Қазақтар-ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпақтары. Территориясы Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр



Дата28.03.2023
өлшемі17,81 Kb.
#173189
Байланысты:
социология айжан
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э




Эссе
Қазақтар-ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпақтары. Территориясы Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр. Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді. Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан түрі - киіз үй. Киіз үй - көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен аталады. Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген. Бұл қазақ халқының бай болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ. 
Мыңдаған жылдар бойы жергілікті халықтың өмір салты көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелі халықтар Еуразия кеңістігіндегі өркениеттің дамуына әсер ете алды. Олар бұл өлкеде көш жолдарын түзді. Ол жолдар алыс қашықтарға ақпарат жеткізу құралына айналды. Сауда дамыды. Бір құрлықты мекендеген əр түрлі аймақтардың мəдени өмірі мен өркениеттерін бір-бірімен жалғастырған, материалдық жəне рухани құндылықтарымен танысуына себеп болған осы көшпелілік мəдениеті.
Қазақстанның соңғы үш мың жылдықтағы тарихы мен мәдениеті көшпелілікпен тығыз байланысты. Ел аумағындағы халықтың тұрмысының, психологиясының және менталитетінің, мәдени дәстүр-салтының негізі көшпелі өмір салтынан бастау алады.
Адамның өмір сүру ортасының ерекшеліктеріне икемделуі, бейімделу механимзмдері мәдениеттің белгілі бір түріне қарай жүзеге асады. Көшпелілік мəдениеті қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарының дамуына, қалыптасуына әсер етті деп айта аламыз. Бір-бірімен байланыстағы бұл құбылыстар мен үдерістердің нәтижесінде қазақ халқы кеңістікті бағдарлау, географиялық мүмкіндіктер сияқты бірегей қасиеттерге ие болып, соның арқасында олар көшпелі мәдениет экологиясынан туындаған географиялық нысандарға ат беріп, ерекше топонимикалық атаулар тауып, терминдер жүйесін қалыптастыра алды
Көш қазақ мәдениетінің көшпелі көрінісі. Салтанатты көшті өмірдің сәні ретінде бағалайтын қазақтар, көшті бір орыннан екінші орынға жұрт жаңалау үшін ғана емес, өз тұрмыс мәдениетін әйгілеп, көңіл көтерудің тамаша орайы деп білген. Сырттай сынай қарайтын ұлттар ойлағандай, көшіп-қонып, азып-тозып жүрген жоқ. Тереңрек айтсақ, қазақтың көш мәдениеті көне заманда көшпелі тұрмыс кешірген адамзат мәдениетінің соңғы сарқыны. Неше мың жылдан бері үзілмей жалғасқан мәдениетінің соңғы тынысы. Моторлы көліктердің жаппай қолданысқа енуі, адамзаттың отырықшы тұрмысқа көшуі, көшпелі тұрмыстыңда күнін батырды. Көшпелі тұрмыс тарихта өзінің айқын орынын алған үздік мәдениет. Әрине, көшпелі мәдениетке деген көзқарастар әртүрлі болды. Дәлірек айтсақ, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына назар аудару басым болды. Мысалға, Тойнби, Ратуель деген сияқты ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді» деген екен. Менің ойымша бұл қате айтылған пікір. Көшпелілерде де жазу-сызу ертеден пайда болды. Ия, әрине көшпелілерде жазу кеңінен дами алмады, бірақ халық жадында рухани мәдениет-шежіре тарихы, өнер, фольклор ерекше сақталды. Көшпелілер мәдениеті музыкамен табиғаттың ырғағымен өмір сүрген. Жібек жолындағы түрлі ескерткіштерді қазған кезде де, музыка және театр саласындағы даму барысы мен өзара бірін-бірі байытып отырғанын, дәлелдейтін заттар осыған айғақ. Олар түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болды деп ойлаймын. Себебі, көшпелілер әр халықтың жақсы мәдени үлгілерін өздеріне алып, басқа да халықтарға жұғыстырды.
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени кұндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған. Ыдыс-ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі.
Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұдан «Отырықшы халықтарда бұл қасиет болмады, не аз көрініс тапты» деген ой тумауы керек. Тек бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды. Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Қазақ мәдениеті жөнінде мәселе қозғағанда, біз мынаны естен шығармауымыз керек. Рас, қазақ мөдениеті өзінің негізгі діні, өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазақ мәдениетінде отырықшы өркениеттің үлгілері аз болған жоқ. Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік өңірлер мен Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түсті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет