«Атамекен» республикалық бағдарлама
Республикалық «Атамекен»бағдарламасы №22 орта мектебінде 2010 жылдан бастап жұмыс істей бастады.Бағдарлама барлық жасөспірім топтарын қамтиды,ұлттық жағдай бойынша салт -дәстүрге,мәдениетке,қазақ халқының тарихына бағытталған.
«Атамекен»ғылыми-педагогикалық және әдістемелік бағдарлама,қазақ халық педагогикасы тәрбиелік ұстамға бағытталып,сыныптан тыс іс –шаралар қанық және қызықты ұсынылады.
«Әдістемелік хабаршы»Республикалық бағдарламада ,«Атамекен» жұмысын әр түрлі формада өткізуде белгіленіп,әр мектеп ұжымы шығармашылыққа бейімделген.
Бұл зерттеме жұмысы Республикалық бағдарлама бойынша, мектепте Штаб құрамы орнатылған:мектеп директоры,тәрбиелік жұмысы бойынша директор орынбасары,вожатая,қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің ӘК орынбасары,пән –мұғалімдері, «Мұрагер» балалар ұйымы және шығармашылық топ жетекшілері кірген.
Жаңа оқу жылында «Атамекен» жұмыс жоспары бекітіліп, бағдарлама бойынша бағыттар ұсынылды.
1-4 сыныптарға«Балдырғандар ата-бабаның елінде»
5-7 сыныптарға «Гвардияшы оян»
8-11сыныптарға «Мұра»
Республикалық «Атамекен» бағдарламасының бағыты ізденіс жұмысы болып саналады.
Ізденіс жұмысының тақырыптары әр түрлі, барлығы біздің еліміздің тарихын,мәдениетін білу үшін бағытталған.Оқушылардың қызығушылықтарын,елге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Оқу жылының бірінші жарты жылдығында №22 орта мектепте ұсынылған бағытқа байланысты әр түрлі іс -шаралар өткізілуде.Мынадай бағыттар ұсынылған:
«Ата бабаның өсиеттері», «Көкпар», «Заманай», «Зергер», «Домбыра -достан», «Достық»,
«Дұлыға», «Шахар» «Ою -өрнектер», «Сөнбес жұлдыздар», «Ұлттық тағамдар», «Наурыз».
Әр мұғалім және сынып жетекші «Атамекен» бағдарлама жұмысына кірісіп, ұқыпты танысты.
ҚР президенті Н.А Назарбаевтың «Қазақстан –біздің ортақ үй» айтылған идеясы осы бағдарламаға жатқызылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты азаматтардың отаншылдық сезімін қалыптастыру,өз еліне намыстығы,азаматтық борышты және конституциялық міндетке дайындықтарын тәрбиелеу.Сонымен «Отан» деген ұғым туған жерге,туған және жақын адамдарға ғана емес,ол эмоционалды –психологиялық сезім тудырады (махаббаттық сезім,отаншылдық,адалдық,ұлттық намыс және басқалар.)
«Атамекен» бағдарламасы бойынша біздің мектепте әр түрлі іс -шаралар өткізіледі.Олар: ойын -сабақ,конференция- сабағы,викторина -сабағы,әңгіме- сабағы,кездесу- сабағы,саяхат -сабағы,диспут,ойлану -сабағы,ғылыми жобаларды қорғау,фестивальдар т.б.
Бірінші жарты жылдыққа жоспарланған барлық іс –шаралар жақсы өтілуде. «Атамекен» бағдарламасына жеке ,шығармашылыққа тіл табысып белсенді қатысқан мұғалімдер белгіленді.
Достарыңызбен бөлісу: |