Эпидемиялық процестің сипаты. Лептоспироз кең таралған зооноздардың бірі. Ауру барлық құрлықтарда кездеседі. Ауруға шалдығу негізінен кәсіби сипатта болады. Ауру малшылардың, сауыншылардың, дератизаторлардың, мал фирмалары жұмысшыларының, батпақты жерлерде жұмысжасайтындардың арасында жиі кездеседі. Ашық су көздеріне байланысты болған эпидемияның бұрық етулертіркелген. Ауруға айқын жазғы-күзгі маусымдылық тән. Ауырып тұрғандарда тұрақты иммунитет түрлік- типтік сипатта болады.
Патогенезі мен басты клиникалық формалары.Қоздырғыш ену қақпалары – кілегейлі қабат пен тері жамылғысынан өтіп аймақтық лимфа түйіндерінде шөгеді. Одан әрі гематогенді жолмен мононуклеарлы моноциттер жүйесінің тіндері мен ағзаларына, әсіресе бауыр, бүйрек,орталық жүйке жүйесіне тұрақтап, бұл ағзаларда дегенерациялық некроздық өзгерістер туғызады. Бұл өзгерістермен қатар токсикалық, микроциркуляторлы бұзылыстар, гемаррагиялық белгілер, ауыр жағдайда инфекциялық – токсикалық шок дамиды. Лептоспироздарды бұдан сарғаюмен көрінетін, сарғаюсыз деп екіге бөлген. Сарғаю немесе сарғаймау этиогентке, немесе осыған байланысты патогенетикалық ерекшелікке байланысты емес, тек бауырдың патоморфологиялық өзгеріс дәрежесіне ғана байланысты. Сондықтан бұлай бөлуге эпидемиологиялықта, микробиологиялықта, клиникалық та негіз жоқ.
Негізгі клиникалық белгілері: Аурудың сарғайған және сарғаймаған түрі болады. Ауру жедел басталады. Дене қызуы өте жоғары, бұлшық еттердің ауруы, көздің қызаруы, қызылша тәрізді полиморфты бөртпенің шығуы (қолтық асты аймағында, шап, шынтақ буындарына), еріндеріне, мұрнына ұшық шығады. Ауыр түрлерінде мұрыннан қан кетеді. Тахикардия, артериалдық гипотензия, жүрек тондарының тынықталуы болады. Тілі құрғақ, сары-қоңыр түсті жабындымен жамылады. Іші кеуіп, құрсақтың алдыңғы қабырғасының ауырсынуы болады. Бауырдың, талақтың ұлғаюы, менингиальды белгілер, бүйрек функциясы бұзылуы белгілері, сарғаю болады. Инкубациялық кезеңі 4-14 күн. Өліммен аяқталу әр елдерле әр деңгейде, 3-4%-дан 40% дейін жетеді.