Қазақстанның саяси, экономикалық, ғылыми техникалық, мәдени өміріндегі түбегейлі өзгерістер жас ұрпақтың тәлім тәрбиесіне тікелей әсер етуде



Дата23.08.2017
өлшемі0,55 Mb.
#24984

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ құжаты 3 деңгей

ПОӘК

ПОӘК


042-18.1.32/01-2013

ПОӘК

Оқытушыларға арналған «Концерт пен мейрамдар ұйымдастыру» пәннің оқу - әдістемелік материалдар



28.08.2013 ж.

№1 редакциясы



Оқу - әдістемелік материалдар

« Концерт пен мейрамдар ұйымдастыру»

050106 «Музыкалық білім» мамандығы

4 курс

Семей

2013





042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті


Кіріспе
Қазақстанның саяси, экономикалық, ғылыми – техникалық, мәдени өміріндегі түбегейлі өзгерістер жас ұрпақтың тәлім – тәрбиесіне тікелей әсер етуде. Республикамыздың егемендік алып, ұлттық сана – сезімінің оянуы, тіліміз бен дініміздің, мәдениетіміздің қайта жаңғыруы азаматтың жоғары саналылығы, өркениеттілігі, имандылығы мен адамгершілігіне деген қажеттілігін арттырып отыр.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында орта мектеп атқаратын міндеттеріне сәйкес өзіне қойылатын гуманитарлық – эстетикалық талаптарға қол жеткізу және осы бағыттағы пәндерді кеңінен еңгізу керек екендігін көрсетеді. Эстетикалық тәрбие орталықтары, өнер мектептері, көркем сурет студиялары барынша дамытылуға тиіс делінген. Өнердің, соның ішінде музыканың адам санасына әсер етуде үлкен рухани құрал екені белгілі.

Қазіргі таңда жастарға отандық және дүниежүзлік мәдениеттің үлгілері арқылы эстетикалық тәрбие берудің маңызы ерекше. Эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, зерттеу салалары – адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту – пәннің басты мақсаты. Жастар аудиториясындағы музыкалық мәдениетінің деңгейіне анықтама беру үшін классикалық және қазіргі музыканың үздік туындыларын жастар өміріне және тұрмысына толық еңгізуі керек.

Қазіргі заманға сай музыка сабағының оқытушысына әр түрлі бағыттағы және ағымдағы эстрада музыкасы туралы мағұлматтар білуі керек.

Жас буын өкілдері рок-, поп,джаз музыкаларын жақсы қабылдайды,бірақ олардың музыка өнерінің бұл аймақтары жағынан білімдерінің төменгі көрсеткіште екендігін аңғаруға болады.Сондықтан да жас жеткіншектерді қазіргі заман эстрада музыкасынан түсініктерін арттыру үшін оқытушының өзі бұл саланы жақсы меңгеруі қажет.

Пәннің мақсаты:

Оқушылардың музыкалақ мәдениетін арттыратын сабақтан тыс уақытта кештер өткізу шараларын ұйымдастыру.оның әдістерімен және қазіргі заман эстрада музыкасының негізгі бағыттарымен студенттерді таныстыру.


042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

Пәннің міндеттері:


  • болашақ музыка оқытушысын эстетика жағынан тәрбиелеу;

  • болашақ музыка оқытушысының музыкалық түсінігін арттыру;

  • болашақ музыка оқытушысының музыкалық талғампоздығын тәрбиелеу;

  • сабақтан тыс кештер ұйымдастыру әдістерінің негізгі бағыттарымен таныстыру.

Курстың өту аралығында студент:



  1. Қазіргі заман эстрада музыкасының ағымдарына тез ыңғайлануды үйрену керек.

  2. Кез-келген эстрадалық топтардың біреуінің пайда болу тарихы және шығармашылығы туралы қысқаша мәлімдеме дайындауы керек.

  3. Сабақтан тыс кештер ұйымдастыру және өткізу әдістерін меңгеруі керек.



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті


Тақырыбы

Мектептен тыс кештер ұйымдастыру әдісі.

Дискотека.Музыкалық кештер.

Жоспары:


  1. Музыкалық кештер

  2. Дискотека

Мектептен тыс кештер – тәрбие жұмыстарының өзегі. Ол мектеп оқушылары ғана емес, мұғалімдердің өзін де шығармашылыққа баулиды, рухани өсіреді. Мектеп кештерін дұрыс ұйымдастыра білу білімділікті, ең бастысы шеберлікті қажет етеді. Әр пән бойынша әр түрлі ғылым саласына қарай кештер өткізуге болады. Солардың барлығындағы ортақ қасиет - өз халқының адами ұрпағын тәрбиелеу. Жан – жақты білімді, мәдениетті, дені сау, сезімтал өнерпаз ұрпақты тәрбиелеу үшін алдына мақсат қойған ұстаз сыныптан тыс жұмыс жөнінде өзі де көп ізденіп, материалдар жинайды, шәкірттерін де қызықтыра біледі. Сондықтан да, мектеп бойынша мынадай кештер өткізу тиімді болады деп ойлаймын.



  1. Кездешу кештері. Көрнекті ғалымдар, ақын – жазушылар, еңбек озаттары, қарт ардагерлермен кездесу. Бұл адамгершілікке, еңбекке баулудың өте тиімді әдісі. Кездесуде келген қонақтардың және оқушылардың ортақ қызығушылығына сай сценарий құрып, сқрақтар ұйымдастыру кештің қызықты өтуіне ықпал етеді. Тақырыпқа сай немесе келген қонаққа қатысты кітап, сурет көрмелерін жасауға болады. Мектеп оқушыларының өнерлерін де осы тақырыпқа сай орайластырып ұсынуға болады.

  2. Мерекелік кештер. Әрбір тарихи оқиғаға байланысты өткізілетін аналар күні, мамыр мерекелері, жаңа жыл, ойын – сауық кештері. Салт – дәстүрге байланысты наурыз тойы тәрізді ұлттық мереке түрлеріне арналған дәстүрлі кештер. Сол сияқты «Алтын күз», «Табиғат ана», «Алғашқы қоңырау», «Соңғы қоңырау», «Қош, аяулы мектебім», «Ұстаздарды құттықтаймыз», «Төрт түлік мал мерекесі», «Әліппемен қоштасу», т.б..

  3. Жарыс – сайыс кештері. Спорттық ойындар, мектеп олимпиадасы бойынша «Кім күшті?», «Шебер қолдар», «Жас тілші», «Жас конструктор», «Әлемдік спорт

    042-18.1.32/01-2013

    ОӘКП


    28.08.2013 ж. №1 ред.

    9 беттің 3-ші беті

  4. апталығы», «Салтын сүйген – халқын сүйер», «Жас термеші», «Ұлттық ойындар», «Шағын әңгімешілер жарысы», т.б. бүкіл мектепішілік тәрбие жұмысына байланысты кештер өткізу де тиімді болады. Сыныпаралық жұмыстар баланы жылдамдыққа, тапқырлыққа, өнерге жетелейді және ұлт намысы үшін күресе білуге дағыландырады.

  5. Әдеби оқырмандар кеші. Жырды жатқа айту, мәнерлеп оқу және шежіре клубының кеші, өз әңгімесі мен өлеңдерін, мақалдарын, ел аузынан жинағандарын, жаттаған мақал – мәтелдердерін, диалог, монолог оқу, көркем прозадан үзінді оқу, т.б..

  6. Cырласу кештері. Біздің педагогикадағы үлкен бір қателігіміз – бала мен ұстаз арасындағы адамгершілік қатынастың әміршілдік - өктемдік қатынаспен ауысып жататындығы. Біреу бағындырушы да екіншісі – бағынугы болатындығы. Айғай мен қорқытудың бағасы тәрбиенің әлсіздігінде. Шәкірт өзі ынталы болған нәрсесіне құрметпен қарайды, әдетте өне бойынан ізгілік пен адамдық төгіліп тұрған ұстазын шәкірт аңсап, сағынып тұрады. Ұстаз бен тәлімгер, ата – ана мен бала, сан тарау мінез – құлық тақырыптарында пікір алысса, шынайы адамдық тұрғыда сырласа білсе, талай жұмбақтар шешілер еді, дұрыс бағыт – бағдар беру жолы оңай көрінер еді. Ұстаз, шәкірт, ата – ана арасындағы қамал еркін ашылар еді. Сол үшін мектептерде әр тоқсанда бір рет сырласу кештерін өткізген абзал. Ұлдар кеші – болашақ әке, қамқор аға, немесе кенже ұл, сүйікті жар, отау иесі, ел қорғаны, т.б. мәселелер төңірегінде сырласу. Мұндайда пікір алысуға өнегелі аталар, әкелер мен ағалар қатысқаны жақсы. Мектептегі тәрбие тиімділігін арттыратын бір жұмыс - әжелермен, жеңгелермен сырласу.

Мысалы «Сырымды айтсам деген кеші». Бұл арада қыздар аналарымен, сынып жетекшісі қыздармен сырласады. Сондай – ақ, ұлдар мен қыздар сырласады. Оның тақырыбын мектеп тәрбиесінің меңгерушісі мен сынып жетекшісі ойлап табады. Мұғалімнің шығармашылығ дегеніміздің өзі өлең, жыр шығару емес, тәрбиенің тиімді әдісін табу. Мектептегі бұзықтық, теріс жолға түсу осындай тәлім – тәрбиенің жетіспеуінен болады.

042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті




  1. Ата – аналар мектебі атты арнаулы клубтың іс – шаралары. Бұл мектептен тәлім алған қыздар түрлі тамақ жасаудан, сырмақ, қошма, оюдан, ши тоқудан, тоқыма өнерінен, киім пішіп тігуден, ұлттық тағам пісіруден, жас нәресте күтімінен, ұлттық қонақ күту рәсімдерінен алған үлгі - өнерлерін ортаға салады. Кейде отбасылық спорттық жарыстар әр жерде өтіп жатады. Ал өзге нерлерден мұндай жарыстардың өтуі кемде – кем. Біз өзіміз өткізген «Әкелер сайысы» атты кешті мысалға келтіре кетейік. Алдымен, кештің бағдарламасын жасап алдық. Әкелердің ішінен өнерпаздар, мақал – мәтелдерді көп білетін, күлдіргіштер, қамшы өргіштер, ауа райын болжағыштар, бата бергіштер, термешілер сарапқа түсіп, өз өнерлерін көрсетті. Көбісі бата мен мақал – мәтелді Дискотека. Ол сенбі күндерінің бірін пайдаланып, музыка әлемін қамтыған тақырыптарға арналады. Әсіресе, халықтық музыканың ғажайып сыры мен қырын жас адамның жан дүниесіне жеткізу, жастарды ұлттық қазынаға құрметпен қарауға, арлылық пен инабаттылық, кішіпейілділік пен адалдық сезімдеріне тәрбиелейді. Дискотека тақыптары: әлем музыкасы, классикалық музыка, қазіргі заман әндері, халық әндері, би кеші, халық композиторларының өмірі, ғажайып жұмыбақ пернесі (скрипка, қобыз үні туралы, симфониялық шығарма тыңдату), қазақ композиторлары, операны тыңдап үйрену, қазақ балеті (мазмұны мен тақырыбы)



Әдебиеттер тізімі.

1. Уметенок А. Чем досуг интересен? Правда, 1985.

2. Яшкин В.К. ВИА. М., 1990.

3. Балтабаев М.Х Қазақ музыкасы және студент жастар. Алматы, Ана тілі, 1991

4. Сағымбеков М., Көпбаев А. Мектептерде лекция – концерттерді ұйымдастыру

әдістемесі. Алматы, 1991.

5. Әлібеков Ә. Баланың көңілі батыста. «Егеменді Қазақстан», 27.01.2001.

Ткаченко Г.А. Космом. Музыка. Ритуал. М., 2001.





042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті


Тақырыбы

Лекциялар-концерттер.

Лекция-концерттерді құрастырудың негізгі принциптері.

Сабақтың мақсаты: музыка мұғалімін сыныптарда, мектепте лекция – концерттер ұйымдастыруға баулу.

Жоспары: лекция – концерттің түрлері, ұғымы

Лекция – концерттерді дайындап өткізуде мұғалімге қоятын ұлкен талап бар. Ол «сегіз қырлы бір сырлы» болса, істеген іс - әрекеті сапалы болмақ. Мұғалім өзінің орындаушылық мүмкіндігіне сүйініп қана қоймай, сөзді сөйлеу шеберлігін ұстатқаны. Сондықтан лекция – концерттерді өткізу кезінде сөзбен саздың үйлесімдігіне, үндестігіне қатты назар аудару керек. Осы орайды совет педагогы В.Сухомлинский былай деді: «Сөз ешқашанда музыканың шын мәніндегі тереңдігін шегіне жеткізуге түсіндіре алмайды, бірақ сезім дүниесінің осы бір өте нәзік саласын сол сөзбен ғана сезініп түсінесіз. Сөз жүректің аса сезімтал қылын басып, құлақ күйін еліктіруі тиіс, музыканы түсіндіру поэтикалық тұрғыда, сөзбен музыканың байланыстылығы негізінде жүзеге асады». Ендеше лектор – музыкантқа творчестволық ізденіс, тапқырлық, зеректік қажет.

Әрине лекция – концертті сапалы өткізу маманға бірден жеңіл беріле қоймайды. Ол институт қабырғасында жүргенде – ақ өзін осы жұмысқа ыңғайлату керек. Ол үшін студент өзінің ой - өрісін кеңейту үшін, жалықпастан білім мен өнердің барлық дерлік саласынан хабардар болғаны жөн. Ол кино, театр, көркемдік галереялармен музейлерге жиі барып одан көргендерін қорытындылай, түйіндей білуге және талдай білуге машықтануы керек. Музыкалық әдебиеттермен таныс болып, музыкалық ликторилердің, лекциялардың белсенді тыңдаушысы болғаны жөн. Өнер шеберлерімен көркем әдебиет саңылақтарының өтетін кездесулерде болашақ ұстазға үлкен сабақ боларлық, үлгі тұтарлық шаралардың бірі болмақ. Фонетика байлығы музыка әлеміне саяхат жасаудың бірден – бір қажетті құралы. Бұл айтылған талаптар болашақ музыка мұғалімінің кәсби – мамандық шеберлігінің, мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал тигізбек.

Лекция - концерттердің тартымды болуы, тыңдаушыларды қызықтыруы, олардың келесі лекция – концертке деген ынтасын артуы лектордың сөйлеу шеберлігіне көп байланысты. Сөзді тыңдаушыларға айқын, әрі әсем, әсерлі етіп жеткізу сөйлеу



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

техникасымен логикасына көңіл қою амалдарын қамтамасыз етсе, саздың әсемділігімен іскерлігі сөзбен бірге қауышып үндестік табу арқылы жүзеге асады. Құлаққа естілер сөздің көркемдік белгілерінің бірі – оның музыкалығы. Дыбыстар гармониясын сақтау шешен сөзінің көркемдік шарттарының бастысы. Ал орындалатын музыкалық шығарма өзінің әсемдігімен ғана емес, жүрекке әсер ететін мағыналы сөзімен, үндеуімен қымбат. Бұларға сөзді анық, бұзбай жеткізетін тамаша дауысты әншілер аспапта орындаушылар қосылса ол лкеция – концерт тыңдаушылардың жүрегіне жол табады.

Болашақ ұстаздың тілінің, музыка мәдениетінің деңгейін көтеруде оларды дайындайтын оқу орны, факультет, бөлімдер күш салу керек. Ол үшін музыка мамандарын оқыту, үйрету процесінде әдеби тілдің заңдылықтарын, әр алуан нормалық ережелерін арнайы факультатив, арнайы сұрақтар ретінде оқытуды ескерген жөн. Ал орындалар ән, ауызша айтылудың көрсететін және соған үйрететін ұрал. Сонымен, сөйлеу және ән айту кезінде орфоэпиялық заңдылықтарды сақтау, лкеция – концерттерді мыңдаушылар құлағына жағымды болуды қамтамасыз етеді.

Ендігі айтылар сөз лекция – концерттердің ғылымдылығында.

Айтылатын тұжырымдар ғылыми негізде дәлелді болумен қатар тыңдаушылардың түсінігіне жеңіл, әрі оңай жеткізілуі керек. Лекция кезінде кейбір ұғымдардың түсінігіне жеңіл, әрі оңай жеткізілуі керек. Лекция кезінде кейбір ұғымдардың қай әдебиеттен, қай автордың қандай еңбегіне алынғаны туралы мәлімдеп тұрғаны жөн, және шешеннің келтіріп тұрған мысалдары, музыкалық суреттемелері нанымды да шыншыл болғаны абзал. Осы айтылғандар шешен шеберлігінің іс - әрекетінің ұтымды болуына ықпалын тигізуі хақ.

Болашақ музыка мамандарының шешендік өнерге баулудың қыры мен сыры әлі де болса зерттелетін мәселе. Музыка мамандығының студенттері оқу кестесінде шешендік өнерге баулу сабағы тұрғандықтан олар дербес немесе өз бетімен шұғылданады. Тағы айтарым, лекция – окнцертті дайындаудың мынадай қажеттіліктері бар: тақырып таңдау, әдебиеттерді ретімен орынды пайдалану, музыкалық шығармаларды іріктеу және дайындау, ұйымдастыру жұмыстарын қадағалау.

Лекция – концерт бөлімнің эстетикалық талғаммен безендірілуі тыңдаушылармен өткізушілердің көңіл – күйіне жағымды әсер қалдырады. Бөлме іші жарық, қабырғалары таза, қойылған мүліктер ретті болу қажет. Тақырыпқа сәйкес бөлме ішін тәрбиелік мәнге толы нақыл сөздер, нақты әрі ұтымды суреттер салынған плакаттар ілсе



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

артық болмас еді. Бір бұрыштан жаңа әдебиеттер көрмесін ұйымдастыруға болады.

«Әуелетіп ән салса сырнайменен» - деп аталатын лекция – концерттің қысқаша үлгісі.

«Гәккудің» шығу тарихы бар. Отырған жұрт 17 жасар Какиманың әнін тыңдап тамашалап жатыр.... «Үкілі Ыбырай келеді» деген хабар жетісімен ел орындарынан ығысып, есіктен кірген Ыбырайды төрден орын берген еді. Аман – саулық сұрағаннан кейін Ыбырай қолына домбырасын алып, қағып – қағып жіберіп Арқаның бірнеше әндерін айтты.
Әдебиеттер тізімі.

1. Уметенок А. Чем досуг интересен? Правда, 1985.

2. Яшкин В.К. ВИА. М., 1990.

3. Балтабаев М.Х Қазақ музыкасы және студент жастар. Алматы, Ана тілі, 1991

4. Сағымбеков М., Көпбаев А. Мектептерде лекция – концерттерді ұйымдастыру әдістемесі. Алматы, 1991.

5. Әлібеков Ә. Баланың көңілі батыста. «Егеменді Қазақстан», 27.01.2001.

6. Ткаченко Г.А. Космом. Музыка. Ритуал. М., 2001.

Тақырыбы

Дискотека.

Дискотека өткізуге арналған музыкалық материалдарды таңдау принціпі.

Сұрақтар, тапсырмалар: Қазақстан және шет елдердің дискотека жүргізуімен танысу (музыкалық репертуарлар, залды безендендіру, техникалық жабдықтары және т.б.)

Әдістемелік нұсқаулар: дискотека ұйымдастыруда бөлменің безендіру жайын қарастыру керек. Слайдымен, жарықтандыру аппаратымен, пульттермен жұмыс істей білу керек.

Әдебиеттер тізімі:


  1. Квасница Н., Коленчук В. Дизайн дискотеки. Клуб и художественная самодеятельность. М., 1981

  2. Основы театрального искусства. М. 1991

3. Балтабаев М.Х Қазақ музыкасы және студент жастар. Алматы, Ана тілі, 1991



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

Тақырыбы

Музыкалық кештер.

Кештердің дайындығына және өткізілуіне оқушылардың атсалысуы.

Сабақтың мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстарды, мектепішілік іс-шараларды, музыкалық кештерді ұйымдастыру.



Әдістемелік нұсқаулар: музыкалық кешетерді ұйымдастыруда бөлменің безендіру жайын қарастыру керек. Слайдымен, жарықтандыру аппаратымен, пульттермен жұмыс істей білу керек.

Музыкалық кештер – тәрбие жұмыстарының өзегі. Ол мектеп оқушылары ғана емес, мұғалімдердің өзін де шығармашылыққа баулиды, рухани өсіреді. Музыкалық кештерді дұрыс ұйымдастыра білу білімділікті, ең бастысы шеберлікті қажет етеді. Әр пән бойынша әр түрлі ғылым саласына қарай кештер өткізуге болады. Солардың барлығындағы ортақ қасиет - өз халқының адами ұрпағын тәрбиелеу. Жан – жақты білімді, мәдениетті, дені сау, сезімтал өнерпаз ұрпақты тәрбиелеу үшін алдына мақсат қойған ұстаз сыныптан тыс жұмыс жөнінде өзі де көп ізденіп, материалдар жинайды, шәкірттерін де қызықтыра біледі.



Әдебиеттер тізімі:

  1. Квасница Н., Коленчук В. Дизайн дискотеки. Клуб и художественная самодеятельность. М., 1981

  2. Основы театрального искусства. М. 1991

3. Балтабаев М.Х Қазақ музыкасы және студент жастар. Алматы, Ана тілі, 1991
Тақырыбы: Эстрадалық вокалды – аспапты музыкалық дамуының негізгі кезеңдері.
Жоспар:

  1. 20 жылдардағы вокалды- аспапты шығармашылықтың әлеуметтік аспектілері мен музыкалық стильдері.

  2. Вокалды – аспапты ансамбльдердің көркемдік ерекшеліктері

  3. Жаңа жанрдағы жетекші музыкантар мен орындаушылар.

Қазіргі кездегі телевизияның, радионың, киноның, электрдегі машиналардың барған сайын дами түсуі музыкалық сол жағынан өсе тусуін ғана емес, сонымен бірге музыка өнерінің барлық сан алуан стильдері мен жанрларымен, басқа халықтардың фолкьлорымен композиторлардың және алуан түрлі мектептермен көркем бағыттардың орындаушыларының творчествосымен танысуға мүмкіндік береді. Өте қысқа уақытта музыка өнері саласындағы аса жаңа



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

эксперименттер мен сәтті жаңалықтар тек мамандардың шағын ортасының ғана есем, сонымен бірге халық тыңдаушысы қауымының да игілігіне айналады. Қазіргі өнердің таңдаулы неғұрлым қызықты құбылыстары түрлі ұлттық топырақтан нәр алып, сол халықтың музыкалық тілінің өзіне тән өрнегінен өз бояуын тауып, жаңа әуезбен байып отырады. Эстрадалық музыка жанры барлық жаңалыққа бәрінен бейім тұратыны белгілі. Қазіргі замани рухына сай келетін әсерлілік құралдарын іздестірудің үздіксіз процесі нақ осында барынша айқын байқалады. Эстрадалық музыканың жастардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды рол атқаратынын мойындаған жөн.

Эстрадалық музыкаға да, оның алдындағы жанрлар – үрмелі аспаптар оркестарлеріне арналған музыка, тұрмыстық романс және лирикалық әндер сияқты ұлттық белгілер қажет. Ұлттық белгілер музыкалық толып жатқан әсерлілік құралдарында - әуендер, ырғақта, гармонияда және т.б. көрілуі мүмкін.

Ауыз екі тіл секілді, музыка өнерінің тілі де уақыт өтуімен байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Ой мен сезімнің жиынтығын қазіргі заманғы суреткер өткеннің ұзақ- солар ырғағы мен бере алмайды. Ол форманың жасқалығын айтпақ ойдың айқындылығын, тұжырымдылығы мен нақтылығын талап етеді. Міне, сондықтан да қазір шағын музыкалық формалар үлкен табысқа жетіп отыр.

Қазіргі эстардалық музыка, сан алуан болғанына қарамастан, үш негізгі бағытқа ие болып отыр. Олар: таза фольклорлық қазіргі заманғы және фольклорлық қазіргі заманғы стильдегі бағыттар.

Фольклорлық бағыт – репертуары халық әуендері мен аспаптық шығармалардан тұратын солистер мен ансамбльдің алынған аспаптары, тиісінше халықтық болып келеді. Қазіргі эстрадалық музыка - қазіргі заманғы композиторлардың әндері мен пьессалары. Ал бұл бағыттағы ансамбль мен оркестрлердің аспаптарының құрамында да, музыкалық белгілер басым болады. Бұл жағдай осы бағыттың өкілдеріне жұртшылққа тез танылатын әрі дәл сондай тез ұмытатын, айшықты көркемдік жағынан тартымды шығармалар жасауға көмектеседі.

Фольклорлық қазіргі заманғы стиль бағыты, музыкалық терналді өзінше біріктірумен сипатталады. Эстардалық музыка стилінің тақырыптық мазмұнының және көркемдік әсер құралдарының сарқылмас қоры бар.

Қазақстан да, Орта Азия республикаларында сияқты профессионалдық музыка өнері, оның ішінде эстарда да бірқатар обьективті тарихи себептерге байланысты сабақтан кейінгі жиындарда ғана белсенді дами бастады.

Біздің республикамызда Мемлекеттік республикалық «Гүлдер» жастар –эстардалық ансамбльі, «Дос-Мұқасан», «Айгүл» вокальдық-аспаптық ансамбльдері, «Серпер», «Алматы әуендері» және т.б. сияқты



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

фольклорлық қазіргі заманғы стильдегі өзіндік бет-бейнесі қалыптасқан ұжымдар өз репертуарын жасаған кезде бұл ансамбльдер қазақ халық музыкасының бой әуені мен ырғағын табысты пайдаланып, ұлттық пластика дәстүрлерін творчестволық ой-елігінен өткізіп отырады.

20 жылдардан бастап ондаған жылдар бойы Джаз стилі қажеттілікті қанағаттандырды. Мұның бәрі жас ырғақтық, әуендік және гормониялық құрылымдар мен вокальдық жаңа мәнерімен электронды аспаптардың елумен үйлесімді 60 жылдардың басында қазіргі заманғы көпшілікке танымал музыканың пайда болуына негіз болды. Біздің елімізде, олардың бір түрі ретінде, вокальды аспаптық ансамбльдер пайда болды.

Қазіргі ырғақтар, жалпы би әуені, барлық воальды аспаптық ансамбльдердің стильдік қолтаңбаларына тән. Алайда түрлі ән және фольклор дәстүрлеріне байланысты түрлі елдер мен аймақтардың вокальдық ансамбльдері, рок және поп топтары орындаған музыканыңекпін-әуен негізі бір-біріне ұқсамайтын кейде тіпті күрт ерекшеленетін болып шықты.

Тақырыбы: Кеңестік вокалды –аспапты ансамбельдердің шығармашылығы.

Жоспар:

1. 60-жылдардың екінші жартысындағы кеңестік эстраданың орпидауимглары,

2. Поющие гитары ВАА-ның жауапшылығы,

3. «Песняры”, “Ариель” шығармашылығында ұлттық фольклорды пайдалану.

4. Эстрадалық әндердің кеңестік танымал орындаушылары.
Вокальдық –аспаптық ансамбльдердегі тәрбие процесінің өн бойында студенттердің музыкалық - эстетикалық ой-өрісін кеңейту шығарманың мазмұны мен сипатын сын көзбен бағалай білуді көркемдік талғам мен музыканы қабылдай білу мәдениет қалыптастыру .

Көптеген вокальдық-аспаптық ансамбльдер стилінің қалыптасуына совет әндері, ал кейбір ансамбльдерде фольклор үлкен роль атқарады 60-жылдардағы таңдаулы ұжымда –«Пеняры» (Белоруссия), «Сомоцветы» (Москва), «Ариэль» (Свердловськ), «Ялла», (Өзбекстан), «Гунем» (Түрікменстан), «Орера» (Грузия), «Гая» (Азербаижан), (Досмұқасан»,

«Арай», «Яшлык», «Айгул» (Қазакстан) және т,б фольклордың қазіргі заманғы әннің және фольклороктың арсеналынан мұқият іріктеліп алынған құралдың табиғи ұжымдасуына құрылған біртұтас музыкалық - оброзды

042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

жүйе пайда болды .Өзінің алғашқы қадамынан-ақ бұл вокальдық –аспаптық ансамбльдер фольклорға батыл ден қойды. Бұл ұжымдар өз халқының ән- аспаптық мұрасына құрметпен қарап, ұлттық асыл қазынадан ансамбльдің орындаушылық стиліне мейлінше табиғи үндестік әуендерді ғана іріктеп алып отырды. Өздерінің музыкалық өңдеулерінде олар өз халық әндерінің ладтық және гармониялық құрылысын сақтауға және сонымен бірге оларға эстрадалық сипат беруг ұмтылады.

Халық әндерін өңдеуге бет бұрып, сәтті интерпретация үлгілерін берген алғашқылардың бірі белорустің «Песняры» вокальдық –аспаптық ансамбльі болды. Оның фольклорды өңдеуге халықтың ән әуенімен симфонизімнің қазіргі тәсілдері , дамыған полифония және рокмузыкаға тән композиялық тәсілдерден шығатын созылмалы остинатты үн налымды біріктірілген. Вокальды партиялар динамикалық және колористикалық реңктердің қарама-қарсыласымен баурап алып, мінсіз дауысымен, гармониялық күрделілігі мен шаттыққа бөлейді.Өңдеулердің сезімдік образдылығы көп көңілінен шықты.

Вокалдық –аспаптық ансамбльдердің негізгі міндеті электр музыкалық аспаптарда ойнаудың, ансамбльдік әнңің вокальдық техникасын, практикалық дағдысын игеру, көркем репертурды іріктеп алу принциптіқазіргі асапатармен дыбыс күшейткіш аппаратураның барлық әсерлілік –орындаушылық құралдарын салалы түрде түсіне пайдалануды үйрету. Вокальдық –аспаптық ансамбльдердің аспаптары тура партитураларды творчестволық пен құру теориясы мен практикасы туралы эстрадалық вокальдық – аспапты жанрдың тембрлік-регистрлік ерекшеліктер, техникалық мүмкіндіктері туралы, «микрфолдық» ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ерекшеліктерін білу туралы қажетті мәліметтер беріледі.

Қазақстандағы «Яшлык» фольклорлық ұйғыр ансамбльінің халық әндерін өңдеуі сүйсіндіреді .Бұл ансамбльді тыңдап отырып, ұйғыр халық әндері динамикалық өңдеулер мен электрлі аспаптар үшін баяғыда «бағдарламаланғанба» деп ойлайсың. Орындаушы мен электргитаралар мен синтезаторларға көңіл әзілге толы, лирикалық әндерді ұлттық дауыспен айтып үйретіп қойғандай. «Милыктың» фольклормен тығыз тасуы ұйғыр аспаптарын (раваи, тамбур, най, дап) пайдалануынан да аңғарылады. Бұл аспаптар гитаралармен соқпалы аспаптардың арасында ешбір жоғалмайтын ансамбль үніне шығыс әріп береді.

Вокальдық – аспаптық ансамбльдегі кез-келген жаңалық тез арада жұртшылықтың игілігіне айналатыны аян. Халық әндерінің табысқа жетуі оған өңдегіш эпигондардың назарын аударды. Олар неғұрлым

042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

оңай жолды таңдады: кеңінен танымал әндерді алып, әуенді қазіргі заманғы ырғаққа тез жетіп жатыр.

1982 жылы Н.Тілендиевтің жеткешілік етуімен қазақ фольклорлық- этиографиялық «Отырар сазы» оркестрінің құрылуы қазақ халқының музыка мұарсын кеңінен, жан-жақты пайдалануға көңіл қойғанын тағы да дәлелдеп берді. Орекстрде түрлі музыкалық аспаптардың дыбысы жарасымды үйлесім табуы дыбыс күшейткіш арқылы сәтті түрлі аспаптардың оркестрде пайдалауныа мүмкіндік туды. Осының бәрі бұрын халық оркестрлерінде пайдаланылған аспаптардың жаңа колористік мүмкіндіктерін ашып берді. Қазақ халқының аспаптық творчествосы бірегей халық аспаптарымен музыкалық шығармаларын пайдалану ғана емес, сонымен бірге халық аспаптарының орындаушылық мәнерінің өзіндік ерекшелектерін сақтау арқылы да көзін тапты.



Тақырып: Қазіргі зонг-опера вокалды аспапты ансамбльдердің көңіл көтеруші шоу бағдарламалары.

Жоспар:

1. Қазіргі кездегі рок музыкасының бағыттары.

2.Опера, балет,концерттердің жаңа бағыттары.
Қазіргі кездегі рок музыканың бағыттары сан алуан. Атап айтар болсақ: хард-рок, поп-рок, арт-рок, поп-рэп, диско, фанк, фьюжн, фольк-джаз т.б.

Рок музыка стилінің кейбір бағыттары оның музыканың басқа түрлерімен сабақтасуынан пайда болып, әрі қарай дами бастады. Ағылшынның «Gream», Американың «Chicago » топтарын алатын болсақ, олардың шығармаларындағы рок пен джаздың үйлесімділік тапқаны соншалық, қай стильдегі орындаушылар екенін ажырата алмайсың. Кейінгі кезде джаз музыка өнерінің балгілі қайраткерлері М.Дэвис, Э. Фитцджеральд, Дж. Смит, Д. Брубек те рок музыкаға бет бұрып, осы стильдегі шығармаларды орындады.

Сондай-ақ, рок-музыканың әсері байыпты музыканы да, оны жазушы композиторды да шет қалдырған жоқ. Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан опера, балет, симфония, концерт формаларынан да көрініс тапты. Оның мысалы ретінде « Иисус-Христос-суперзвезда» - рок операсын, « Волосы » - рок мюзиклін, Бернстайнның рок - мессасын, Қазақстандық А. Серкебаевтың «Маугли» рок-балетін т.б. алуға болады.

Қорыта келе айтпағымыз, рок-музыка стилі қазір шарықтау шегіне жетті. Әрі қарай қалай дамитынын заман ағымы көрсетеді. Дәл қазіргі 2004 жылы, жұрт құлағы таза, үнді, табиғи дыбысты іздей бастағандай...





042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті


Тақырыбы: Мектептегі вокальды-аспаптық ансамбльдерді ұйымдастыру және оқу тәрбиелеу жұмыстары.
Жоспар:

  1. Оқу процесін аспаптармен қамтамасыз ету жағдайлары.

  2. Оқу жоспары және бағдарлама.

Мектептегі вокальді- аспапты ансамбльдерді ұйымдастыру, музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің толық құндылығы оқу процесінің мазмұны мен ұйымдастырулыуна тікелей байланысты екені белгілі. Олар бірқатар жолын педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі; оның жүйелілігі, түсініктілігі, көрнекілігі, өмір мен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның, оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілік.

Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға, қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау- күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой-елегін өткізуден, жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы инициатива көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен ізденуінен көрінеді.

Жоғарыда аталған тәрбие міндеттерін шешу едәуір дәрежеде вокальдық-аспаптық ансамбль қызметінің мазмұнына репертуар саясаты мәселесінің дұрыс шешуіне байланысты.

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының вокальдық-аспаптық ансамбльдері мен оқушы жастарды біріктірген ансамбльдердің репертуарына талдау жасау репертуар саясатының көптеген ансамбльдерге тән мынадай бірқатар оңды тенденцияларын көрсетіп берді.


  1. Көкейтесті тақырыптарды игеруге, қатысушылардың адамгершілік және эстетикалық мұраттарға көзқарасын бейнелеуге ұмтылуы

  2. Вокальдық- аспаптық ансамбль мүшелерінің творчестволық және қоғамдық белсенділігі, жергілікті тақырыптарға шығармалар тудырып, орындауға ұмтылыс.



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті




  1. Музыкалық білімге құлшыныс; музыкалық сауат негіздерін игеруден кәсіптік мектепте білім алуды жалғастыра беруге дейін ұмытылыс.

  2. Көптеген вокальдық-аспаптық ансамбльдердің халық әндерін орындауға зейін қойды.



Тақырып: Вокал мен аспап қызметі.
Жоспар:

1. Ансамбльдегі аспаптардың үнін келтіру.

2. Шығарманың орындау ерекшелігі.
Практикада динамиканың ( қатты, жәй, дыбыс күшін арттыру немесе азайту) және агогиканың ( жылдамдату, баяулату, аялдау ) негізгі элементтерін орындау шығарманың сипатына байланысты әсіресе қазақ халқының музыкалық шығармаларында өзінің реңктері жағынан толып жатқан әрі өте нәзік сипаттамаларға ие болады. Ансамбльдің жалпы үнін реттеу жұмысы дыбыс күшейткіш аппаратураны, электракустикалық түрлендіргіштерді жақсы білу, оларды тиісінше ретке келтіре білу маңызды. Мысалы, «ва-ва» (бақа) эффекті негізгі тонның энергиясы мен оның төменгі обертендарының арасындағы арақатынастың үздіксіз, бірақ айтарлықтай жылдам өзгеруі; «ФАЗЗ» - негізгі тонға көп мөлшерде обертондарды қосу, бұл ызыңдаған, дірілдеген дыбыстар беріп, аспаптың табиғи тембрін адам танымастай өзгертіп жібереді, «МОУЛ» - соңғыдан төмен жатқан жоғары жиіліктерді алып тастайды. Мұның өзі «органның» өте жуан дыбысы шыққандай әсер тудырады; «СКРЕМИНГ БЕРД» (сөзбе-сөз аударғанда - шыңғырған) – орта жиіліктегі дыбыс шыңы, гитараға немесе басқа аспапқа жасалады; «БЛЕК- ФИНГЕР» - гитара шегін бір шертіп қалғаннан кейін дыбысты бір деңгейде ұзақ ұстай отырып, оған, тиісінше, шиқылдаған әуез немесе қоңырау дауысы сипатын беруге мүмкіндік туғызады.

Шығарманың орындалу ерекшелігін ескере отырып, вокальдық-аспаптық ансамбль жетекшісі белгілі бір көркемдік міндеттерге жету үшін техникалық құралдарды пайдалану жөнінде қандайда бір шешім қабылдайды. Ол қатысушыларды аса ірі дыбыс пландарын, дауыстар мен аспаптарды коррекциялаудың арнаулы жиілігін, «жаңғырық» эффектін жасанды жолмен ревербациялау (дыбыстың біртіндеп өшуі) және қазіргі заманғы дыбыс күшейткіш аппаратураның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланған кезде белгілі бір көркемдік және техникалық нормаларға үйретеді.





042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті


Тақырыбы: Өзін-өзі сүйемелдеп ән айту тәжірибелері.
Жоспар:

  1. Орындаушының естуді бақылау ән айту мен сүйемелдеу кезінде дыбыстық теңдікті сақтау мүмкіндігін қалыптастыру.

  2. Орындаушылық дағдыға сәйкес болып келетін вокальды аспапты іс- әрекеттің нақты үйлесімділігін жасау.

  3. Сүйемелдеу партиясын бірте-бірте күрделендіру.

Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып, балалар композитордың өмірі, шығармашылығымен танысады. Осылайша муызкаға деген қызығушылығы, эмоциялық көзқарасы, қалыптасады. Және шығарманың мәнерлік құралдары болатынын ажырата алатын болады.

Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ертеден –ақ аңыз болып тараған. Оған мысал ретінде «Ақсақ құлан» т.б. көптеген күй аңыздарын алуға болады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған мәселелердің бірі осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп, адам өмірін нұрландыруға, ат салысатын музыканың білімді азамат тәрбиелеу. Оның түп-тамыры, негізі музыканы қабылдай білуде жатыр.

Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға, баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.

Музыканы тыңдаған кезде бала еркін отыруы керек, бұл тәсіл орындалып, жатқан шығарманы қозғалмай байсалды тыңдауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ музыка тыңдап отырған кезде, сөйлеуге, мұғалімге сұрақ қоюға болмайтынын білу керек. Бірте-бірте мұғалім балалардың музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады. Музыка тыңдау барысындағы мұғалімнің жүріс-тұрысы, өзін ұстауы өте үлкен рол атқарады.

Мұғалім тыңдауға ұсынған шығарманы өзі орындаса, мүмкіндігінше нотасыз ойнауға тырысу керек.

Вокальдық педагогикалық талаптарына сай балаларды ән өнеріне баулуда тәжірибеде қолданылатын арнайы ән жаттығуларының алатын орны ерекше. Сабақтың мақсатына сай өз орнын тауып қолданылған. Жаттығулар тек дауыс аппаратын ән айтуға дайындап қана қоймай, белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуға байланысты дағдылы қалыптастырады.

Музыкалық шығарманы игеру, оның мәніне терең бойлай ену дәйекті де ұзақ процесс. Музыкалық шығарманы ұжымдық үйренуге



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

кірісе отырып, шығарманың музыкалық тексін дәлме-дәл орындау, шығарманың жалпы сипатын формасын, ладтық-гармониялық негізін, ритм мен әуенінің сипатын анықтау, музыка дыбысын шығарудың барлық тәсілдерін белгілеу, бүкіл пьесса бойына дыбыс күшін бөлу, вокальдық және аспаптық топтарының және топтығы әрбір партияның дыбысының тепе-теңдігіне қол жеткізу, ансамбльдің орындаушылық шеберлігінің дәлдігіне жету қажет.

Шығармашылық мазмұнын ашу бөліп-бөліп орындаудан біртіндеп негізгі мағынасын және оның көркемдік детальдарын тұтас біріктіруге дейін жүреді. Осыдан келіп шығарманы үйрену методикасы мынаған саяды. әдеби және музыкалық тексті, шығарманың әсерлілік құралдарын, музыкалық образдың сипатын талдау; шығарманы орындаудағы қиын тұстарды анықтау; ансамбльдің орындаушылық мүмкіндігімен оны «өлшеп-пішіп» көру; қиын тұстарды ойлап үйрену жөніндегі жұмыс әдістемесін анықтау; көркемдік – орындаушылық ой-тұжырымды әзірлеу.

Шығарманы үйрену үстінде оның ұлттық ерекшелігін оның ұлттық ерекшелігін анықтап алу қажет. Бұл көркем образдың мәніне терең бойлай ену үшін маңызды. Халық музыкалық творчествосының элементтерін; халық аспаптарының өзіндік ырғақтарын, ладтарын, тембрларын, халықтық орындаушылық өнер тәсілдерін пайдаланып үйрену керек.

Сондықтан біз халық-музыкалық творчествосын үйренуді шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлеміз. Вокальдық – аспаптық ансамбльдің оқу сабақтары ән айтудан, вокальдық – есту және аспаптық құлақ күйі келтіруден басталады. Шағын жаттығуларды, репертуардағы әндерден үзінділерді әндету, ансамбльдік орындау дағдыларын жетілдіруді көздейді.



Тақырып: Репертуармен жұмыс.
Жоспар:

1.Шығарманы талдау оның мазмұнын шығармашылық тұрғыдан сараптау.

2. Репертуарға қойылатын талаптар.
Жоғарыда аталған тәрбие міндеттерін шешу едәуір дәрежеде вокальдық-аспаптық ансамбль қызметінің мазмұнына репертуар саясаты мәселесінің дұрыс шешуіне байланысты.

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының вокальдық-аспаптық ансамбльдері мен оқушы жастарды біріктірген ансамбльдердің репертуарына талдау жасау репертуар саясатының көптеген



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

ансамбльдерге тән мынадай бірқатар оңды тенденцияларын көрсетіп берді.

  1. Көкейтесті тақырыптарды игеруге, қатысушылардың адамгершілік және эстетикалық мұраттарға көзқарасын бейнелеуге ұмтылуы

  2. Вокальдық- аспаптық ансамбль мүшелерінің творчестволық және қоғамдық белсенділігі, жергілікті тақырыптарға шығармалар тудырып, орындауға ұмтылыс.

  3. Музыкалық білімге құлшыныс; музыкалық сауат негіздерін игеруден кәсіптік мектепте білім алуды жалғастыра беруге дейін ұмытылыс.

  4. Көптеген вокальдық-аспаптық ансамбльдердің халық әндерін орындауға зейін қойды.


Тақырыбы: Дайындық өткізудің әдісі мен түрлері. Эстардалық музыкалық репертуарды дайындау.

Жоспар:

1. Жұмыс жоспарын құру.

2. Музыка материалымен және ән мәтінінмен танысу.

3. Шығарманы орындауды талдау.


Эстрадалық қатысушыларға музыкалық – эстетикалық тәрбие берудің толық құндылығы оқу процесінің мазмұын мен ұйымдастырылуына тікелей байланысты екені белгілі. Олар бірқатар жалпы педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі. Оның жүйелілігі, түсініктілігі, дәйектілігі, көрнекілігі, өмір мен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілік.

Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау - күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой елегінен өткізуден жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы –инициатияға көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен іздестіруінен көрінеді.

Қазіргі заманғы әндер туралы мәселені талқылаған кезде текстердің көркемдік сапасы туралы образдардың салалығы, көркемдігі туралы, теңеулердің саналылығы, жаттандылығы туралы көп жағдайда қызықты пікір-сайыстар туды, бірақ қайсыбір өзінің музыкалық


042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

әсерлілігі туралы, оның көркемдік артықшылығы, оның идеялық және солай бағыты туралы мәселелер өте көп.

Халықтың музыкалық творчествосын игеру, оның мәніне бойлай ену- қыруар еңбекті талап ететін дәйекті де ұзақ процесс. Мұны жүзеге асыруда түрлі әдістерді пайдалануға болады. Мысалы: қазақ күйлерінің үлгілерімен танысу домбырада ойлаған және қазақтың көне халық аспаптарын қоса отырып, вокальдық-аспаптық ансамбльде ойнаған фотожазбаны зерттеуден басталды.

Педагог ұйымдастырушы тәрбиеші ретінде жетекші өзінің педагогтық шеберлігін арттырып, барлық жағынан үлгі болуға міндетті. Ол дайындықты ұйымдастырудың барлық мәселелерін шешуге, оның жоспарын жасауға, музыкалық шығармамен жұмыс істеудің мазмұны мен әдістерін, жеке-дара және топтың сабақтардың формаларын, тәсілдері мен әдістерін құралдарын динамикалық келісімділігін және т.б. мұқият ойластыруға тиіс.

Концерт қойылымдарын ұйымдастыру, байқауларға, конкурстарға, көркем өнерпаздар үйірмесінің фестивальдарына қатысу – «кері байланысты» жүзеге асырудың, қол жеткен нәтижелерді бақылаудың білімді іске жаратудың, оқыту мен тәрбие тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық тиімділігі есепке алудың маңызды жолы.

Теориялық практикалық оқу, репетициялық сабақтарды және т.б. ұйымдастыру арқылы түрлі ұйымдық формаларда өтетін музыкалық бөлімдердегі оқу процесі педагог пен тыңдаушылар қызметінің алуан түрлерін қамтиды.

Педагог-музыкант студенттердің білімді, шеберлік пен дағдыларды игеруде белсенділік пен дербестікті дамыту және халық музыкалық творчествосының негіздерін оқып үйреніп, оларды оқумен көркемөнер практикасында қолдануы жөнінде жүйелі жүргізуді қамтиды.

Педагог эстетикалық тәрбие ретінде вокальдық -аспаптық ансамбльдің музыка өнеріндегі алатын орны мен ролін анықтап, вокальдық- аспаптық жанрдың көркемдік атқару бағыты мен стилін ашуы, вокальдық және аспаптық топтардың жеке-жеке ансамбльдік орындау дағдыларына ие болуы үшін жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл орайда оқу-тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлы және маңызды мәселелерін шешіп, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын нақтылайды, ансамбльде творчестволық және еңбек тәртібін нығайтады.

Вокальдық – аспаптық ансамбль сабақтарында қатысушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой-пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды.

Тіпті концерт кезінде орындау сапасы шығарманы игеру, оған көзқарас дәрежесінің толық «обьективті» көрсеткіші сияқты.



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті


Тақырып: Концерттік қойылым.
Жоспар:

1. Концерттік қойылымға дайындық.

2. Сахнада орналасу, жарық киім, режиссер кеңестері.
Концерт қойылымдарын ұйымдастыру, байқауларға, конкурстарға, көркем өнерпаздар үйірмесінің фестивальдарына қатысу – «кері байланысты» жүзеге асырудың, қол жеткен нәтижелерді бақылаудың білімді іске жаратудың, оқыту мен тәрбие тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық тиімділігі есепке алудың маңызды жолы.

Теориялық практикалық оқу, репетициялық сабақтарды және т.б. ұйымдастыру арқылы түрлі ұйымдық формаларда өтетін музыкалық бөлімдердегі оқу процесі педагог пен тыңдаушылар қызметінің алуан түрлерін қамтиды.

Педагог-музыкант студенттердің білімді, шеберлік пен дағдыларды игеруде белсенділік пен дербестікті дамыту және халық музыкалық творчествосының негіздерін оқып үйреніп, оларды оқумен көркемөнер практикасында қолдануы жөнінде жүйелі жүргізуді қамтиды.

Педагог эстетикалық тәрбие ретінде вокальдық -аспаптық ансамбльдің музыка өнеріндегі алатын орны мен ролін анықтап, вокальдық- аспаптық жанрдың көркемдік атқару бағыты мен стилін ашуы, вокальдық және аспаптық топтардың жеке-жеке ансамбльдік орындау дағдыларына ие болуы үшін жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл орайда оқу-тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлы және маңызды мәселелерін шешіп, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын нақтылайды, ансамбльде творчестволық және еңбек тәртібін нығайтады.

Вокальдық – аспаптық ансамбль сабақтарында қатысушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой-пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды.

Тіпті концерт кезінде орындау сапасы шығарманы игеру, оған көзқарас дәрежесінің толық «обьективті» көрсеткіші сияқты.


Тақырып: Музыкалық театрдың дәстүрі мен жаңашылдығы.
Жоспар:

  1. Театр - өнер түрі.

  2. Театрдың түрлері.

042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті




  1. Қазақстандағытеатр өнерінің қалыптасуы және дамуы.


Театр (грек. Theatron – ойын – сауық орны) – қоршаған ортаны актер ойыны және драмалық іс-қимыл арқылы бейнелейтін өнер түрі.

Театр негізі – драматургия. Драматургия театр өнерінің даму бағытын, мазмұнын, оның жанрлары мен көркемдік құралдарының жетілуін айқындайды. Теарт үшін драматургия қандай қажет болса, драматургия үшін театр да сондай қажет. Драматургиялық шығарма ең алдымен көрермен үшін жазылады. Театрсыз драматургия өзінің барлық мазмұндық байлығын ашып көрсете алмайды.

Театр өнерінің туындысы – спектакль. Театрда творчестволық процесс пен оның нәтижесі – спектакльді ажырату мүмкін емес. Спектакльді кітап немесе картина, басқаша айтқанда, аяқталған шығарма деп қарастыруға болмайды, ол үзіліссіз, бітпес шығармашылық. Сондықтан актер әр спектакль сайын жаңа рөлге еніп, көрермен алдында кейіпкер образын жасайды.

'Тұңғыш театрдын шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында М.Әуезовтін "Енлік - Кебек" трагедиясымен ашылды. 1926-30 жылдары М.Әуезовтің "бәйібше - тоқал", "Қаракөз". Б.Майлиннің "Шаніпар молда", "Неке қияр", Ж.Шаниннін "Арқалық батыр", "Баян батыр" пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде қазақ халқының әр дәуірдегі өмір-тұрмысы, тағдыры көрсетіліп, әйел теңсіздігі мен ескіліктін кертартпа қылықтары өткір сыналды. Ол кезде эпостық тақырыптағы немесе тарихи оқиғалар негізінде жазылған драмалық шығармаларда актерлер еркінірек ойнады. Өйткені мұндай туындылардағы оқиғалар оларға бала жастан таныс еді. Эпостық тақырыптағы драмалық шығармалар бойынша қойылған спектакльдерде, әсіресе ақындық пен шешендік сайыстардағы диалогтар, оның мәні мен мазмұнын ашу, қимыл-қозғалыс, қарым-қатынас, психологиялық толғану сәттері, тіптітартысқа түскен екі жақтын жарыла отырып, бар зейін-ықыласымен беріліп, өздерінің көңіл күйін білдіруі, сөз нышанын әркімнің өзінше сезінуі, бағалауы.

928 жылы қазақ драма театры Алматыєа көшіп келгеннен кейін мұнда творчестволық жўмыс жүргізуге айтарлықтай жағдай жасалды. Театрға арнайы үй беріліп, костюм, декорациялық буйымдар жасайтын цехтар ұйымдасгырылып, дарынды да талантты жастармен театр труппасы толықтырыла тусті. Олардың ішінде тамаша әншілігі мен драмалық таланты қатар дамыған Күләш Байсейітова, бірнеше пьеса жазған Қанабек Байсейітов, биші Шара Жиенқұлова, әншілер Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жұмат Шанин болды. Бїл кезендегі театр сахнасына қойылған драмалық шығармалардың дені - қазақ ауылындаєы келенсіз жайттарды әшкерелейтін пьесалар.

1934 жылы Алматыда музыкалық театр (қазіргі опера және балет театры), Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл, Орал, Семей және Шымкентте облыстық қазақ театрлары ашылып, халыққа мәдени қызмет көрсете басгады. Облыс орталықтарында шаңырақ қөтерген театрлар өз репертуарларын Мұхтар Әуезов драматургиясынан бастады, әрі актерлік пен режиссерлік өнер саласында жеткен биігін де осымен межеледі.

¥лы Отан соғысы жылдары театрлар репертуарынан бұрыннан қойылып келе жатқан пьесалармен қатар әскери тақырыпқа жазылған Мұхтар Әуезовтін "Сын сағатта", Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтін "Намыс гвардиясы", Сәбит Мұқановтык "Жеңіс жыры", Әлжаппар Әбішевтің "Найзагай" мен "Қырағылық" атты және тағы басқа драмалық шығармалар орын алды.

1944жылы Алматыда Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрының құрылуы республикадағы аса елеулі оқиғалардың бірі болды. Театр екі группадан тұрды. Қазақ группасы сахналық жолын Островскийдін "Мысыққа күндетой бола бермес" атты пьесасын қоюмен бастады. Алғашқы мектеп бағдарламасына сәйкес пьесалар мен аныз-ертегілер, инсцировкалар қойды.

50-ші жылдары аударма пьесалар мен тарихи-фольклорлық тақырыпқа жазылған драмалық шығармалар ұлттық театрлар репертуарынан мол орын алды. Осы жылдары театрлар сахнасында Ғабит Мүсіреповтін "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері -Ақтоқты", Мұқтар Әуезовтің "Еңлік -Кебек" сияқты драмалық шығармалары сахнаға қайта қойыла бастады.

Қазақ драма театрларының 60-жылдардағы репертуарлық қоры мазмұндылығымен әрі оған енген шығармалардың әр алуандылығымен ерекшеленді. Тахауи Ахтановтын, Қалтай Мұхамеджановтың, Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Бәйсейітовтің, Қапан Сатыбалдиннің, Зейтін Ақышевтің шығармалары орын алды. Қазақ драма театрының 60-жылдардағы зор жетістігіне Шыңғыс Айтматовтын "Құс жолы" повесі негізінде қойылған "Ана '- Жер-ана" спектаклі жатады.

70-жылдардың басында Қазақ драма театрының репертуарынан ақын Құдаш Мұқашевтың қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ілиястын жастык, шағы, туып-өскен ортасы мен жаңа өмірге деген көзқарасының бірте-бірте қалыптасуы туралы сыр шертетін "Дала дастаны" атты тарихи-ғұмырнамалық драмасы орын алды.
Тақырып: Режиссер – театрдың көркемдік жетекшісі және шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырушы.

Жоспар:


  1. Музыкалық театрдың әйгілі режиссерлары.

  2. Актерлармен жұмыс.

Театрдың табиғаты жағынан – ұжымдық өнер. Режиссураның пайда болуы да театрдың осы табиғатынан туындаған. Режиссура драматургияны белгілі бір тұрғыда интерпретациялау және театр ұжымының күш жігерін



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

спектакльдегі идеяны, ойды ашып, іске асыруға жұмылдыру қажеттілігінен қалыптасады.

Спектакльді дүниеге келтіруші – режиссер. Спектакльді ұйымдастырушы, қоюшы, актердің талантын ашушы ретінде режиссердің алатын орны ерекше. Бірақ ол спектакльді бір өзі жасамайды. Қалай десек те, актер театр өнерінің басты тұлғасы және өнердің бұл түрінің ерекшелігі де актермен, оның шеберлігімен тығыз байланысты. Қайталанбас театр туындысы тек бір-бірін терең түсінетін, ауыз бірлігі бар ұжымды ғана дүниеге әкеледі.



Тақырып: Режиссураның педагогикалық негіздері.
Жоспар:

1.Спектакльді қоюдың жоспары.

2. Пьесаны тыңдау және талқылау.

3. Театр үйірмелерін ұйымдастыру.


Мақсатқа жету жолындағы ізденіс – педагогикалық практикада негізгі методологиялық, яғни әдістемелік қиындықтардың бірі.

Мәтіннің иерархиялық құрылымы бар. Оның барлық ішкі , сыртқы жақындығы өзара белгілеп, өзара ескертіп және режиссерлық-педагогикалық шешіммен тығыз байланысты болады.

Мәтін – автордың ниетіне, ойына тереңдей түптеп бойлаудың жолы.Автордың шығармасын ынтамен оқу, авторлық мәтінді жаттау – шығармамен жұмыс жолында автордың ойына, ассоциациясына енуге талпыныс болып табылады.

Ақынның бұл өлеңін оқи отырып, алғашқы сәттен-ақ үмітсіздікті, өмірге деген, қыздарға деген ренішін, бақыт пен қуаныштың басынан кеткендігін аңғарғандай боласың.

Сонда бұл өлең не үшін жазылды? Автордың айтайын деген ойы не? Мүмкін, ақын бұл өлеңді үмітке қол созу сәтінде, жалғыздықтан шаршаған кезде жазған болар? Өлеңнің әр жолында ақын өзінің бақыт құсына қол жеткізе алмағанын жазады. Ал өлеңнің аяғында өзінің армандаған аққуына бәрібір қол жеткізетінін, соған сенетінін айтада.

Сонда ақынның кейіпкеоріне сенім қайдан пайда болды? Оған өз өмірін жалғастыруына не көмектесіп отыр?

Автордың ойын түсінуге тырысқан сайын бұл сұрақтар біздің алдымыздан кесе-көлденең шыға береді. Орындаушының алға қойған мақсаты не? Кейіпкердің мұңын қалай айқындауға болады, жалпы, өлеңді қалай оқу керек?

Өлеңнің мағынасын қалай түсінуге, кейіпкермен бірге мұң жетегіне жүруге тырысайық. Бұл өлеңде құштарлықтың, сезімнің, алаңдаушылықтың іздері, өткеннің және бүгіннің байланысы бар.





042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

Иә, өмір де, адам да өзгереді. Сондықтан бұл өлеңнің идеясы кейіпкердің мақсатына жетем деген үмітінің қашан да биік тұратындығында. Осындай шешім өлеңнің алдына қойған мақсатын тыңдаушыға жеткізе алады.
Б А Қ Ы Л А У Т Ү Р Л Е Р І

Тестік сауалнамалар


ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Дискобағдарламадағы материалдың композициялық құрылымының негізгі әдісі.

А) миниатюра.

Ә) монтаж

Б) интерпритация

В) сюжет.
2. Тынығу, қарыма-қатынас нығайту,көңіл көтеру ұымдарының жұмыстарын ата?

А) дискотека

Ә) қол өнер

Б) би өнері

В) шеберлік.
3. Мектеп сахнасына арналған кітап жинақтар.

А) «Мектеп кеші көңілді» «ойнайықта ойлайық» т.б.

Ә) «Алдар көсе »

Б) «Аяз ата.» «Балдырған »т.б.

В) «Көңілді балалар кеші.»т.б.
4. Рок –музыкасы алғаш қай елде пайда болды?
А) Америкада

Ә) Бразилияда

Б) Африкада

В) Аргентинада.


5. Рок-н-рол королі атағын алған кім?

А) Филип Киркоров

Ә) Боб Дилонд

Б) Элвис Пресли

В) В.Высоцкий.


042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

6. «Биг-бит» немесе «бит» қандай ұғымды білдіреді?

А) соғу, ырғақ, қағу.

Ә) екпін, өлшем.

Б) үрлеу, ритм.

В) темп.
7. Кантри-энд вестерн тақырыбының мазмұны қандай?

А) ән, би, күй.

Ә) вальс

Б) марш, полька

В) жол, саяхат, матрос, ковбойлар.
8. «Фольк -рок» бағытындағы қандай ансамбілді жатқызуға болады.

А) «Гая»


Ә) Беолр. «Песняры», Укр. «Кобза» , «Ариэль»

Б) «Қоғалай»

В) «Битлз»
9. «Бит» музыкалық көрнекті өкілі .

А) «Айгөлек»

Ә) «Гая»

Б) «Самоцветы»

В) «Битлз.»
10. Аңыз күйлерін ата?

А) «Ария»

Ә) «Сонатина»

Б) « Партия күйі»

В) «Ақсақ құлан»
11. Вокалды-аспаптық ансамбілдердің оқу сабақтарының кезеңдері.

А) ән айту, есту, құлақ келтіру,шағын жаттығу.

Ә) би билеу

Б) дискотека

В) серуен құру.
12. Музыкалық шығармаларды игеру.

А) тембр


Ә) тыңдау

Б) көңіл қою

В) мукалық тексті орындау, ладтың негізі, ритм мен әуен.
13. Қазіргі заманғы әндер туралы түсінік.

042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

А) тыңдағанда

Ә) орындаушыға байланысты

Б) әннің әсерлігі, көркемдік артықшылығы.

В) естуде көп мән бар.

14. Халық музыкасының творчестаосын игеру.

А) күйлердің үлгілерімен танысу.

Ә) ән-күй

Б) би элементі

В) вальс.
15. Педагог ұйымдастырушы ретінде.

А) күйші

Ә) әнші

Б) жоспар құрушы, сценарист



В) барлық мәселелерді шешуге, жоспар жасауға шығарманың мазмұны мен әдістері т.б.
16. Көркем үйірменің жүзеге асыру.

А) бау-бақша теру

Ә) сабақ оқу

Б) ққызығушылық, өз бетінше жұмыс.

В) байқау, конкурстарға, фестивальдарға қатыстыру.
17. Оқу жоспары және бағдарламасы.

А)жүйелігі, түсініктілігі, дәйектілігі, көрнектілігі..

Ә) әуеқойлық, қызығушылық.

Б) билеу, серуендеу,т.б

В) ән айту, аспапта шебер орындау
18. Репетиторға қойылатын талаптар.

А) идеялық, көркемдік, өңдеудің жоғары сапа деңгейі.

Ә) әуеқойлық, қызығушылық.

Б) билеу, серуендеу,т.б

В) ән айту, аспапта шебер орындау
19.Вокалды аспаптың орындаушылық түрлері.

А) шеберлік, білім, дағды.

Ә) әуеқойлық, қызығушылық.

Б) билеу, серуендеу,т.б

В) ән айту, аспапта шебер орындау.
20. Балалар өнерін қай театрға жатқызуға болады?

А) Балалар музыка театры.



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

Ә) Опера балет театры.

Б) Драма театры.

В) Қуыршақтар театры.

21. Әсерлілік құралдары.

А) әуенде, ырғақта, гармонияда

Ә) әсерлі орындауда.

Б)темпте

В) лад, фригилік, дорилік.


22. Қазіргі эстрадалық музыка үш негізгі бағыты.

А) Рок-н-рол

Ә) таза фольклер, қазіргі заманғы және фольклерлық қазіргі заманғы

Б) Класика.

В) ерте заманғы, орта ғасырғы
23. Жастар музыкалық ансамбльдері.

А) Аврора

Ә) Роп-и-рол

Б) Айғөлек, Яшлык .

В) Дос-Мұқасан, «Айгүл», «Серпер»
24. 20 жж-да қай стиль етек жайды.

А) вальс


Ә) польс

Б) Джаз


В) сонатина
25. Қай жылы қазақ драма театры Алматыға көшіп келді.

А) 1928ж


Ә) 1930ж

Б) 1940ж

В) 1918ж
26. С.Сейфуллиннің революция қозғалысының тұңғыш спектаклі.

А) «Перизат-Рамазан»

Ә) « Айша», «Көзілдірік»

Б) «Ана жер Ана»

В) «Қызыл сұңқарлар»
27. Б.Майлиннің шығармасы.

А) «Перизат-Рамазан»

Ә) « Айша», «Көзілдірік»

Б) «Ана жер Ана»



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

В) «Қызыл сұңқарлар»
28. Төлепбергеновтың шығармасы.

А) «Перизат-Рамазан»

Ә) « Айша», «Көзілдірік»

Б) «Ана жер Ана»

В) «Қызыл сұңқарлар»
29. Алматыда,Ақтөбеде, Қарағандыда, Оралда, Шымкентте қай жылдары қазақ музыка театры ашылды.

А) 1928ж


Ә) 1934ж

Б) 1940ж


В) 1918ж

30 .Алғаш театрдың жас әнші түлектері.

А) Күляш Байсейітова, Қаныбек Байсейітов.т.б

Ә) Шара Жиенқұлова

Б) Алла Пугачева

В) Л.Гурченко.


31. Алғашқы музыка театрының бишісі.

А) Күляш Байсейітова, Қаныбек Байсейітов.т.б

Ә) Шара Жиенқұлова

Б) Алла Пугачева

В) Л.Гурченко.
32. Алматыда Қазақстан балалар мен жасөспірім театры қай жылдары құрылды?

А) 1928ж


Ә) 1934ж

Б) 1940ж


В) 1944ж

33. 60 жылдағы Ш.Аймаутов «Құс жолы »повестінің негізі қай спектакілден.

А) «Перизат, Рамазан »

Ә) «Айша »

Б) «Ана-жер Ана»



042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

В) «Қызыл сұңқарлар»

34. Алғашқы сахна актерлері.

А) Қ.Жандарбеков,Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев,Ж.Шанин.

Ә) Шара Жиенқұлова

Б) Алла Пугачева

В) Л.Гурченко Күляш Байсейітова, Қаныбек Байсейітов.т.


35. Театр сөзі (ойын сауық орны) қай тілден аударылған?

А) грек


Ә) араб

Б) француз

В) ағылшын
36. Театр өнерінің туындысы.

А) инсценировка

Ә) спектакль

Б) дискотека

В) қолөнер

37. Интерпретация негізгі тұлғасы.

А) шофер

Ә) актер


Б) суретші

В) шахтер

38. Спектакльді дүниеге келтіруші.

А) режиссер

Ә) актер

Б) драматург

В) жазушы

39. Театр түрлерін ата.

А) опера-балет театр, драма театр, қуыршақ театр.

Ә) ансамбль театр

Б) самодеятельный театр

В) қол-өнер театр

40. Мектеп сахнасынан қай ақындардың шығармасын білесің?

А) Ж.Жабаев

Ә) Абай Құнанбаев

Б) Мағжан Жұмабаев

В) Ә.Табылдиев, Т. Боранғалиев.


042-18.1.32/01-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті

П А Й Д А Л А Н А Т Ы Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р


  1. Аравин П.В. народное творчество-основа реалистической музыки. А., 1959.

  2. Ахметов М.М. Песня и современность. А., 1968.

  3. Абилов З. Эстетическое воспитание учащихся средствами искусства во внекласной работе. А.,1970.

  4. Абдуллин Э.Б. Избаранные статьи о музыкальном просвещении и оброзовании. Л.,1972.

  5. Ахметова М.Традиции казахской песенной культуры. А., 1984.

  6. Әлібеков Ә. Баланың көңілі бастыста. «Егеменді Қазақстан» 27.01.2001.

  7. Балтабав М.Х. Программа и учебной план подготовки руководителей ВИА на ФОПЕ вузов. А.,1979.

  8. Балтабаев М.Х. Қазақ халық музыкасы және студент жастар. А., 1991.

  9. Вызго Т.С. Музыальные инструменты Средней Азии. Ист.очерки. М., 1980.

  10. Вопросы истории и теории музыка Казахстана. Сб.статьей.А., 1984.

  11. Гизатов Б. От кюя до симфонии. А., 1976.

  12. Гольдхылд Г. Дискомода. М., 1981.

  13. Ерзакович Б.Г. Псеннная культура казахского народа. А., 1966.

  14. елеманова С.О. О социологической специфике устного профессионального музыкального фольклора. А., 1978.

  15. Инструментальная музыка казахского народа. А., 1985.

  16. Канапин А.К. варшавский Л.Н. Искусство Казахстан. А., 1958.

  17. Культурное строительство в казахстане. А., 1965.

  18. Кабалевский Л.Б. Эстетическая культура в школе.. М.,1971.

  19. Казыханова Б. Эстетическая культура казахского народа. А., 1973.

  20. Квасница Н.Коленчук В. Дизаин дискотеки. М., 1981.

  21. Краткий солварь по эстетике. М.,1983.

  22. Кабаев Л.С. Жастардың музыкалық талғамы. А., 1989.

  23. Кабалевский Д. Музыка туралы әңгіме. А., 1989.

  24. Қазақ театрының тарихы. А., 1975.

  25. Құндақбаева Б.Уақыт және өнер. А., 1981.

  26. Қазақтың музыкалық фольклоры. А., 1982.

  27. Қазақ музыкасының мәселелері. А., 1994.

Мендіаяқова К.М. Қарамолдаева Г.Ж. Мектепте музыка тәрбисін беру әдістемесі. А., 1997.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет