Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет12/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Инкубациялық кезең 7 күннен 50 күнге созылады. Сарғаю алды кезеңі 5-7 күнге созылады. Клиникалық белгілерінің бірнеше варианттары бар: тұмау тәрізді, диспепсиялық, астеновегетативті, аралас түрлері болады. Ауру жедел басталады. Дене қызуы алғашқы күндері 38-39°С-қа көтеріледі. Науқастың басы ауырады, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі болады.
Диспепсиялық вариантында жүрегі айнып, құсады. Эпигастрий аймағында, оң жақ қабырға асты ауырады.Тәбеті жойылады
Астеновегетативті синдромдар- әлсіздік, ұйқышылдық, басының айналуы, шаршағыштық. Сарғаюдан 2-3 күн бұрын зәрдің түсі қоңырланып, нәжіс ағара бастайды. Осы кездегі негізгі диагностикалық белгі бауыр ұлғаяды. Сипағанда ауырсыну болуы мүмкін. Кейде талақтың да үлкеюі болады.
Сарғаю кезеңі: бұл аурудың шарықтау кезеңімен сәйкес. Бұл шамамен 2-3 аптаға созылады. Тері, ауыз қуысының кілегей қабаты,склера сарғаяды. Бұл кезде науқастың жағдайы сәл жақсарады. Дене қызуы қалпына келеді. Улану белгілері жойылады. Аурудың ұзақтығы, аурудың ауырлығына байланысты. Аурудың ауырлығына байланысты сарғаюдың да интенсивтілігі сәйкес болады. Сарғаюдың азаюы аурудың реконвалесценция кезеңін сипаттайды. Бұл 1-2 айдан, 6 айға созылады. Аурудың сарғаюсыз және субклиникалық түрлерін биохимиялық анализ, серологиялық қанда ВГА IgM анықтау арқылы табамыз.
Постинфекциялық иммунитет мықты және ұзақ, вирусты бейтараптандырушы антиденелер және иммундық есте сақтаушы клеткалармен байланысты. Өліммен аяқталатын ауыр формалары микст-инфекциясы бар науқастарда тіркеледі, яғни созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын науқас гепатит А –ны жұқтырғандарда.
Асқынулары сирек кездеседі: фульминантты, холестатикалық, рецидивті гепатит.ВГА- ның созылмалы түрі болмайды.

Лабораториялық диагностикасы: ВГА –ның серологиялық маркерлері:


  1. ВГА –ға қарсы Ig M класының антиденелері (anti- HAV) табылса, жедел вирусты гепатит А-ны білдіреді және аурудан соң 6 айға дейін сақталады, көптеген ауруларда антиген 3 айдан соң жоғалады.

  2. ВГА- ға қарсы жалпы антиденелер ( anti- HAV total) білдіреді: инфекциямен бұрын ауырғандығын; ВГА- ға иммунитеттің бар екендігін (аурудан соң немесе вакцинациядан кейін қалыптасқан), көптеген адамдарда өмір бойы сақталады.

Аурудың сарғаю кезеңінде (разгар) науқастар қоршаған ортаға вирустарды
бөлмейді, сондықтан эпидемиялогиялық қауіпсіз.Вирустар аурудың жасырын кезеңінің соңғы аптасы мен продромальді кезеңде сырқа бөлінеді,сондықтан ауру айналасындағыларға сол уақытта қауіпті.
Емі. Емдік диета, емдік стол № 5 тағайындалады. Тағам жоғары калориялы физиологиялық нормаға сәйкес) белок, май, көмірсуларға бай болуы керек. Тек қиын қорытылатын майларды қолданбау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет