Қазақстан тарихынан 9 сыныптың 3 тоқсандағы бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары. (11 балл)
1 тапсырма. КСРО-ның әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын 3 аспектіге ажыратыңдар.
1. Ұлт зиялылары жаппай жазаға тартылды;
2.Дәстүрлі шаруашылық күйреді;
3.Адам бостандықтары мен конституциялық құқықтары жойылды;
4.Қазақ тілінің ахуалы нашарлады;
5.Ұлттық дәстүрлер жоғала бастады;
6.Жойқын ашаршылықтар орын алды;
7.Қазақстанға түрлі ұлттар депортацияланды;
8.Қазақстан өнеркәсібі шикізаттық бағытта қалыптасты;
Саяси салада
|
Экономикалық салада
|
Мәдени салада
|
|
|
|
2 тапсырма. Индустрияландыру саясатының жетістіктері мен кемшіліктерін анықтаңыздар.
Индустрияландыру саясатының жетістіктері
|
Индустрияландыру саясатының кемшіліктері
|
|
|
3 тапсырма. Оқиғаларды болған уақытымен сәйкестендіріңдер.
№
|
Уақыты
|
Оқиға
|
1.
|
1918 ж. 16 қазан
|
А. «Бірыңғай еңбек мектебі туралы» Ереже қабылданды.
|
2.
|
1919 ж. 26 желтоқсан
|
В. ҚазАКСР «Жалпыға бірдей оқыту туралы» декреті
|
3.
|
1930 ж. 27 тамыз
|
С. «Сауатсыздық жойылсын» қоғамның қазақстандық бөлімшесі жұмысын бастады.
|
4.
|
1918 ж. 31 қазан
|
Д. «Ұлттық азшылықтар мектептері туралы» қаулы қабылданды.
|
5.
|
1924 ж. сәуір
|
Е. ҚазАКСР ОАК мен ХҚК-нің жалпыға бірдей міндетті оқуды енгізу туралы Қаулысы қабылданды.
|
6.
|
1930 ж. 27 тамыз
|
З. «РКФСР халқы арасында сауатсыздықты жою туралы» Декрет қабылданды.
|
Жауаптары:
Достарыңызбен бөлісу: |