Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Дата07.10.2022
өлшемі18,4 Kb.
#152132
Байланысты:
СӨЖ 1 Шарипова А.С.




Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: «география және табиғатты пайдалану»


Кафедрасы: «метеорология және гидрология»

СӨЖ

Тақырыбы: Менің эмоциялық әлемім және оны басқару.

Орындаған: Шарипова А.C.


Тексерген: Дуйсенбаева A.O.


Менің эмоциялық әлемім және оны басқару
Тақырыпты толықтай ашып қарастыру үшін ең алдымен жалпы эмоция ұғымымен танысайық. «Эмоция» ұғымының төркіні — «емовера» деген латын сезінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні — тітіркендіру, толқу. Бұл — жан дүние-сінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен оны басқару қоғамда аса маңызды рөл ойнайды. Сондықтан оны басқаруға үлкен көңіл бөлген жөн.
Менің эмоциялық әлеміме келер болсақ мен оны қалыпты немесе көңілді деп сипаттай аламын. Алайда адамның эмоциялық әлемі ешқашан бір немесе екі эмоциямен шектелмейді. Сондақтанда менде өз эмоциялық әлемімді толықтай сипаттауға тырысып көремін. Эмоция жаңа айтқандай сыртқы әсерлерден пайда болады. Ондай әсерлердегі менің эмоциялық әлеміме жеке тоқталсақ:
Біріншіден, менің үлкен әрі негативті эмоциялық әлеміме тоқталсақ: Мен 17 жастағы студентпін. Алматы қаласына оқуға түсіп, ата-анамнан алшақ жерде жалғыз үлкен өмірге қадам бастым. Осы сәтте менің өмірімде қорқыныш және қобалжу сияқты эмоциялар пайда бола бастады. Алайда әрі қарай өмір сүру үшін мен ол эмоцияларды басқарып үйрену керектігін түсіндім. Өз эмоцияларымды басқару мен ойлағаннан әлдеқайда қиын болып шықты. Басында мен эмоцияларымды орысша айтқанда подавляла. Бірақ мен оның дұрыс еместігін түсініп, эмоцияларымды сыртқа шығарып, қасымдағы адамдармен кеңесу, сөйлесу арқылы басқаратын болдым. Қазір мен осы өміріме үйреніп кеткендіктен қорқыныш сияқты эмоциялар мені мазаламайды.
Екіншіден, менің күнделікті эмоциялық әлеміме тоқталсақ: таң атқанда мен көбіне онша емес көңіл күйде оянамын. Сонан соң оқу орнына келіп достарыммен кездескенде қуаныш сияқты жағымды эмоцияларды сезінемін. Жалпы күн ішінде әрбір ситуацияға қарай менің эмоциялық әлемім өзгеріп отырады. Бірақ мен барынша жағымсыз эмоцияларды басқарып, оның шектен шығып кетпеуін қадағалап отырамын.
Менің ойымша эмоцияны басқару тек жағымсыз эмоцияға қатысты емес.Сіздің эмоцияңыз қаншалықты деңгейде жағымды болсада оны басқарған жөн. Әрбір заттың шегі болады дегендей сіздің эмоцияңызда белгілі бір шегі болуы қажет. Тым көп күлу немесе стресс алу денсаулыққа өз әсерін береді. Сондықтан мен өзіме көрінбейтін ойымда шек құрдым. Белгілі бір нормадан асатындай күйзеліс немесе стресс кезінде өз өзіме оны қолға алатын кез келді дегендей ой саламын. Және сол уақытта басқа заттарға ойымды бөлетіндей іс әрекет жасаймын.
Менің эмоциялық әлемімді қорытындыласақ, белгілі бір шектен (мен құрған) шықпайтын, тұрақты немесе көтеріңкі жағымды эмоцилардан тұратын әлем деп айта аламын.

Менің өмірлік жоспарым

Жоспар – болашақта жету керек мақсаттардың айқын тізімі. Мен – жоғарғы оқу орнының бірінші курс студентімін. Менің дәл қазіргі жақын болашағыма, яғни ертеңіме деген жоспарым ол оқуымды жақсы оқып, қызыл дипломмен бітіру. Ал сонан соң өзім оқыған мамандығым бойынша әрі қарай жұмысқа тұрып, табыс табу. Мен қазір метеорология мамандығында оқимын. Алайда осыдан бір жыл бұрынғы өмірлік жоспарымда бұл мамандық мүлдем болған емес. Мен өзімді экономика саласында ғана елестетіп жүрген болатынмын. Бірақ ұбт тапсырып, жинаған балл бойынша осы жер туралы ғылымға түсіп кеттім. Енді барлық болашақ мақсаттарымды осы саламен байланыстыру барысындамын .


Жалпы өмір өте қызық зат. Бәрі өзіңнің қалауыңмен бола бермейді. Кейбір кезде өз өмірің мен тағдырыңа қарсы тұруға тырысасың. Ал кейде орысша айтсақ “плывем по течению”. Өзіңнің қандай жоспарың болса да оны өмірің өзгертіп жіберуіне дайын болған жөн.
Өзім экономикадан мүлдем алшақ метеорология мамандығына түссем де бизнестен еш үмітімді үзбеймін. Оқу оқып жүріп те өзімнің бизнесімді ашсам ба деген ой да бар. Оны ашу үшін әрине алдымен оны зерттеп білуім қажет.
Сонымен қысқа әрі нұсқа түрдегі менің өмірлік жоспарым:

  • Бірінші семестрді сәтті аяқтау

  • Қосымша жұмыс іздестіру

  • Әртүрлі студенттік ұйымдарда өзімді көрсету

  • Студенттік өмірден барынша ләзят алу

  • Оқу орнын бітіру

  • Жұмысқа орналасып, практика жинау

  • Өзімнің жеке кәсібімді ашып, өз мамандығым бойынша жұмыс екеуін қатар алып жүру

  • “Духовное развитие”

  • Өзімді тұлға ретінде қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет