Қазақстанда жасақталған әскери қҰрамалар



Pdf көрінісі
Дата26.03.2020
өлшемі138.68 Kb.

ҚАЗАҚСТАНДА  ЖАСАҚТАЛҒАН  ӘСКЕРИ  ҚҰРАМАЛАР

Турманова А.С.

Ақтөбе ц.,  Қазацстан

1941  жылы  22  маусымда  фашистік  Германияның  әскерлері 

Кеңестер  Одағына  соғыс 

жарияламастан  тұтқиылдан  басып  кірді.  Осылайша,  4  жылға  немесе  1418  күнге  созылған  -  

¥лы   Отан  соғысы  басталды.  Бүл  соғыс  Кеңес  Одағы  үшін  бүрын-соңды  бастан  кешкен  барлық 

соғыстардың  ішіндегі  ең  ауыры  болды.  Соғыс  елді  біртұтас  жауынгерлік  лагерьге 

айналдыруды,  бүкіл  экономика  мен  кеңес  халқының  күш-жігерін  майдан  мүддесіне,  жауды 

жеңу  мақсатына  жүмылдыруды  талап  етті.  Қазақстан  еңбекшілері  бүл  міндетті  толығымен 

қолдады.

Соғыстың  басталған  алғашқы  күндері-ақ  өткен  жиындарда  халық  соғысқа  бару  ниеттерін 

білдіре  бастады.  Қызыл  Армияның  қатарына  өз  еріктерімен  баратындыкгары  туралы  калалық 

жэне  аудандық  эскери  комиссариаттарға  мындаған  арыздар  түсе  бастады.  Жас  жігіттер  мен 

қыздар,  аға буын өкілдері  колдарына кару алып,  майданға аттана бастады.

Еліміздің  Қарулы  Күштерін  жедел  толықтыру,  жаңа  қүрамалар  жасактау  сол  кездегі  басты 

міндеттердің  бірі  болды.  Әскери  міндеттілердің  шақыру  пунктеріне  келуі  жоғары  патриоттық 

өрлеу жағдайында өтіп жатты.

Қазақстанда  Қызыл  Армияның  ірі  қүрамалары  Алматы,  Жамбыл,  Ақмола,  Петропавл, 

Семей  жэне  басқа  қалаларда  жасақталды.  Олардың  арасында  238,  316-дивизиялармен  қатар, 

310,  312,  314,  387,  391-атқыштар  дивизиялары  болды.  1941  жылдың  аяғына  дейін  тағы  бір 

дивизия  жэне  үш  бригада  -   74,  75-теңіздік  атқыштар  жэне  39-курсанттық  аткыштар 

бригадалары  кұрылды.

КСРО-ға  карсы  соғыс  жоспарын  жасағанда  фашистік  Греманияның  статегтері  Кеңес 

Одағының  астанасын  басып  алуға  басты  мэн  берді.  «Бүл  қаланы  басып  алу,  -  деп  атап 

көрсетілді  «Барбаросса» жоспарында,  -  саяси  жағынан  да  шешуші табыс  деген  сөз»  [1,  211-213 

бб.]

Мэскеуді  неғұрлым  тез  арада  басып  алуды  Гитлер  соғыстың  тағы  да  жеңістің  кілті  деп 



білді.  Міне,  сондықтан  да  Мәскеуге  карай  вермахтың  ең  негізгі  күштері  бағытталып,  ең 

маңызды,  шешуші  шайқастар басталды.

Мәскеу 

түбіндегі  шайқаста  Қазакстанда  жасақталған  эскери  құрамалар  ерекше  ерлік 



көрсетті.  Олардың  бірі  -  316  атқыштар  дивизиясы  болатын.  Дивизияның  күрамында  Алматы, 

Жамбыл  жэне  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарының,  ішінара  Қырғызстанның  еңбекшілері  де 

болды. 

Дивизияның  командирі  болып, 



аты  аңызға  айналған  25-Чапаев  дивизиясының

87

катарында  шайкасқан  генерал-майор  И.В.Панфилов  тағайындалды.  Дивизия  оөлімдері  қысқа 

мерзім  ішінде әскери даярлықтан өтіп,  1941  жылдың  18 тамызында майданға аттанды.

316-атқыштар  дивизиясы  алғашкыда  солтүстік-батыс  багытка  жөнелтіліп,  кейіннен 

қалыптасқан  жағдайға  байланысты  Мэскеуді  корғауға жіберілді.  Волоколамск түбіндегі  ұрыста 

дивизия  ерекше  көзге  түсті.  Алты  күн  бойы  жаудың  үздіксіз  шабуылдарына  тойтарыс  бере 

отырып,  80-ге  дуық  танкісін  қиратты  жэне  мыңдаған  солдаттар  мен  офицерлерінің  көзін 

жойды.

Дивизия  өзінен төрт есе басым жаумен кескелескен үрыстар жүрзіп, жаудың екінші танк, 29 



-  механикаландырылған,  11  жэне  110-шы жаяу әскер дивизияларын тас-талқан етті  [2, 49 б.]

316-атқыштар  дивизиясы  1941  жылы  17  қарашада  майдан  даласындағы  әскери  міндетін 

абыройлы  атқарғаны  үшін  КСРО  Жоғары  Кеңес  Президиумының  шешімімен  Қызыл  Жұлдық 

орденімен  марапатталып,  сол  күні  Қорғаныс  Халық  Комиссариатының  бұйрығымен  8-ші 

гвардиялык дивизия  болып  қайта қүрылды.

Дивизия соғыс жылдарында жаудың 43  ұшағын,  387 танкісін, 451  қаруын,  828  пулеметі  мен 

баска  да  көптеген  қаруы  мен  соғыс  техникасын  колға  түсірді.  1941-  1945  жылдары  неміс- 

фашист  басқыншыларына  қарсы  шайқастардағы  ерлігі  үшін  күраманың  14  мыңнан  астам 

солдаттары,  сержанттары  мен  офицерлері  көптеген 

ордендермен  жэне  медальдармен 

марапатталған  [3,  96 б.]

1941  жылғы  шілде-  тамыз  айларында  Ақтөбе  облысында  312-аткыштар  дивизиясы 

құрылды.  Дивизияның  күрылуы  жөніндегі  комиссияны  облыстық  партия  комитетінің  бірінші 

секретары  Я.П.Иночкин,  облыстық  атқару  комитетінің  председателі  М.С.Арменков,  облыстық 

әскери  комиссар  С.Д.Алексеев  басқарды.  Дивизияны  қүру  үшін  оның  командирі  полковник 

А.Ф.Наумов  жэне  комиссар  Я.Э.Сировский  күндіз-түні  еңбек  етті.  Дивизияның  күрамында 

партия  жэне  комсомол  органдарының  жауапты  қызметкерлері  жіберілді.  Әскери  кұрамның 

үштен  бірін  казақтар  кұрады.  Сонымен  қатар  дивизияда  орыстар,  украиндар,  белорустар, 

өзбектер,  түркімендер,  татарлар  жэне  басқа  да  үлт  өкілдері  болды.  Дивизияны  Ақтөбе 

облысының  колхоздары  мен  совхоздары  машинамен,  азық-түлікпен,  т.б.  керек-жаракпен 

қамтамасыз етіп отырды

312-дивизия  Панфилов дивизиясы  сияқты,  Москва түбіне,  Малоярославец  қорғаныс  шебіне 

жіберілді.  Бүл  жерде  қазақстандық  құрама  Малоярославец  қорғаныс  учаскесінің  шағын 

гарнизонымен  бірлесе  отырып,  жаудың  57-моторлы  корпусының  шабуылына  тойтарыс  берді. 

Дивизия  командирі  А.Ф.Наумов  осы  Малоярславец  соғыс  учаскесінің  бастығы  болып 

тағайындалды.  Дивизия  алғаш  рет  1941  жылдың  12  қазанында  ұрыс  жүргізді.  Москваға  қарай 

ентелеген  күші  басым  жауға  қарсы  ұрыстарда асқан  ерлік  көрсеткен  дивизияның  53  жауынгері 

ордендермен жэне  медальдармен  наградталды.

312-ші  дивизияның  жауынгерлік жолы  эрі  қысқа,  эрі  даңқты  болды.  Дивизия  күші  азайған 

соң  1941  жылдың желтоқсанында  53-атқыштар дивизиясының  12- аткыштар  полкі  болып  қайта 

кұрылды  [1, 229 б.].

1941  жылдың  күзінде  Ақмола  қаласында  387-атқыштар 



дивизиясы 

қүрылды. 



Дивизия 

күрамына 

Ақмола  облысының  және  Қарағанды,  Қостанай  облыстарының  түрғындары  енді- 

Дивизияның  командирі  полковник  М.С.Сущенко  болды.  Бүл  дивизияда  Мәскеуді  қорғауға 

қатысты,  кейін  Сталинград  майданын  жіберілді.  Жауынгерлік  жорығын  Праганы  азат  ету 

жолындағы үрыста аяқтады  [1, 232 б.].

1941  жылы желтоқсанда Қызылордада әскери  теңізшілер  мен  Қазақстан  еңбекшілерінен  74- 

дербес  теңіздік  атқыштар  бригадасы  жасақталды.  Бұл  бригаданың  кұрамында  Батыс 

Қазакстан 

облыстарының  түрғындары  да  енгенді.  Командирі  генерал-майор  С.В.Лишенков,  эскери 

комиссары  С.Г.Биберин  болды.  Бригада  1942  жылы  29  қаңтарда  Старая  Руссаның  шығысындэ 

алгаш  рет  ұрысқа  кірді.  Шечково,  Чапово,  Тулитово  елді  мекендерін  азат  етті.  Жаудың  ірі 

күшін тежей  отырып, біздің әскерилердің  немістің  16-армиясын қоршауға алуына қатысты.

Қысқы  және  көктемгі  шайқастарда  74-бригада  Пала  станциясының  түбінде  жэне 



Рамушев 

маңында  жаудың 



мың  офицері  мен  солдатының  көзін  жойды.  1942  жылы  шілде 



айындз 

кұрама  резервке  шығарылып,  292-атқыштар  дивизиясы  болып  қайта  күрылды.  1942  жылы 

кыркүйектен  бастап  Сталинград түбінде  Ганьшино,  Берячи,  тағы  басқа  елді  мекендер  үшін  асз 

ауыр  қорғаныс  жэне  қарсы  шабуыл  үрыстарын  жүргізген  дивизия  Паулюс  армиясын  қоршауғз 

жэне  оны жоюга басынан аяғына дейін  қатысты.

Сталинград  шайкасы  аяқталған  соң  дивизия  таратылып,  әскери  күші  майданның  баскя 

құрамаларына қосылды  [1, 234-235  бб. ].

88


1941  жылы  тағы  да  бір  құрама  74-теңіздік  атқыштар  бригадасы  құрылып,  оның  командирі 

полковник  С.В.Лишенко  болды.  Бұл  бригада  Ленинград  жерінде  қаьармандықпен  шайкасып. 

Куряндияға дейін  барған.

Қазақстан  жерінде  құрылған  атқыштар  бригадаларының  бірі  Оралда  кұрылгап  152- 

атқыштар  бригадасы.  Бригаданың  командирі  полковник  Рогаткин,  ал  комиссары  С.Мартынов 

болды.  Бригада  1941  жылдың  соңы  мен  1942  жылыдың  басынды  кұрылып,  Сталинград 

майданындағы  28-армия  қатарында  соғысты.  Дивизия  Мелитополь,  Днепрден  Молочная  өзені 

бойымен  Азов  теңізіне  дейін  өтетін  шептердегі  ұрыстарда  ерекше  көзге  түскен.  Он  бес  күннің 

ішінде дивизия  фашистермен шабуылын тойтарып,  Молочная  өзеніндегі  каьармандык  шайқасы 

үшін  «Мелитополь дивизиясы»  құрметгі  атағын  алды.  Ерлік  көрсеткен  қатардағы  жауынгерлер 

А.Найманбаев, сержант Ж.Сэдуақасов, тағы басқалар болды.

Дивизияның  1200  жауынгері  ерлігі  мен  батырлығы  үшін  ордендермен  жэне  медальдармен 

наградталды.  Жеңіс  күнін дивизия  Чехославакия астанасының солтүстігіндегі  Будине  Костелец 

ауданында қарсы алды  [1, 283  б.].

1941  жылдың  13  қарашасындағы  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитетінің  жоспары  бойынша  4 

жекелеген  ұлттық  атқыштар  бригадасы  құрылуы  тиіс  еді.  Осыған  сэйкес  1941  жылдьщ  17 

қарашасында  Ақтөбе  облыстық  партия  комитетінде  «Ақтөбе  облысында  ұлттық  атқыштар 

бригадасын  жасақтау»  турасында  мәселе  қаралып,  101-ші  үлттық  эскери  құрама  құру  туралы 

шешім  қабылданды.

Бригада  кұрамына  негізінен  Ақтөбе,  Батыс  Қазақстан,  Гурьев  жэне  Қызылдорда 

облыстарының  қазақ  жастары  енді.  Сонымен  қатар,  Алматы,  Шымкент,  Семей,  тағы  басқа 

облыстардан да келгендер  аз болған жоқ.  Тек  Батыс  Қазақстан жэне Ақтөбе облыстарынан  гана 

бұл  бригадаға  2485  қазақ  жігіті  келді  [4,  58  п.]. 

Ұлттык  құраманы  Ақтөбе 

облысының 

еңбекшілері жабдықтады.  Бригада командирі болып полковник С.Я.Яковленко тағайындалды.

Толық  емес  мэліметтерге  қарағанда,  бір  ғана  101-ұлттық  дербес  атқыштар  бригадасы 

жауынгерлері  160  елді  мекенді  азат  еткен,  жаудың  3  жаяу  әскер  полкы  мен  5  батальонын 

талқандаған,  9000-нан астам  солдаты  мен офицерін,  көптеген  кару-жарагын, әскери  техникасын 

жойған.


1944  жылғы  шілде  айында  101 -ұлттык  дербес  атқыштар  бригадасы  таратылып,  оның 

бөлімдері  47 жэне 90 атқыштар дивизияларының қүрамымен біріктірілді  [5, 24-26 бб.].

Соғыстың 

алғашкы  кезеңінде 

Қазакстаннан  барлығы  14  аткыштар  жэне  атты  әскер 

дивизиясы,  6  бригада  жасақталып,  майданға  аттандырылды.  Кейіннен  6  артиллериялык  жэне 

авиациялық  полкі,  12  қүрылыс,  2  автобатальон,  7  автоматшылар  батальоны  кұрылды. 

Қазақстанда  жасақталған  әскери  құрамалар  мен  бөлімдер  тамаша  ерлік  үлгілерін  көрсегті. 

Олардың  бесеуі  «гвадиялық  дивизия»  деген  кұрметті  атакка  ие  болса,  согысгың  басынан 

аяғына  дейін  казақстандық  9  дивизия  өзгермей  сақталды.  Қазақстанда  жасақталган  эскери 

кұрамалар  мен  бөлімдер  өздерінің  жауынгерлік  ерлік  жолдарымен  арқылы  майдан  талабына 

жауап беретіндей  куатты құрамалар болғанын көрсетті.



Пайдаланылган эдебиеттер тһімі:

1.  Аманж олов К.,  ТасболатовА.  Қазақстанның эскери тарихы.  -А лм ат ы :  Білім,  1999.

2.  Қозьібаев М. ¥лы ерлік.  Алматы: Қазақстан,  1980.  156 б.

3.  Боздацтар.  Ж инщ т ама том.

  —


Алматы:  Қашңспшн,  1995.  480-6.

4.  Ацтөбе облыстық мемлекеттікмүрагаты. 13-қор,  10-тізбе,  308-іс.

5.  Бекішев X.  Батальон,  алга!.  Алматы: Қазацстан,  1985.  - 24-26 об.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет