Вирусты гепатит А А вирусты гепатит (син. Боткин ауруы) – фекальді-оральді механизм арқылы жұғатын бауыр тінінің зақымдалуымен, қызметінің бұзылуымен, кейде сарғаюмен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Қазақстан Республикасы вирусты гепатиттер бойынша жоғары эндемиялық регионға жатады. Жыл сайын республиканың әр түрлі облыстарында аурулардың 60-90% жағдайда вирусты гепатит А –ға келеді, әсіресе кішкене балар арасында ауру жоғары деңгейде тіркеледі. Бір қатар региондарда су арқылы, одан соң тұрмыстық-қатынас арқылы жұғатын бұрқ ету (вспышкалар) тіркеледі.
Этиологиясы.Вирусты гепатит А- ның қоздырғышын 1973 ж С. Фейнстон иммунды электронды микроскоп көмегімен анықтаған.А гепатиті вирусының пішіні сфера тәрізді, вирионның диаметрі –27 нм. Геномы- бір жіпті РНК – дан тұрады. Суперкапсиді болмайды. Симметрия типі- куб тәрізді. Өзінің қасиеттеріне қарай А гепатитінің вирусы Heparnavirus туыстастығы Picornaviridae тұқымдастығына жатады.Төзімділігі: жоғары температураға, қышқылға, май еріткіштерге, дез. заттарға төзімді. Төмен температураны жақсы көтереді. Сондықтан қоршаған ортада ұзақ сақталады. Бөлме температурасында бірнеше апта сақталады. 600 С та инфекциялығын 4-12 сағ соң жоғалтады, толығымен жойылады 850 С – та бірнеше минуттан кейін. Хлорға өте төзімді, сондықтан ауыз суына су тазарту қондырғыларынан өтіп кетеді.
Эпидемиялогиясы. А гепатит вирусы адам үшін өте патогенді. ВОЗ-дың қорытындысы бойынша 1987ж ауру туу үшін бір вирион жұғуы жеткілікті. Инфекция көзі- адам. Вирус адам ағзасынан сарғаюға дейінгі 12-14 күн және сарғаю кезеңінің 3 аптасы бойы нәжіспен бөлінеді.
Жұғу механизмі- фекальды-оральды, негізінен су, сондай-ақ тұрмыстық және тамақ жолы арқылы да жұғуы мүмкін. Көбінесе 14 жасқа дейінгі балалар ауырады.
Жұғу жолдары:
тұрмыстық-қатынас (жанұяларда және ұйымдасқан ұжымдарда);
су, тамақ арқылы (алиментарлық);
парентеральды – сирек
Патогенезі. Организмге түскен вирус регионарлық лимфа бездер клеткаларына барып, жедел диффузды гепатит тудырады. Бауырдың дезинтоксикалық және барьерлік қызметтері бұзылады. Белок, көмірсу пигмент алмасу бұзылады. Қан сары суында кейбір ферменттердің (альдолаза, аминотрансферазаның т.б.) көбеюіне әкеп соғады.
Клиникасы. Вирусты гепатит А циклды формада өтеді: инкубациялық кезең, продромальды кезең ( сарғаю алдындағы кезең), сарғаю кезеңі және реконвалесценция. Бірақ инфекция ошағында көп мөлшерде сарғаюсыз және жасырын формадағы инфекциясы бар науқастар анықталады, олардың саны сарғайғандардан көп болады. ( «айсберг» феномені)