Қазақстан тарихы 1 НҰСҚА



бет1/10
Дата21.04.2020
өлшемі190 Kb.
#63776
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
11-ге ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

1 НҰСҚА

1. Тас дәуірінің ескерткіші - Усть-Нарым Қазақстанның қай өңірінен табылды?

A) Батыс Қазақстаннан.

B) Шығыс Қазақстаннан.

C) Солтүстік Қазақстаннан.

D) Оңтүстік Қазақстаннан.

E) Орталық Қазақстаннан.

2. Адамдар мыс пен қалайыны қорытып, қола өндіру ісін меңгерген кезең:

A) Б.з.д. 3 мың жылдық.

B) Б.з. 1 мың жылдықтың басы.

C) Б.з.д. 2 мың жылдық.

D) Б.з.д. 1 мың жылдық.

E) Б.з. мың жылдықтың ортасы.

3. Жерленген андроновтық адамдардың басы қаратылған көкжиектің тұсы:

A) Солтүстік-Батыс.

B) Оңтүстік.

C) Шығыс.

D) Батыс.

E) Солтүстік.

4. Сарматтар қандай тілді ел болған?

A) Орыс.

B) Қытай.

C) Ирак.

D) Иран.


E) Үнді.

5. Археологтар сарматтардың жерлеу орындарында грек құдайы ...

A) Дионистің бейнелерін жиі кездестірді.

B) Посейдонның бейнелерін жиі кездестірді.

C) Гефестің бейнелерін жиі кездестірді.

D) Зевстің бейнелерін жиі кездестірді.

E) Аидтың бейнелерін жиі кездестірді.

6. Қарахандықтар мемлекетінде салық жинау құқығын иемденуші.

A) Ихтадар.

B) Елтебер.

C) Басқақтар.

D) Бұйрұқтар.

E) Ақсақалдар.

7. Алтын Орданың бірінші астанасы:

A) Сарай – Бату.

B) Самарқанд.

C) Сарайшық.

D) Сарай – Берке.

E) Сарайхан.

8. XIV ғасырдағы Ақ Орданың астанасы:

A) Сауран.

B) Сығанақ.

C) Яссы.

D) Созақ.

E) Отырар

9. Кіші жүзге кіретін тайпалар:

A) Керейлер, жалайырлар.

B) Наймандар, арғындар.

C) Үйсіндер, албандар.

D) Адай, қаракесек, жағалбайлы.

E) Қыпшақтар, дулаттар.

10. XVI ғасырдағы тарихшы Мухаммед Хайдар Дулатидің шығармасы:

A) “Құсырау-Шырын”.

B) “Қыз Жібек”.

C) “Тарих-и-Рашиди”.

D) “Кодекс Куманикус”.

E) “Алпамыс”.

11. 1726 жылы «Қалмақ қырылған» шайқасы болған өзеннің жағасы:

A) Жетісу.

B) Ырғыз.

C) Жайық.

D) Сырдария.

E) Бұланты.

12. Tанымал болған «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерінің авторы.

A) Ықылас.

B) Дина Нұрпейісова.

C) Құрманғазы Сағырбайұлы.

D) Даулеткерей Шығайұлы.

E) Бекболат Тілеухан.

13. 1867-68 жылғы реформаның отаршыл сипатына қарсы көтеріліс болған жер:

A) Орал, Торғай.

B) Оңтүстік Қазақстан.

C) Жетісу.

D) Семей.

E) Ақмола.

14. Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғ. соңында Жетісуда қандай жәрмеңке ерекшеленді?

A) Жаркент.

B) Қарқара.

C) Қызылорда.

D) Әулие ата.

E) Верный.

15. Ш.Уәлиханов білім алған оқу орны.

A) Орынбор әскери училищесі.

B) Азиялық училище.

C) Өскемен училищесі.

D) Семей училищесі.

E) Сібір кадет корпусы.

16. Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алып кету себебі.

A) Анасы Ұлжан ауырып жатты.

B) Үйлендіруге.

C) Ел билеу ісіне тарту үшін.

D) Шоқынып кетеді деп қорықты.

E) Елдегі балаларды оқыту үшін.

17. Құрманғазының би күйі.

A) «Сарыарқа».

B) «Кішкентай».

C) «Адай».

D) «Ақбай».

E) «Қызыл қайың».

18. 1915ж. Риддерде болған көтерілісті ұйымдастырушылар

A) Кеніш басшылары қолдан ұйымдастырды.

B) Үй шаруасындағы әйелдер.

C) Орыс жұмысшылары.

D) Қазақ жұмысшылары.

E) Соғыс тұтқындары.

19. 1905 жылғы 17 қазандағы патшаның ’’Манифесіне’’ қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенцияның көзқарасы:

A) Пікірлері әр түрлі болды.

B) Манифесті сынға алып, әшекерледі.

C) Нарызылықпен қарсы алды.

D) Патшаның ’’қайырына’’ қарсы көтерілді.

E) Қолдады.

20. Амангелді Имановтың әскери кеңесшісі және көтерілісшілерді қарумен қамтамасыз еткен адам:

A) Бекболат Әшекеев.

B) Тоқаш Бокин.

C) Ахмет Байтұрсынов.

D) Әліби Жангелдин.

E) Сәкен Сейфуллин.

21. Тарбағатай мен Алтайдағы партизан отрядтары.

A) “Қызыл қырандар”.

B) “Қыран дружинасы”.

C) “Дала қырандары”.

D) “Алтайдың қызыл тау қырандары”.

E) “Алтай қырандары”.

22. 1921 ж. жер-су реформасы барысында Жетісудың тұрғылықты халқына қанша жер қайтарылды?

A) 460 мың десятина жер

B) 320 мың десятина жер

C) 208 мың десятина жер

D) 177 мың десятина жер

E) 280 мың десятина жер

23. 1930-1932 ж.ж. Қазақстанда аштықтан шығынға ұшыраған халық саны:

A) 2,3 млн.

B) 2,5 млн.

C) 1,5 млн.

D) 1,8 млн.

E) 2,1 млн.

24. 1924 ж. сәуірінде Қазақстанда ұйымдастырылған қоғам:

A) “Сауатсыздық жойылсын” қоғамы.

B) “Дінсіздер” қоғамы.

C) “Суретшілер” қоғамы.

D) “Кітапқұмарлар” қоғамы.

E) “Сәулетшілер” қоғамы.

25. КСРО үкіметі Қазақ Ғылым академиясын құру туралы шешім қабылдаған жыл:

A) 1943ж.

B) 1944ж.

C) 1945ж.

D) 1946ж.

E) 1942ж.

26. «БК (б)П ОК-нің Қазақ КСР-інде жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулысы қабылданған жыл:

A) 1946 ж.

B) 1947 ж.

C) 1949 ж.

D) 1948 ж.

E) 1945ж.

27. ХХ ғ-ң 60 жылдары Қазақстанның картасында ірі қалалардың пайда болуына ықпал еткен:

A) Демократиялық саясат.

B) Пайдалы қазбалардың ірі орындарын игеру.

C) Тың игеру.

D) Миграциялық саясат.

E) Компартия саясаты.

28. 1990 ж. қарашаның басында Қазақстанда болған саяси қоғамдық ұйымдар саны:

A) 50-ге жуық.

B) 150-ден астам.

C) 70-тен астам.

D) 100-ден астам.

E) 200-ден астам.

29. Қазақстан Республикасының БҰҰ-на мүшелікке өткен уақыты:

A) 1992 жылы 30 тамыз.

B) 1992 жылы 20 сәуір.

C) 1992 жылы 2 наурыз.

D) 1992 жылы 1 желтоқсан.

E) 1992 жылы 16 желтоқсан.

30. Уақыты жағынан алғашқысы:

A) Мемлекеттік рәміздердің қабылдануы.

B) Бірінші конституцияны қабылдау.

C) Ұлттық валютаны енгізу.

D) Қазақстан халықтарының форумы.

E) БҰҰ-ға кіру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет