурулар бес топқа бөлінеді.
Ішек инфекциялары: Іш сүзегі, паратиф А және В, дизентерия, эшерихиоз, сальмонеллез, иерсиниоз, тырысқақ, бруцеллез, лептоспироз, вирустық гепатиттер, тағам токсикоинфекциясы, ботулизм т.т.
Ауа тамшылары арқылы жұғатын жұқпалы аурулар: Тұмау, паратұмау, аденовирусты инфекция, менингококкты инфекция, дифтерия, корь, коклюш, скарлатина, инфекциялық мононуклеоз, жел шешек, қара шешек, қызамық, эпидемиялық паротит, баспа,т.т.
Қан арқылы жұғатын жұқпалы аурулар: бөртпе сүзегі, безгек, лейшманиоз, ВИЧ-инфекция, вирусты гепатит В,С,Д, геморрагиялық қызбалар, оба, туляремия.
Тері жұқпалы аурулары: Түйнеме, тілме, сіреспе, құтыру, лепра, сап, ящур т.б.
Әртүлі механизммен жұғатын аурулар
Елкиннің биологиялық принципі арқылы жіктелу:
анропоноздық ауру – инфекция көзі тек қана науқас адам болып табылады.
зооноздық ауру – инфекция көзі жануарлар.
инвазиялар – гельминтоз, протозойлы аурулар.
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ ЕМДЕУ ПРИНЦИПТЕРІ.
Жұқпалы ауруларды комплексті емдеу қажет. Емді тағайындау үшін пациенттің жынысын, жеке ерекшеліктерін, аурудың ауырлығын, аурудың кезеңін және қосымша ауруларын ескеру керек. Ауруды емдеуде негізгі орынды этиотропты терапия алады.
Достарыңызбен бөлісу: |