Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы І нұсқа Ұлы Отан соғысы болған жылдар



Дата25.12.2021
өлшемі22,38 Kb.
#104978
Байланысты:
Ұлы Отан соғысына қатысуы І нұсқа
Ұлы Отан соғысына қатысуы І нұсқа, Рысқұлов презентация, instruction ru

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы І нұсқа
1.Ұлы Отан соғысы болған жылдар:

А) 1941-1945жж В) 1939-1945жж С) 1941-1944жж Д) 1942-1946жж


2. Сталинград шайқасында көрсеткен ерлігі үшін «Сталинградтық дивизия» деген құрметті атақ алған дивизия:

А) 73-гвардиялық дивизия В) 316-атқыштар дивизиясы С) 25-гвардиялық атқыштар дивизиясы Д) 101 дивизия


3.А.Наганов, В.Фурсов, Қ.Тұрдиев, Ш.Шолтыров қай аймақтағы шайқасқа қатысты:

А) Днепр түбіндегі шайқаста В) Мәскеу түбіндегі шайқасқа С) Балтық флотында Д)Брест қамалында


4.Сталинград шайқасында аудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойған 73-гвардиялық дивизияны басқарған:

А) Қойгелді Аухадиев В) Тимофей Позолотин С) Ғани Сафиуллин Д) Қарсыбай Сыпатаев


5.Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлік көрсеткен генерал-майор И.В.Панфилов қолбасшылық еткен дивизия:

А) 316-атқыштар дивизиясы В) 312-дивизия С) 22-артиллериялық полк Д) 79-атқыштар бригадасы


6.1941ж қарашада Дубосеково түбінде ерлік көрсеткен танк жоюшылар полкі:

А) 316-атқыштар дивизиясы В) 73-гвардиялық дивизия С) 1075-атқыштар полкі Д) 310- дивизия


7. «Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда -Мәскеу», -деген жалынды сөзді айтқан ротаның саяси жетекшісі:

А) В.Г.Клочков В) И.Подольский С) Г.К.Кротков Д) А.Ф.Наумов


8. И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға –лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері ерекше табандылық пен қаһармандық көрсеткен шайқас:

А) Ленинград үшін шайқас В) Мәскеу түбіндегі шайқас С) Брест қамалы Д) Днепр түбіндегі шайқас


9.Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316-атқыштар дивизиясы Қызыл Ту орденімен марапатталып қандай дивизия болып қайта құрылды:

А) 314- атқыштар дивизиясы В)101 - дивизия С) 8-гвардиялық дивизия Д) 24-атқыштар бригадасы


10. 316-атқыштар дивизиясы жауынгерлердің өтінішімен қандай атау берілді:

А) Б.Момышұлы атындағы дивизия В) жаяу әскер дивизиясы С) Волоколам дивизиясы Д) В.И.Панфилов дивизиясы


11.Мәскеу түбіндегі шайқаста жау танкілерін жойып, өз бөлімшереін қорғап алып шыққан автоматшылар тобының саяси рота жетекшісі:

А) Т.Тоқтаров В) М.Ғабдуллин С) Н.Бейсекбаев Д) Т.Сәдуақасов


12.Мәскеу түбіндегі ұрыстарда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді:

А) М.Ғабдуллин В) Қ.Шәкенов С) С.Жақсығұлов Д) Д.Шыныбеков


13.Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойып қаза тапқаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді:

А) А.Петров В) Б.Момышұлы С) Т.Тоқтаров Д) Қ.Қайсенов


14. Мәскеу үшін болған шайқас жөнінде естелігінде: «Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің тек отымыз қандай темірді болса да ерітіп,күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік», деп жазған Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, жазушы:

А) Б.Момышұлы В) Ә.Нұршайықов С) Қ.Қайсенов Д) Қ.Аманжолов


15.Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеушілер алғаш жанған жау тобына ұшағын бағыттаған А.Маслов экипажы екенін дәлелдеді, осы экипаж құрамында болған жерлесіміз:

А) Нұрым Сыздықов В) Дүйсенбай Шыныбеков С) Қарсыбай Сыпатаев Д) Бақытораз Бейсекбаев


16.Қазақстан Республкасының президенті Н.Назарбаевтың өкімімен Б.Бейсекбаевқа Халық қаһарманы атағы берілген жыл:

А) 1989ж В) 1998ж С) 1993ж Д) 1997ж


17.Балтық флотында қызыл тулы «Киров » крейсерінде қанша қазақстандық жауынгерлер сапта тұрды:

А) 58 В) 365 С) 156 Д) 210


18. Ленинград үшін шайқаста жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры:

А) Иван Карасаев В) Сұлтан Баймағамбетов С) Төлеген Тоқтаров Д) Ақтай Бақтыгереев


19.1942ж күзінде Қазақстанға 500шақырым бойына шекаралас жатқан қай облыста шайқас болды:

А) Сталинград В) Астрахань С) Мәскеу Д) Ленинград


20. Каспий өңіріне осғыс жағдайы енгізілді:

А) 1941ж жазында В) 1943ж басында С) 1942ж күзінде Д) 1944ж күзінде

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет