Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет13/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Дезинтоксикациялық ем: энтеральді (полифепан, энтеродез, оралит, т.б.), арентеральді (Рингер, глюкоза, коллоидты ерітінділерді) қолда
Ошақта жүргізілетін іс- шаралар. науқасты оқшаулағаннан соң, қатынаста болғандарды 35 күн медициналық бақылау, күнделікті дәрігерлік тексеру -терісін және шырышты қабаттарын қарау, термометрия, бауыр пальпациясы жасалады.
Бала бақшада, мектепте жаңа балаларды қабылдау және басқа топтарға, палаталарға немесе мекемелерге ауыстыруға тыйым салынады, ауру шыққан класта кабинеттік жүйе тоқтатылады. Науқаспен қатынаста болғандарда аурудың клиникалық белгілері байқалған жағдайда дәрігер қанға биохимиялық зерттеуге нұсқау береді.
Бала бақшаларда, жабық типті балалар мекемелерінде науқасты оқшаулаған соң қорытынды дезинфекция жасалады.
Спецификалық профилактикасы: арнайы вакцинация.
Егу 2 жастан басталады, 2 рет жасалады, интервалы 6 ай.

Вирусты гепатит Е (ВГЕ)
Е гептатиті вирусы (НЕV) сфера пішінді, диаметрі 27-34 нм., нуклеокапсиді иксаэдрлік, сыртқы қабықшасы жоқ.Геномы бір жіпті РНК-дан тұрады. Вирионның бетінде чаша тәрізді ойықтар бар (вдавления), сондықтан оларды алғашында кальицивирустар тұқымдастығына кіргізді.Ал 1998ж бұл вирустардың біраз айырмашылықтары болуына байланысты кальицивипустардан алып, классификацияланбайтын вирустарға жатқызды.
Инкубациялық кезең орташа 40 күн ( 20-60 күн)
Жұғу жолы- су арқылы
Су эпидемиялық қозулары интервалы 7-8 жыл.
Көбінесе 15-29 жастағылар ауырады.
Клиникалық көріністері жеңіл сарғаю және диспепсиялық синдромдармен, көбіне латенті өтеді
Жүкті әйелдер арасында тез арада бауыр комасы дамып өлім-жітім көрсеткіштері жоғары болады, әсіресе жүктіліктің екінші жартысында.
Аурушаңдықтың жаз айларында көбеюі суды көп қолданумен және ауыл –шаруашылық суларының көзі болып табылатын грунттық сулардың ластануымен байланысты.

Лабораториялық диагностикасы: ВГЕ - нің серологиялық маркерлері:


  1. ВГЕ- ге қарсы Ig M класының антиденелері (Ig M anti- HЕV) жедел ВГЕ –ні білдіреді.

  2. ВГЕ- ге қарсы антиденелер (Ig G anti- HЕV) инфекциямен бұрын ауырғандығын білдіреді, көптеген науқастарда өмір бойы сақталады.

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар ВГА- дағы сияқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет