«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.
ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
ХХ ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруының алғышарттарын атаңыз.
Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз.
1905-1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші орыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысына әсерін талдаңыз.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз.
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз (1917ж.).
Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.
Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз.
Әлихан Бөкейхан – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
Қазақ саяси элитасының (Әлихан Бөкейхан, Мыржақып Дулат, Ахмет Байтұрсын, Шәкәрім Құдайбердіұлы және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
ХХ ғасырдың басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің маңыздылығын анықтаңыз.
Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз.
Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз.
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз (1925-1933жж.).
ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері, мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері (1921 ж.).
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын талдаңыз (1928-1932жж).
Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз (1928-1932жж).
Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз.
Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар.
Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын көрсетіңіз.
1920-1930-ы жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал.
Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.
Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан (1954-1964жж.).
29. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары.
30. 1960-1980 жылдардағы КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесін көрсетіңіз.
31.Кеңестер Одағы тұсындағы экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз.
32. Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз (1971-1985жж.).
33. Қайта құру мен жариялылықтың қоғам мен экономикаға тигізген әсерін талдаңыз (1985-1991жж.).
34. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуының себептері мен қорытындыларын талдаңыз (1979-1989жж.).
35. 1980 жылдардың екінші жартысында КСРО-да жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы және көппартиялық жүйенің қалыптасуы туралы баяндаңыз.
36.Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы туралы баяндаңыз.
37. Патриотизмді дамытудағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің рөлі мен маңызын талдаңыз.
38. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту саясаты.
39. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық модель» даму жолының құндылықтары мен ерекшеліктері туралы ойларын талдаңыз.
40. Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңіндегі қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз.
41.Қазақстан Республикасында жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
42.Тәуелсіз Қазақстан Республикасында индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз.
43. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Қазақстанның әлемдік танымалдығының артуындағы тарихи маңызы.
44.Тәуелсіз Қазақстанның ЖОО жүргізілген реформалары: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі.
45. Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерді баяндаңыз.
46. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер, демографиялық үрдістерге талдау жасаңыз.
47. Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуын баяндаңыз.
48. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі және оның жасампаздығын баяндаңыз (1991-2018жж.).
49. Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қызметі.
50. Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары.
51. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты.
52.Елбасының «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырудың мәнін ашыңыз.
53. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар туралы баяндаңыз.
54.Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатын талдаңыз (2014ж.).
55.Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида жайында баяндаңыз.
56. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз.
57.Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.
58. Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы.
59. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; Ұлы болашақ туралы баяндаңыз.
60. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз.
61. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және «Нұр Отан» ХДП - жетекші әлеуметтік-саяси күш ретінде маңызын талдаңыз.
62. ҚР үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалардың маңызы.
63. «Қазақстан – 2050» стратегиясы мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен маңызы.
64. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіндегі негізгі қағидалары: соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамаларына талдау жасаңыз.
65. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық мәселелерге байланысты көзқарастары мен бастамалары.
66. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелерін талдаңыз (2010ж.).
67. Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы туралы баяндаңыз (2017 жыл, 22-25 маусым).
68.Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
69. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінің қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлін сипаттаңыз (2017 жыл, 12 сәуір).
70. Қазақстан республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында жарияланған Жолдауының басымдықтарын талдаңыз.
71. Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мәні мен мазмұнын айқындаңыз.
72. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Сындарлы қоғамдық диалог - бұл Қазақстандағы тұрақтылық пен өркендеудің негізі 2019 жылдың 2 қыркүйегі.
73. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты 2020 ж. 1 қыркүйегі
74. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың он басым бағытын сипаттаңыз.
75.2020 - бұл Қазақстандағы еріктілер жылы. Еріктілер ұйымдары және олардың қызметі туралы айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |