Қазақстан Республикасының тік шекарасы
Іргең тыныш болса-
еліңнің іргетасы берік болмақ
Мемлекеттік шекара - мемлекеттік аумақты белгілейтін шектер.
*Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады.
*Жер бетінің құрамына қарай (тау жоталарымен, өзен арналарымен, т.б.) жүргізілген шекара сызығы орография деп аталады.
*Жер бетіндегі екі белгі арасында тікелей тартылған шекара сызығы геометрия деп аталады.
*Әдетте шекараны делимитациялау туралы шарттар шекара жөніндегі арнаулы келісімдерде, бітім шарттарында, мемлекеттік аумақтың белгілі бір бөлшегін екінші бір мемлекетке беру туралы, т.б. келісімдерде белгіленіп, шекара сызығын сол белгіленген жерлер бойынша нақтылы жүргізу демаркациялау деп аталады.
Шекара ұғымы
Қазақстан шекарасы мен әкімшілік-аумақтық бөлінісі Қазақстан шекарасының құрлықтағы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Ресеймен – 7591 км Қытай Халық Республикасымен – 1782 км Түрікменстанмен – 426 км Өзбекстанмен – 2354 км Қырғызстанмен – 1241 км шектеседі Жер көлемі 2724,9 мың км2 Бүкіл құрлықтың 2 пайызын,Азияның 6,1 пайызын, ТМД-ның 12 пайызын құрайды. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай Қазақстан 14 облысқа, 175 ауданға бөлінеді. Мұнда 87 қала, 35 кент, 6982 ауылдық елі мекен және 2 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы бар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қатысты қоғамдық қатынастарды реттейді, оны қорғаудың құқықтық негіздерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мақсатын, міндеттері мен құзыретін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысатын өзге де органдардың өкілеттігін белгілейді және бекітеді. (Қазақстан Республикасы Қазақстан Конституциясынің 330, 331-бабы).
ҚР-ң мемлекеттік шекараға байланысты қабылдаған халықаралық шарттар: - "Достастыққа мүше мемлекеттердің, олардың сыртқы шекарасында тұрақтылық жағдайды қамтамасыз етуіне байланысты ынтымақтастық туралы келісім". Бішкек, 1992 ж. 9 қазан
- "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше- мемлекеттердің егемендік, территорияның мызғымастығы мен қол сұқпаушылығын сақтау жөнінде Декларация", Мәскеу, 1994 ж. 15 сәір.
- "Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекаралары жөніндегі ҚР мен ҚХР арасындағы келісім". Алматы, 1994 ж. 21 қазан.
- "ҚР мен РФ арасындағы сыртқы шеараны қорғаудағы ынтымақтастық туралы шарт", Мәскеу, 1994 ж. 21 қазан.
- "ҚР мен РФ арасындағы сыртқы шеараны БІРЛЕСІП ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ". 1995 ж. 30 шілде
- "ҚР мен Өзбекстан Республикасы арасындағы " Қазақстан- Өзбекстан " шекарасы ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ". 2001 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |