Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет18/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Клиникасы: Жедел сарып диагнозы ауру ағымының ұзақтығы 3 айға дейін созылғанда қойылады. Клиникалық көріністері уытты сепсистік процестермен байқалады. Ауру басталғанда науқаста жоғары толқын тәрізді, интермиттірлік және дұрыс емес типтегі қызба болады. Дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтерілгеніне қарамай сарыпқа шалдыққан науқастың жалпы жағдайы нашарламайды. Қызбамен қатар науқас адам қатты терлейді, буын ауырып, сүйектері сырқырайды, ұйқысы бұзылып, басы ауырады. Аймақтық лимфа бездерінің, бауыр мен көк бауырдың ұлғайғаны, гипотония, брадикардия, жүре,к тондарының тұйықталуы анықталады. Геморрагиялық диатез (қайталаулы бөртпе мен мұрыннан қан кету) сирек кездеседі.
Соңғы жылдары жедел сарыппен ауырған науқастарға тірек-қимыл аппараты жағынан (коксит, гонит, остеохондрит, менингоарахноэнцефалит), орталық жүке жүйесі жағынан (менингоэнцефалит, менингоарахноэнцефалит), несеп –жыныс жүйесі жағынан (орхоэпидидимит, эндометрти), жүрек қан- тамыр жүйесі жағынан (ошақты миокардит, септикалық эндокардит, веналар тромбозы) жиі ошақты зақымданулардан байқалады. Мұндай әртүрлі ошақты зақымданулар эндемиялық ошақта ұзақ өмір сүргендер мен сарыпқа қарсы егу қабылдаған науқастарда ауруының алғашқы күндерінде-ақ болады.
Ауру ауадағы шаң арқылы жұққанда респираторлы синдромның белгілерімен басталуы мүмкін. Сондай-ақ бронхтардың қабынуы, түбірлік өкпе қабынуы, жедел тонзиллит, перитонзиллярлы абцесс, экссудативті плеврит сияқты өзгерістер де кездеседі. Өте сирек кездесетін жағдай – бұл құрт тәрізді өсіндіде қабыну процесінің болуы (жедел аппендицит)
Шеткі қан анализінде лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығының қалыпты немесе бірыңғай жылдамдауы байқалады.Улану белгілеріне байланысты науқастардың зәрінде альбуминурия, микрогематурия сияқты өзгерістер байқалады.
Жеделдеу сарып .Аурудың бұл түрі сирек қызбамен, бірыңғай улану белгілерімен, әр түрлі ошақты зақымданулардың пайда болуымен ерекшеленеді және орта, ұсақ калибрлы буындар мен сүйек қабығының (периартрит, периостит) зақымдануы қосылады. Жедел сарыппен салыстырғанда сүйек- буын, жүйке, ретикулоэндотелиальды жүйелер жағынан патологиялық процесстердің тереңдеуі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет