Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі


Әдебиет: Осипова В.А. Ауруханаішілік инфекция



бет10/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж
ПРАКТИКА, Силл Геология 2020-2021, ОШ СОР Информатика ЕМН 11 класс каз, 2 дәріс, жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік
Әдебиет: Осипова В.А. Ауруханаішілік инфекция

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):


ДӘРІС №3
Тақырыбы: Вирусты гепатиттер.Бруцеллез. Лептоспироз. Токсоплазмоз. Листериоз.
Мақсаты: Білім алушыға Вирусты гепатиттердің, Бруцеллездің, Лептоспироздың маңыздылығын, кең таралуын, жіктелуін, ерекшелігін, ерте кезде анықтау, клиникалық белгілерін, диагностика, емдеу принциптарын, алдын алу шараларын түсіндіру.
Дәріс тезистері:
Вирусты гепатиттер
ВОЗ –дың мәліметтері бойынша дүние жүзінде В гепатиті вирусын тасымалдаушылар саны 2 млрд.
Алғаш рет инфекциялық гепатит өз алдына бөлек нозологиялық бірлік ретінде 1888 ж орыс дәрігері С.П. Боткин шығарған. Ол инфекциялық гепатитті сарғаю болатын бауырдың басқа ауруларынан ажыратып бергендіктен, ұзақ уақыт бойы инфекциялық гепатитті Боткин ауруы деп атап келді.
Инфекциялық гепатит фекальды- оральды жолмен жұғады. ХХ ғ. 30- жылдарында сары лихорадкаға қарсы егуден соң, егілгендерде жаппай сарғаю басталған, осы кезден бастап этиологиялық және эпидемиялогиялық жағынан бір-бірінен өзгеше гепатит формалары бар екендігі белгілі болды. Олардың бірін- инфекциялық, ал екіншісін- парентеральды манипуляциялармен байланысты болғандықтан, сары су гепатиті деп атады. 1947 ж. мак-Каллум инфекциялық гепатитті- гепатит А деп, ал сары су гепатитін В непатиті деп атауды ұсынды. Бұл ұсынысын ВОЗ 1973 жылы ғана қабылдады.
1974 ж вирусты гепатиттің тағы бір формасы , яғни ни А, ни В , ал 1977 ж дельта-гепатиттің қоздырғышы анықталды.
Жедел вирусты гепатит – бауырдың жедел қабынуы, ұзақтығы 6 айдан аз, қанда спецификалық маркерлердің болуы.
Вирусты гепатиттер классификациясы
(Халықаралық классификация , Х рет қайта қаралған)
1.Жедел гепатиттер:
1. Жұғу механизмі энтеральды вирусты гепатиттер:
жедел вирусты гепатит А
жедел вирусты гепатит Е
2. Жұғу механизмі парентеральды вирусты гепатиттер:

  1. жедел вирусты гепатит В

  2. жедел вирусты гепатит Д

  3. жедел вирусты гепатит С

  4. Этиологиясы анықталмаған вирусты гепатиттер

Созылмалы гепатиттер:

  1. Созылмалы вирусты гепатит В дельта агентпен

  2. Созылмалы вирусты гепатит В дельта агентсіз

  3. Созылмалы гепатит С





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет