Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет3/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Инфекция көзіэпидемиологиялық процестің бірінші звеносы
( тізбегі) болып табылады. Жұқпалы ауруларда қоздырғыштардың ошағы – адам, жануар организмі болады. Қоздырғыштар үшін осы организм табиғи өмір сүру ортасы болып табылады. Ол жерде қоздырғыш көбейеді, жинақталады. Осы инфекция көзінен қоздырғыш келесі сау организмге жұғу механизмі арқылы түседі.
Инфекция көзі
Екінші звеносы – бұл қоздырғыштардың жұқтырылған организмнен қабылдаушы организмге өту механизмі. Патогенді микроорганизмдер өзінің эволюциясының нәтижесінде организмге белгілі бір тіндер арқылы ене алатын қасиетке ие болған. Соның нәтижесінде қоздырғыштың енген жерін «ену қақпасы» деп атады. Қоздырғыш организмге енгеннен кейін белгілі бір жүйе мен мүшелерге барып орналасады. Қоздырғыштың орналасқан жеріне байланысты оның организмнен бөлініп шығу ережесі де болады. Осыған байланысты жұқпалы аурулардың 4 негізгі жұғу механизмі пайда болды.

  1. фекальді – оральді механизм. Қоздырғыш ас қорыту жолында орналасып, нәжіс арқылы сыртқа бөлініп шығады. Ал келесі сау организмге қоздырғыш ауыз арқылы түседі.

  2. ауа – тамшылары арқылы жұғу механизмі. Қоздырғыш жоғарғы тыныс жолдарында орналасады. Қоздырғыш тыныс жолдарынан дем шығарғанда, жөтелгенде, түкіргенде, түшкіргенде, сөйлескенде бөлініп шығады. Сау организмге осы қоздырғышы бар ауа арқылы түседі.

  3. трансмиссивті жұғу механизмі. Қоздырғыш қанда орналасады. Табиғи жұғу жолы қан сорғыш жәндіктер арқылы жүреді. Сонымен бірге жасанды жол ( қан құйғанда, парентеральді медицналық манипуляциялар, анасынан баласына құрсақта жатқанда) арқылыда жұғуы мүмкін.

  4. қарым – қатынас (жанасу) арқылы жұғу механизмі. Қоздырғыш теріде және кілегей қабаттарда орналасады. Жұғу – науқаспен немесе оның заттарын ұстағанда жұғуы мүмкін. Қоздырғыш тері және кілегей қабаты арқылы жұғады.

Үшінші звеносы – қабылдаушы организм. Адамдардың ауруды қабылдағыштығы оның иммундық қасиетіне байланысты.
Иммундық қасиет осы жұқпалы аурумен ауырғаннан кейін немесе жасанды жол – вакцина еккеннен пайда болады. Қоздырғыштың организмгше енуі, көбеюі, әртүрлі өмір сүру қабілеті адам организмінде әртүрлі өзгерістер туғызады. Организмнің қарсы тұру және адаптациялық қасиетіне байланысты иммунитет немесе қаблдамаушылық дамиды. Адамдар арасында ауруға деген иммунитет неғұрлым көбейген сайын, аурушаңдылық азаяды.
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ.
Жұқпалы ауруларды емдеу үшін дұрыс толық диагноз қоюдың маңызы зор. Сонымен бірге қоршаған ортаға аурудың таралуын шектейді.
Диагноз қою – ауруды сұрастырудан, обьективті, субьективті қараудан басталады. Ауруды сұрау – белгілі бір схемамен жүргізіледі. Шағымын анықтау, ауру анамнезін, өмір анамнезін, эпидемиологиялық анамнезін анықтау.
Ауру анамнезі – аурудың басталған уақыты (жедел, біртіндеп), қызудың көтерілуі, оның ауытқуы, ауырсынудың орналасуы, ауырлығы, түрі, ұйқының, тәбеттің бұзылуы, нәжістің түрі т.б. сонымен бірге науқас дәрі қабылдады ма, дәрінің түрлері, қандай медициналық көмек көрсетілді, қандай диагноз қойылды осыны анықтау керек.
Өмір анамнезі – қандай жұқпалы аурулармен ауырды, қандай вакциналарды қабылдағанын анықтау.
Эпидемиологиялық анамнез – науқас адамдармен, жануармен, құстармен қарым-қатынаста болғанын, жұқпалы ауру тараған облыста, аудандарда, қалада болғанын, қандай тағамдар жегенін, қандай су ішкенін, жұмыс орнын, аңға шыққанын, жұмыс орнының, үй тұрмысының гигиеналық жағдайын, парентеральдық манипуляциялар, операциялар жасалғанын, қан құйғанын, жыныстық қатынаста кіммен болғанын, наркотик қабылтайтынын анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет