Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем тамыған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.
Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгінгі таңда өзекті мәсселеге айналып отырған ұлттық экономиканың болашақ дамуына байланысты болып отырған «Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы » деп алдым. Бұл тақырыпты орындаудағы негізгі мақсатым Қазақсатан экономикасын экономикалық-әлеуметтік және саяси тұрақты әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ететін ұлттық экономиканы жоспарлап, атқарылып жатқан бағдарламалардың өзектілігіне тоқталу болып табылады.
I ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ
Қ.Р-да жүргізілген реформалар және жоспарлар негізіндегі даму барысы
Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан-жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды. Яғни бір сөзбен айтқан кезде даму жоспарларын даярлап, оны іске қосу қажеттігі туындады.
Елiмiздегi экономикалық циклмен дамуы егемендiгiн алған жылдардан бастап құлдырау және соңында 1994-1995 жылдары дағдарыстың жоғары дәрежесi көрiндi. Ал 1996 жылдан бастап елiмiз экономиканың жандануы, инфляцияның төмендеуi, ЖIӨ-нiң өсуi сияқты крсеткiштер оң бағытта өсiп экономикалық жандану және өсу сатысындамыз.
Республикадағы экономикалық дағдарыстар ең алдымен оның терең тамыр жайып, қоғамдық өмiрдiң барлық саласына әсер етiуiмен сипатталады. Мұның өзi өндiрiс құлдырауының қаусап-күйреу кейпiнен, оның тиiмдiлiгiнiң күрт төмендеуiмен көрiнедi.
Жалпы елiмiздегi экономикалық дағдарыс 1991 жылдан басталған жоқ, ол сонау Кеңес басшылығының 1985-1991 жалдардағы экономикалық саясаты экономиканы дағдарысқа сол кезден бастап бұрған едi. Әуелi кәсiпорындар, сонан кейiн аймақтар қалыптасқан шаруашылық байланыстарын үзе бастады, бартерлік қарым-қатынастарға көштi, мемлекеттiк тапсырыс бойынша өнiм өткiзудi тоқтатты, барлық таза пайданы тұтыну қорларына айналдырды. Мемлекеттiң бюджетiнiң тапшылығы мен инфляция өсе бастады, ақша жүйесi құнсызданып, экономиканы тиiмдi басқару құлдырап кеттi. 1990 жылдары елiмiзге келетiн өндiрiтiк инвестициятоқталды. 1990 жылы өндiрiс көлемi абсалюттi түрде құлдырап, елiмiз экономикалық дағдарысқа кiрдi. 1991 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң құлдырауы 8 пайызға жеттi. Экономикада жаппай аласапыран басталды.
Осылайша 70 жыл бойы экономикада ортақ меншiктiк негiзде, экономиканы бiр орталықтан басқарып келген шаруашылық механизмiмiз Кеңес Одағының ыдырауымен оның құрамындағы елдердiң барлығы саналарына тым жат болып келетiн нарықтық экономикаға өттiк. Осы уақыттарда барлық буындағы басшылар нарыққа көшудiң жолдары жайында ұзаққа созылған пайдасы жоқ бос шарушылыққа көштi. Сыңаржақты жасалған бағдарламалар мен жоспарлар пайда болды.
Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өтуде ең алғашқы мiндет – ол экономиканы ырықтандыруға, шаруашылық жүргiзудi демократияландыруға негiзделген, инфляцияны тежеуге бағытталған қатаң қаржы – ақша саясатымен ұштастырылған түбегейлi реформа жүргiзу болатын.
Сондай-ақ бұрыннан берi қызмет етiп келе жатқан экономикалық жүйе, елдердiң экономикалық қарым – қатынасы бұзылуы салдарынан экономиканың құлдырауы одан сайын өрши түстi. Нарықтық жағдай бiрден халыққа ұғынықсыз түнек болып көрiндi, яғни нарықтық экономикаға сенiмсiздiкпен қараушылық пайда болды, ал бұл мәселе ендi ғана халықтың сенiмiне ие болып отырғаны баршамызға белгiлi.
Осылайша елiмiздiң тәуелсiздiк алған оншақты жыл жалпы дағдарыстарға толы болды. Ол дағдарыстарды былай жiктеуге болады:
экономикалық өсудегi дағдарыс;
инфляциялық дағдарыс;
төлем қабiлетi дағдарысы;
инвестициялық дағдарыс;
әлеуметтiк саладағы дағдарыс;
Достарыңызбен бөлісу: |