7 Мемлекеттік бюджет



бет1/4
Дата13.03.2023
өлшемі27,11 Kb.
#172169
  1   2   3   4
Байланысты:
7 Дәріс


7 Мемлекеттік бюджет

Дамыған шет мемлекеттерде қаржы құрылымы барлық бөлімдегі қаржыларды топтап жинай отырып, мемлекетті қаржыландырудың таптық мүддесін қорғайға арналған. Олар ақша қорларын жасауға жағдай жасап, сол арқылы мемлекет өзінің саяси және де экономикалық функциясын іске асырады.


Қазіргі жағдайда шет мемлекеттердің қаржы құрылымы төрт тармақтан тұрады.

  1. мемлекеттік бюджет;

  2. жергілікті қаржы;

  3. мемлекеттік кәсіпорынның қаржысы;

  4. үкіметтің арнаулы қоры.

Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстанда бюджет жүйесін қалыптастыру және оның әртүрлі деңгейлері арасындағы қатынастарды жақсарту үшін жұмыстар жасалып жатқанына бірінші жыл емес. Негізінен бюджеттің кіріс бөлігін қалыптаптыру төменде көрсетілген негізгі мақсаттарды қаржыландыруға бағытталған мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын күрделі процесс болып табылады:

  • өндірістік және әлеуметтік сфераны дамыту;

  • әлеуметтік- мәдени бағдарламаларды қаржыландыру;

  • мемлекеттік басқару және билік органдарын ұстауға жұмсалатын

шығындар;
- қорғанысқа жұмсалатын шығындар.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді.
Мемлекеттік бюжет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады.
Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды болу және қайта бөлумен байланысты оның козғалыс процесін білдіреді.
Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мсн әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Бюджет механизмінде бюджеттік қатынастардың көрініс беру нысандарына байланысты мынандай құрылымдық буындарды бөліп көрсетуге болады: мемлекет қарауына ақша қаражаттарын жұмылдыру әдістері; бюджетті құрастырудың нысандары мен тәртібі және кәсіпорындарға, ұйымдарға, өндірістік және өндірістік емес аядағы мекемелерге бюджет қаражаттарын ұсыну, қаржылық ресурстарын бюджетшілік бөлінуі және қайта бөліп берілуі және оларды оңтайландыру.
Мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс.
Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді қабаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды тендестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым -қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы — бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы — бюджет құрылысын қүрайды.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік жоне унитарлық құрылымы болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет