Патогенетикалық терапия – организмнің ішкі ортасының бұзылысын қалпына келтіруге арналған. Оған
1. жүрек препараттары (корглюкон, строфантин, валокардин т.б. 2. дезинтоксикациялық препараттар – глюкоза, гемодез, т.б.
3. Регидратациялық препараттар – Рингер ерітіндісі, тұзды ерітінділер т.б.
4. Дегидратациялық препараттар – фурасемид, манитол, маннит.
5. Кортикостероидты препараттар – преднизолон, дексаметазон.
6. Диетотерапия.
Симптоматикалық терапия – науқастың жалпы жағдайын жақсартуға бағытталған ем. Ауырсынуды басатын, қызуды түсіретін препараттар тағайындалады.
Организмнің қорғаныштық күшін нығайтатын арнайы емес препараттар – витаминдер, қан препараттары.
Жұқпалы аурулардың алдын-алу(профилактикасы) Негізінен екі іс-шаралар тобынан тұрады:жалпы және арнайы.
Жалпы алдын алу-тұрғындардың экономикалық,әлеуметтк жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау жүйелерн дамытуға, медициналық қызметті, медициналық және фармацевтикалық өндірістерді, ғылыми орталықтарды, медициналық білім беру мекемелерін материалдық жағынан қамтамасыз етуге, жалпы мемлекеттік масштабта жүргізілетін іс-шаралар.
Арнайы алдын алу-емдік-профилактикалық мекемелерде (ЛПУ) және Мемлекеттк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары, ветеринарлық қызмет көрсету, ауыл және орман шаруашылығының қызметкерлерімен біріге отырып, қоздырғыштармен, инфекция көзімен, оның жұғу жолдарымен және механизмдерімен күресу жайындағы іс-шаралар.
Адамдар үшін- инфекция көзі-науқас адам,(антропоноздарда), үй және жабайы жануарлар (зооноздар), және сирек жағдайларда жерден жұғады.
Антропонозды ауру кезінде, ең алдымен ауру жұққан адамды тауып арналған этиотропты ем қолдану керек.Бұл эпидемияға қарсы шаралар емханаларда, жұқпалы аурулар ауруханасында (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) жүреді.
Зоонозды ауру кезінде ветеринарлық қызмет көрсету мекемесімен біріге отырып, үй және ауыл шаруашылығы малдарының денсаулығын жақсартуға бағытталады.Кеміргіштер мен ауру жұқтыратын жабайы жануарлардың көзін жоюға арналған.Осы этаптағы эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға арналады.Аурудың жұғу жолымен фактерінің көп болуына байланысты, қоздырғыштың фекальді-оральді, аэрозольді, трансмиссивті, қарым-қатынас, қан арқылы, вертикальді жұғу механиздерінің көп болуына байланысты, алдын алу шаралары да әр түрлілігімен ерекшеленеді.Олар: санитарлық-гигиеналық, дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық шаралар.
Санитарлық-гигиеналық шаралар-ішек инфекциясының алдын алуда маңызды.Мұнда коммуналдық-санитарлық, өндірістік, тағамдық, мектептік бақылау түрлері және тұрғындарды санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу болып табылады.
Дезинфекциялық шаралар-қоздырғыштарды, олардың сыртқы ортада сақталуын жою.Бұл шаралар, арнайы әдістермен, заттар арқылы жасалады.Мысалы, ошақта жүргізілетін дезинфекция (ошақтық дезинфекция), дезинфекциялық станцияларда (камералық дезинфекция), көпшілік арасында және транспорттарда, емдеу мекемелерінде жасалатын (алдын-алу дезинфекция).
Ошақтық дезинфекция-өтпелі (күнделікті) науқастың айналасында (үйде, стационарда) дезинфекция, қорытынды-ошақтан науқасты алып кеткеннен кейін, науқас жазылғаннан кейін немесе өлгеннен кейін жасалатын дезинфекция.
Дезинсекциялық шаралар- бұл жәндіктермен, яғни, аралық тасымалдаушылармен –бүргемен, битпен, кенемен, масамен, маскитпен күресу.Бұл да ошақтық, камералық және алдын-алу болып табылады.
Дератизациялық шаралар-бұл зоонозды аурудың табиғи ошағы болып табылатын кеміргіштермен күресу.
Осы іс-шаралардың барлығы негізінен инфекция көзін, олардың жұғу жолдарын жоюға арналған алдын-алу іс-шаралары.
Енді қабылдаушы организмге жасалатын іс-шаралар.
Бұл шаралар-2 топқа бөлінеді:иммунопрофилактика және шұғыл алдын-алу шаралары.
Иммунопрофилактика: Бұл патогенді микроорганизмдердің белгілі бір түрлеріне қарсы оргаизмде иммунитеттің қалыптастыруына арналған.Оның өзі-жасанды активті (вакцина арқылы) және пассивті (сары сулар және иммуноглобулин) иммунитет қалыптастыру.
Активті иммунизация-құрамында тірі немесе өлі микроорганизмдері, олардың токсиндері, антигендері бар вакциналар типі.Бұлар қоздырғыштардың культураларынан, химиялық жол арқылы генноинженерлік жол арқылы алынған.
Тірі вакциналар-микроорганизмдердің әлсіз немесе вирулентсіз штаммаларынан алынған.Олар қызылша, полиомиелит, қызамық (Сэйбин вакцинасы), эпидпаротит, туберкулез (БЦЖ), бруцеллез, туляремия, сібір жарасы, оба, сары қызба ауруларына арналған.Осы вакцинаның арқасында организмде тұрақты иммунитет қалыптасады.
Өлтірілген вакциналар-микроб денелерінен (корпускулярлық вакцина) немесе олардың антигенді компоненттеріне (молекулярлы вакцина) жасалынған.Олар полиомиелитке (солка вакцинасы), кене энцефалиті, іш сүзегі, паратиф А және В, бөртпе сүзегіне, КУ-қызбаға, лептоспирозға арналған. Бұл вакциналардан кейінгі қалыптасқан иммунитет әлсіздеу болады, сондықтан бұларды қайталап жасайды.
Молекулярлық (химиялық) вакциналар-бактериялардың антигенді компоненттерін химиялық жол арқылы дайындалған. Көбіне иммунитет қалыптастыру қабілеті жоғары, іш сүзегі және парасүзектік салмонеллалардың, коклюштің, туляремияның микробының қабықшасынан алынған vi-антигендер, оба таяқшасының капсулалық антигені болып табылады.Сонымен бірге, генноинженерлік әдіс арқылы алынған, E.Coli, Candida, қара шешекке арналған вакциналар, тұмауға, вирусты гепатит А, В, герпес инфекцияға, холераға, менингококкты инфекцияға, безгекке арнлған вакциналар жасалынған.
Анатоксиндер (бактериялардың активсізделінген экзотоксиндері) –экзотоксин бөлетін қоздырғыштарға, яғни, дифтерия, сіреспе, батулизм, стафилакоккты инфекцияға қарсы иммунитетті қалыптастырады.
Сонымен бірге вакциналардың құрамында бір (моновакцина-қызылша, холера) және бірнеше микроорганизмдер түрлері бар (ди-,три-,поливакциналар-адсорбцияланған коклюш, дифетерия, сіреспе вакциналары немесе АКДС, сүзек- парасүзек- сіреспелік поливакциналар.