Қазақстан Республикасындағы мамандандырылған соттар



бет1/4
Дата24.04.2022
өлшемі6,35 Mb.
#140654
  1   2   3   4
Байланысты:
мамандырылған соттар

  • Қазақстан Республикасындағы мамандандырылған соттар
  • Қазақстан Республикасындағы мамандандырылған соттар
  • 1 Мамандандырылған соттардың жүйесі. Мамандандырылған соттар және олардың ерекшеліктері.
  • 2 Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар және соларға теңестiрілген соттар қарайтын істерді.
  • 3 Әкімшілік істерді қарайтын соттар.
  • 4 Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот. Қазақстанда жасөспірімдер істерін қарайтын соттардың құру мүмкіндігі және қазіргі кездегі жағдайы.
  • 5 Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар.
  • Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi. 
  • Жергілікті соттарға мыналар жатады:
  • 1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары); 
  • 2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).
  • Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
  • Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
  • Мамандандыру уақыт елегінен, тәжірибеден өткен, адам баласының қызметінің кез-келген бағытында жетістікке жетуінің тетігі болып табылады.
  • Мамандандырылған соттар құру – істерді әділ шешуге аудандық соттардың жұмысын жеңілдетуге және азаматтардың сот қызметіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Экономикалық соттарды құру қажеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі екінші мәжілісінің кеңестері мен ұсыныстарын орындау жөніндегі шаралар туралы» № 95 Өкімінде көрсетілген еді.
  • Мамандандырылған ауданаралық эканомикалық сот және оның мәртебесі
  • Мамандандырылған эканомикалық соттар кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін және басқа да ұйымдардың , кісіпорындардың заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін құрылатын мамандандырылған соттың бір буыны болып табылады.
  • Эканомикалық соттар жұмыс істеген жылдарында өзінің жарамдылығын дәлелдеді. Судьялардың мамандандырудың арқасында істі қараудың сапасы едәуір жоғарылады.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 9 ақпандағы № 803 «Мамандандырылған ауданаралық экономикалық және әкімшілік соттарды құру туралы» Жарлығы
  • Астана қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында қолданыстағы заңдарға сәйкес экономикалық дауларды қарауға уәкiлеттi мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құрыды.
  • Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк соттар құрылды.
  • Әкімшілік соттар барлық әкімшілік істерді қарауға арналған төменгі сатыдағы соттардан орта және жоғары сатыдағы соттарға дейінгі жүйені құрайтын мамандандырылған соттардың бір тармағы.
  • Қазақстанда әкімшілік соттардың құрылып, одан әрі жұмыс істеу қажеттілігінің мынадай факторларын атап көрсетуге болады:
  • біріншіден республикада мемлекттік реттеу, оның азаматтық қоғамдық құрылымдарға қатысу үлесі және азаматтардың күнделікті өміріндегі іс-әрекеттеріне араласуы әлі де болса жоғары;
  • екіншіден, басқару ісіндегі әсіресе, атқарушы биліктің заңсыз актілерінің күшін жою құқығын соттарға берудің қажеттігі;
  • үшіншіден, қазақстандық судьялардың жұмыс көлемінің шамадан тыс көптігі;
  • төртіншіден, азаматтардың құқықтарын бұзатын атқарушы билік органдарының, лауазымды адамдардың билеп-төстеуі мен әділетсіз төрешілдігінің көптеп кездесу фактілері;
  • бесіншіден, соңғы жылдардағы азаматтардың өз құқықтарын қорғау жолында соттарға жүгіну көрсеткішінің өсу фактісі.
  • Елбасы 3 шілде 2005 жылы өткен судьялардың ІV республикалық съездінде, елімізде кәмелетке толмағандардың істерін қарайтын мамандандырылған соттар құруды тапсырды.
  • 2007 жылы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті «Кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылыған ауданаралық соттарды құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
  • Елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-құқықтық саясаттың негізінде Президенттің 2008 жылдың 19 тамызындағы Жарлығымен 2009-2011 жылдары Қазақстандағы ювеналды әділет жүйесінің даму Концепциясы қолданысқа енді. Және Қазақстанда ювеналды әділет жүйесін дамытуда, сол арқылы кәмелет жасына толмағандардың істерін сотта қарауда жан-жақты қамқорлық жасау қажеттігі айқын белгіленді.
  • Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылу мақсаты қоғамда жасөспірімдердің әлеуметтік қалыптасуы мен қорғалуына ықпал ету.
  • Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылуы Қазақстанда ювеналды әділет жүйесінің дамуына және сот төрелігін ізгілендірудегі алғышарт болып табылады.
  • Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары соттар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін сақтаумен байланысты мәселелерді кешенді түрде шешуге, халықаралық құқықтың кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы міндеттерін толыққанды орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет