Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды) (2022.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) ҚР Конституциясының конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдау тәртібін, сондай-ақ Конституциялық Соттың қызметін айқындайтын ережелері 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі Конституцияның күшіне енген күні - 1995 ж. 5 қыркүйекте
I бөлім. Жалпы ережелер II бөлім. Адам және азамат III бөлім. Президент IV бөлім. Парламент V бөлім. Үкімет VI бөлім. Конституциялық Сот VII бөлім. Соттар және сот төрелiгi. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттілік құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз. I БӨЛIМ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап 1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 21.12.01 ж. № 18/2 қаулысымен берілген түсініктемені, ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 3 қаулысын қараңыз 2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. 2-бап 1. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
2. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.
ҚР Конституциялық кеңесінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі № 4 қаулысын қараңыз 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019 ж. 23.03. № 238-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның астанасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы болып табылады. 2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2019 ж. 23.03. № 238-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3-1. Нұр-Сұлтан қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін. 4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәнi барабар. 3-бап 1. Мемлекеттік билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық.
2. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға бередi.
3. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi.
4. Республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады. 4-бап 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Сотының және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады.
«Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 Нормативтік Қаулысымен берілген түсініктемені, ҚР Конституциялық Кеңестің 1996 жылғы 28 қазандағы № 6/2 Қаулысын және ҚР Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3 қаулысын қараңыз 2. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 6 Нормативтік қаулысын, ҚР Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 Қаулысын, ҚР Конституциялық кеңесінің 2000 жылғы 11 қазандағы № 18/2 Қаулысын қараңыз 2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады. ҚР Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 6 Нормативтік қаулысымен берілген түсініктемені, ҚР Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 Қаулысын қараңыз 4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шартты болып табылады.