Байланысты: Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары Кеңес Одағы ыдыраған тұста ұлтаралық жанжалдардың алаңы болады деп болжанған Қазақстан – бүгінде ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені.
Осындай болжамдардың болуы да орынсыз емес, себебі сол уақытта бірқатаркөп ұлтты елдерде –Әзірбайжандаармяндар мен әзірбайжандар, Өзбекстанда түріктер мен өзбектер, Абхазияда грузиндер мен абхаздықтар, Қырғыстанда қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық шиеліністер орын алған болатын.
Әр түрлі этностар араласқан тұста олардың бір-бірімен шендесуі, бәсекелестігі, араздығы бірге жүреді. Олардың қарама-қарсы мүдделерін үйлестіру, бір жерге тоғыстыру үлкен саяси шеберлікті талап етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2-тармағына сәйкес Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм.
Елімізадамзат үшін ең қымбат қазына– ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді қастерлеп сақтай отырып, қадам басты.
Осы тұста аталған жұмысты іске асыру мақсатында 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыменҚазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.
Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.
Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.
Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты.
Қазіргі уақытта Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндеттерінің негізінде Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту тұжырымдамасы әзірленді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтарды біріктіруші басты фактор болып саналатын қазақ тілін одан әрі дамытуға барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Сонымен бірге, елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің өз ана тілінде еркін сөйлеуіне, оқуына және тілдерін дамытуына қолайлы жағдай жасау қажет.
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы Жолдауында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы ұсынылған болатын.
Бүгінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы – қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамдық келісімді қалыптастыратын құндылықтар жүйесіне айналды.
Ел ішіндегі татулық пен ұлттар арасындағы достықты насихаттау, оны елге түсіндіру соның негізінде қоғамдық пікірді байсалды қалыптастыруҚазақстан дамуының негізгі кепілі бола алады.
Барлық қазақстандықтарел ішіндегі тұрақтылық пен ұлттар арасындағы татулықты үзбей насихаттау керек, Қазақстан мемлекеттілігінің нығайуы осыған байланысты.
Жалпы, ұлтаралық келісім – адамныңөнегелі тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінің барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлттық және этникалық топтардың мүддесімен ортақтастық деңгейінің көрсеткіші.
Біздің республикамыздағы ұлтаралық келісім – еңмаңызды жетістіктердің бірі жәнеұлттықмәселелердің ғылымишешімінің нәтижесі.