Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет23/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Емдеу принциптері: Науқасты стационарда емдейміз. Төсектік режим сақталады. Бөлінген несеп мөлшерін есептеп отырады. Кешенді- антибактериальды (бензилпенициллин 6-12 млн бірлік тәулігіне бұлшықетке, тетрациклин), арнайы ем – лептоспирозға қарсы гаммаглобулин егеді. патогенетикалық, детоксикалық, симптоматикалық ем тағайындалады. Ауыр түрінде гормон препараттары, гемосорбция, геипербариялық оксигенация, гемлдиализ жасалады.
Диспансерлік бақылауда 6 ай болады. Клиникалық тексеру 2 айда 1 рет өткізіледі.
Лабораториялық диагностикасы. Жалпы қан анализінде нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ – нің жоғарылауы, эритроцит, тромбоцит, гемоглобин санының азаюы болады. Зәр анализінде, мөлшерінің азаюы, белок, лейкоцит, эритроцит, гиалинді цилиндрлер болады. Жұлын сұйықтығында лимфоцитарлық немесе лимфоцитарлы-нейтрофильдік плеоцитоз болады. Биохимиялық анализде гипербилирубинемия, АлАт активтілігінң жоғарылауы, қышқылдық фосфатазаның жоғарылауы болады. Ең жылдам, тиімді диагностикалау тәсілі қаннан микрбты тікелей қараңғы алаңда микроскопия жасау арқылы табу. Бактериологиялық зерттеуге қан, зәр және жұлын сұйықтығы алынады. Теңіз шошқаларына биологиялық сынама қою арқылы диагностикалау тәсілі де қолданылады.
Серологиялық диагноз микроагглютинация-лизис әсерлесуі арқылы дәлелденеді. Ең кіші диагностикалық титр 1:100, сонымен қатар комплемент байланыстыру реакциясы және жанама геммоглютация реакциялары қойылады.
Профилактикасы және ошақтағы індетке қарсы шаралар. Ауруға шалдығуды болдырмауға бағытталған шараларды (көзге бағытталған) ветеринарлық қызмет пен шаруашылық мекемелері жүргізеді. Ұжымдастыру әдістемелік басшылықты аймақтық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау мекемелері атқарады.
Індет ошағында: аурулар ауруханаға жатқызылып емделеді. Шектеу шаралары жүргізілмейді. Қатынаста болғандар оқшауланбайды. Аурудан айыққандар 6 ай бойына диспансерлік бақылауда болып окулист, терапевт, невропотолог айына 1рет қарап отырады.
Вакциналау тек қауіпті топ арасында ғана жүргізіледі. Жедел химиопрофилактика жүргізу туралы шешімді аймақтық мемл.сан.эпид. қадағалау басқармасы қабылдайды. Су көздері дизинфекцияланады, дератизациялық шаралар жүргізіледі. Қауіпті топ арсында, тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмысы жүргізілелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет