Қазақтардың материалдық мәдениеті



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2023
өлшемі1,85 Mb.
#171006
  1   2   3
Байланысты:
Қазақтардың материалдық мәдениеті



Қазақтардың
материалдық
мәдениеті
Департамент классов старшей школы
Ориентационный буклет


Киіз үй
Мал баққан көшпелі
халықтардың қысы-жазы
отыратын баспанасы киіз үй
болған. Ол тез жығып, түйеге
артып жүре беруге, шашпаң
тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға
лайықтап жасалған.


Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында
кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір
еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір,
Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар
айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде
халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге
жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды
өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді
әдетке айналдырған.
Тарихы
«Бөгде елдің мәдениетіне зер салғанда өзіміз пір тұтатын қасиетті ғана мойындап, бізде
жоқтың бәріне мұрын шүйіру, сөйтіп ол халықты әлі балаң деп қарау — тарихшылар үшін
аулақ жүретін методологиялық аберрация. Мәселен, Еуропа мен Алдыңғы Азияның
халықтары цивилизацияға тұяқ іліктірісімен қалалар салып, көздің жауын алатын
ғимараттарды дүниеге әкелді. Түркілер болса үй салмады, бақша баптамады, себебі олар
қытымыр табиғат құрсауында отырып төңірегіндегі қылтанақ атаулыны аз уақытта отынға
айналдырар еді. Алайда, әрі кең, әрі жылы, көш-қонға қолайлы киіз үйге қарағанда тас лашық
пен балшығы баттасқан үйді қолайлы деп ешкім де дәлелін беземес. Табиғатпен тамырлас
көшпелілер үшін мұндай киіз үйлерде тұру астамшылық емес, кажеттілік болған»,— деп
жазыпты белгілі ғалым Л. Н. Гумилев. 


Ыдыс-аяқ
«Шешесін көріп-қызын ал, ыдысын
көріп асын іш», — деген қазақ
мақалында пәлсапалық, әлеуметтік
терең ой жатыр. Демек ұлт
тұрмысында ас сақталатын ыдыс-аяқ
мәселесіде шет қалмаған. Оған үлкен
мән бергендігіне жоғарыда бір ауыз
сөз куә.Ата-бабаларымыз ыдысты
көбіне ағаштан, жылқы, ешкі
терісінен, мыс, жез сияқты металл
бұйымдарын жасаған.


Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға да айрықша ден
қойған. Соның ішінде қымызға арналған түрлері
назар аудартады. Негізінен, бұл ыдыстарды
қайыңнан, табылып жатса, оның безінен жасауға
тырысатын. Өйткені, қайың мықты келеді.
Мұқият өңдеген қайың, әсіресе, оның безі қара
шұбарланып, қосымша әшекейсіз-ақ әдемі болады.
Шеберлердің айтуынша, әбден кепкен қайыңда
бөтен иіс те, шайыр да болмайды, сондықтан оған
құйылған қымыздың дәмі де бұзылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет