Біріншілік-созылмалы сарып.Сарыптың бұл түрінің ерекшеліктері: біртіндеп басталуы, ауру тарихында жедел септикалық сатысының болмауы, клиникалық көріністерінің әртүрлілігі. Бұл арнайы сенсибилизацияланған фонға байланысты болады. Орталық және вегетативті жүйке жүйесінің функциональдық бұзылыстары қалшылдау, жоғары тершеңдік, тері гиперестезиясы, ұйқының бұзылуы және буын-сүйектерідегі, бұлшықеттердегі, жүйке бойындағы ауырсыну сезімі, көңіл-күйдің тұрақсыздығы, бастың ауруы мен айналуы сияқты белгілерімен көрінеді. Тірек –қимыл аппаратының зақымдалуы әртүрлі және жойылған сипатта болып келеді. Орталық жүке жүйесінің зақымданулары аллергиялық өзгерістердің әсерінен болады (церебральды арахноидит, диэнцефальды синдром). Кейде психикалық бұзылыстар да кездеседі.
Екіншілік созылмалы сарып.Екіншілік созылмалы сарыптың клиникасында ошақтық зақымданулар басым, дене қызуы субфебрильді немесе қалыпты болуы мүмкін. Сүйек-буын өзгерістері пери- және –параартриттер, остеоартриттер, периостит пен остеомиелиттер түрінде кездесетін бірнеше буындардың зақымдалуы түрінде байқалады. Сондай-ақ, көптеген науқастарда бурсит, фиброзит, целлюлиттер анықталады.
Омыртқаның деструктивті өзгерістері (спондилез, спондилоартроз, остеохондроз) белде қатты ауырсыну сезімі мен қимылдың шектелуі сияқты белгілерімен сипатталады. Перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуы невриттермен (плексит, радикулит, ишиорадикулит), невралгиялармен (иық, шүйде, үштік, бет және басқа нервтер) көрінеді. Сонымен қатар, диэнцефальды синдромның, арахноидтің, миелиттің, есту нервісінің невриді мен атрофиясы дамуы мүмкін. Жыныс мүшелері жағынан кездесетін ошақтық өзгерістер жедел сатыға қарағанда, сирек кездеседі (ер адамдарда-орхоэпидидимиттер, әйелдерде-сальпингиттер, офориттер, эндометриттер, түсік тастау, уақытынан бұрын босану). Осы патологиялық өзгерістерден кейін ер адамдарда жыныстық функциясы төмендеуі мүмкін, ал әйелдерде –дисменоррея, бедеулік кездеседі.
Шеткі қанда лейкопения немесе лейкоциттердің қалыпты саны, аздаған таяқша ядролы, солға қарай жылжыған нейтропения, салыстырмалы лимфоцитоз, аздаған моноцитоз анықталады.