Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет27/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Аурудың маңызы ауыр клиникалық түрлерінің болуына, өлімнің жоғарылығына, инфекция көзінің ең басты негізін жасырын түрін – дені сау тасмалдаушылар құрайтындығына байланысты.
Этиологиясы. Қоздырғышы – менингококк (Neisseria meningitides) менингитпен ауырған адамдардың жұлын сұйықтығынан бөлінген. Менингококк Neisseria тұқымдастығына, Neisseriacea туыстығына жатады. Диаметрі 0,6-1 мкм болатын, кофе дәніне ұқсас грам теріс боялатын диплококк. Спора түзбейді, аэроб немесе факультатифті анаэроб. Морфотинкториалды қасиеттері тұрақты емес, сарысу қосылған қоректік ортада 36-37ºС температурада өседі.
Менингококк экзотоксин түзбейді, бірақ клетка ыдырағанда өте күшті эндотоксин бөлінеді. Антигендік құрылысы өте күрделі. Беткей полисохаридті антигендері бойынша А, В, С, Д, Е, (29Е), J, K, X, Y, W(W135)
және Z топтарына ажыратылады.
Ең қауіптілері – А, В, С. Басқа топқа жататындары да ауыр менингококкты аурудың себебі болуы мүмкін, мысалы – W135.Д- түрі іс жүзінде ешқандай клиникалық маңызға ие емес. Жоғары эпидемиологиялық маңызға ие болғаны –А, одан кейін Смен В. Бұл топтар өз кезегінде микроб клеткасы мембранасының белоктық құрылысы бойынша серотиптерге бөлінеді. Мысалы, В мен С 20-дан артық серотиптерге бөлінеді. Олардың 2, 4, 15, 16 серотиптерінің айналыстан табылуы жағымсыз( қауіпті) эпидемиологиялық жағдай деп саналады.
Менингококктар қоршаған орта факторларына төзімсіз. Температураның оптималды жағдайын ауытқуы, құрғатылу тез өлтіреді. Сондықтан зерттеу материалы тасмалданғанда бұл жағдайлар ескерілуі қажет. Қолданыстағы дезинфектанттардың бәріне сезімтал. Антибактериалды препараттарға сезімталдығы жоғары. Соңғы жылдары сульфаниламидтерге төзімділік қалыптысқаны айқын аңғарылады, сондықтан бұл топтағы препататтар қолданылмайды. Бактероциттік әсер ететін препараттар (пенициллин, жартылай синтетикалық пеницилиндер) аса көп мөлшерде микроб клеткасының бұзылуымен, демек күрт, аса жоғары мөлшерде организмге эндотоксин бөлініп, инфекциялық процесс одан әрі ушығуына байланысты ем аурудың жайылған түрлерінде бактериологиялық препараттардан басталуы керек .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет