Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі


Продромальді кезең немесе алғашқы белгілер кезеңі



бет2/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Продромальді кезең немесе алғашқы белгілер кезеңі. Бұл кезеңде арнайы емес белгілер пайда бола бастайды. Әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, жүрегі айну, құсу, тәбетінің төмендеуі белгілері жатады. Сондықтан бұл кезеңде диагноз қою өте қиын. Кейде бір ауруларға тән клиникалық белгілер ерте пайда болуы мүмкін. Мысалы: қызылшаға тән – Филатов-Коплик-Бельский дағы сияқты белгілер. Көптеген ауруларда алғашқы белгілердің болмауы да мүмкін. Бұл кезең 1-3 күнге созылады.

  • Аурудың шарықтау кезеңі – ауруға тән клиникалық белгілердің пайда болу кезеңі. Бұл кезеңде барлық арнайы белгілер пайда болады. Мысалы: вирусты гепатитте сарғаю белгісі, бөртпе сүзегінде бөртпе, т.б. белгілер. Бұл кезеңнің де белгілі бір ұзақтығы бар. Аурудың шарықтау кезеңі біртіндеп белгілердің басылу, яғни жазылу кезеңіне ауысады.

  • Аурудың жазылу – реконвалесценция кезеңі: бұл кезде организмдегі барлық қызметі бұзылған мүшелер мен жүйелер қалпына келеді. Бұл кезеңнің ұзақтығы аурудың ауырлығына, аурудың түріне, организмнің қарсы тұру қабілетіне, жасалған емнің нәтижесіне байланысты болады.

    Аурудың аяғы созылмалы түрге, м.гедектікке,
    бактериотасымалдаушылыққа ауысуы мүмкін. Кейде өліммен аяқталуы мүмкін. Бұл аурудың ауырлығына байланысты. Сондықтан ауруды бірнеше ауырлыққа бөлеміз.

    • Аурудың ауыр түрі: бұл кезде ауру өте ауыр түрде өтеді. Клиникалық белгілер өте анық және ұзақ болады. Кейде асқынулар болады.

    • Орташа ауыр түрі: көбіне аурулар орташа ауыр түрде өтеді. Бірақ ауру ұзаққа созылмайды және жазылумен аяқталады.

    • Жеңіл түрі: бұл кезде клиникалық белгілер әлсіз болады. Ауру ұзақтығы қысқа болады. Ауру тез жазылады.

    • Өткір түрі (Молниеносная форма): ауру өте ауыр түрде өтеді. Барлық клиникалық белгілер өте қысқа уақытта дамиды. Көбіне науқастың өлімімен аяқталады.

    Аурудың ұзақтығына байланысты – жедел, жеделдеу, созылмалы болып бөлінеді. Көбіне аурулар (тырысқақ, тұмау, қызылша т.б.) жедел түрде өтеді. Ал қалған аурулар (сарып, вирусты гепатит т.б.) созылмалы түрге тез ауысады.
    Егерде организмнің қорғаныштық қасиеті әлсіз болса аурудың асқынуы болады. Кейде асқынулар организмдегі бұрыннан орналасқан микробтардың күшеюінен болуы мүмкін. Сондықтан микроорганизмнің бір түрімен жұқтырылған ауруды моноинфекция деп атайды. Ал микробтардың бірнеше түрімен жұқтырылса микстинфекция (аралас инфекция), ал бір микробпен жұқтырылған аурудың үстіне екінші микроб түссе оны екншілік инфекция деп атайды. Енді микробтың бір түрімен жұқтырылып, оның үстіне осы микробты тағы қайталап жұқтырса оны реинфекция деп атаймыз. Организмнің қарсы тұру кабілеті аурудан жазылғаннан кейін, қайтадан клиникалық белгілердің пайда болуын рецидив деп атаймыз.
    ЭПИДЕМИОЛОГИЯ НЕГІЗІ. ЭПИДЕМИОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
    ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС,ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ОШАҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
    Эпидемиология - жұқпалы аурулардың адамдар арасында пайда болуы, таралуы және олардың алдын алу, күресу заңдылығы туралы ғылым болып табылады.
    Эпидемиология эпидемиялық процессті – күрделі әлеуметтік-биологиялық құбылысты зерттейді. Эпидемиялық процесс – бір-бірімен ажырамайтын үш звенодан тұрады.

    1. жұқпалы аурулардың инфекция көзі (қоздырғыштар көзі)

    2. қоздырғыштардың жұғу механизмі (жұғу жолы)

    3. адамдардың қабылдағыштығы.

    – науқас адам, ауру тасмалдаушы, реконвалесцент, жануарлар, құстар, т.б. Эпидемиялық процесс – бір немесе бірнеше аурулар, не ауру тасымалдаушылардың эпидемиялық ошағы түрінде болады.
    Эпидемиялық ошақ – белгілі бір территорияда немесе оданда тыс жердегі инфекция көзі болып табылады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет