Контент талдау.
Тақырыбы: “Қазақстандағы 1921-1922 жж. аштық.”
Дайындаған: Жорабай Жасмин (АО-104)
Қабылдаған: Сағындықова Сандуғаш Сатыбалдиевна
Жоспар:
Ашаршылық себептері.
Аштыққа ұшыраған өңірлер.
Ашаршылықтағы халық жағдайы.
Халық зиялылардың жасаған әрекеттері.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық.
Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен, екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. Халық бидай алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды жнемесе сойып сатты. Бұл мал басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықтан малға азық боларлық шөп күйіп кетті.
1920 жылы егіс көлемі 20 %-ға, ал мал басы 67 %-ға, ал 1921 жылы егіс көлемі 47 %-ға, мал 83 %-ға азайған. Бұл көрсеткіш 1922 ж. бірнеше есеге көбейді.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.
1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап, қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете барды
Қазақ жерінде аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінің жағдайы аса ауыр болды. Бұл өңірлер осы уақытқа дейін де көп қиыншылықты бастан кешірген еді. Кеңестік жүйе орнағанға дейін патша үкіметінің қыспағын көрген, жерінен айырылған, отарлаушыларға кіріптар болса, ал азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдардың қанды қылышына ілікті. Азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдардың қанды қылышына ілікті.
1921 жылы аштықтың жайлап бара жатқанын айтып, дабыл қаққан газеттердің бірі - «Ақ жол» газеті. Оның беттерінде күнделікті аштыққа ұрынған қазақ жерлері туралы ақпарат, мәліметтер жарияланып тұрды. Мәселен мына бір ақпаратта былай келтірілді: «Торғай уезінде ауру көбейіп барады. Иесіз, иен қалған үйлер бар. Қыс ерте түсті. Жер мұз. Мал өліп жатыр. Қара мал ноябрь (1920 ж. – С.Н.) басынан-ақ қолға қарады. Елде пішен аз. Ет салығын ел беріп жатыр. Мал мен жанға ауыртпашылық бірдей түсіп, шаруа күйзеліп тұр».
Газет қазақ көп шоғырланған Ақтөбе губерниясында адам да, мал да азықтың жоқтығынан қырылып жатқандығы айтылса, Шымкент уезіндегі қазақ ауылында шешек ауруы жайлап, адамдардың өлімі көбейіп бара жатқандығы жөнінде хабар басылды.
Ел басына түскен қиын заманда Қазақ өлкелік Орталық Атқару Комитеті 1921 ж. 15 наурызында өткен РК(б)П-ның Х съезінің салғыртты салықпен алмастыру жөніндегі қарарын негізе ала отырып, осы жылдың 11-18 маусымында болған конференция барысында азық-түлік салғыртын салықпен алмастыруды бірауыздан мақұлдады.
1922 жылдың соңына қарай босқындар туған өлкелеріне орала бастады. Оларды қарсы алу мен орналастыру жұмыстары жергілікті кеңестерге жүктелді. Мұндай жұмыстың ауырлығы мен қиындығы ашаршылықпен күресу жөніндегі жұмыстан кем түскен жоқ. Босқындарды қарсы алатын, оларды ауылдарға, кенттерге, қалаларға және басқа елді мекендерге орналастыру жұмысын ұйымдастыратын арнаулы комиссиялар құрылды. Кеңес үкіметі оралғандарға арнап әлеуметтік жеңілдіктер көздеді. Өз мекеніне қайтуға тілек білдіргендер үшін жолақысына 40 000 сом бөлінді. Осыған қоса, ішінде пеші бар жүк поездарымен еліне қайтқандарға жолақысының 50%-ын төлеуге рұқсат етілді. 1922 жылғы 1 тамыздан бастап оралғандарды салықтың барлық түрінен босату көзделді. 1921 — 1923 жылдардағы ашаршылықтан зардап шеккендер мен азық-түлікке өте зәру губерниялардың тұрғындарына да осындай жеңілдіктер қарастырылды. Күйзелген шаруашылықтарға мемлекет тарапынан өндірістік көмек көрсетілді, ал малы жоқ, орташа ғана астық жинаған шаруашылықтар азық-түлік салығының 50%-ынан босатылды, сондай-ақ 1921-1922 жылдарға берілген несиені төлеу мерзімі ұзартылды, бірыңғай мемлекеттік салық төлемі бойынша жеңілдіктер жасалды.
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Кеңесінің 1923 жылы 20 маусымдағы декретімен сол жылдың 1 тамызынан бастап ашаршылықпен және оның салдарымен күрес жөніндегі комиссиялар таратылды. Олардың міндеттері енді ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі арнайы ұйымдастырылған комитетке жүктелді. Бірсыпыра уақыт өткеннен кейін сондай комитет КазОАК-нің жанынан да ұйымдастырылды.
Қолданылған әдебиеттер:
Толмачев А. Калинин. Москва, 1963, 173-6.
Сонда, 320-к., 1-т., 33-ic, 12-ri.
Сонда, 18-п.
Чурин X. Сквозь бурю. А., 1967, 121, 122-6.
WikipediA сайты.
Достарыңызбен бөлісу: |