ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
Жер туралы ғылым кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақтың белгілі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі
Оқытушы: Сайлан Б. С
Студент: Байназарова Адия
Мамандығы: Метеорология
Алматы, 2023ж
Эссе
Қазақтың ұлт санасының оятушысы, қазақ ұлтшылдығының рухани көсемі,қазақ тіл білімінің негізін салушы, әрі ұлы ұстазы болған қайраткеріміз Ахмет Байтұрсынов. Ахмет атамыз қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды, халықтың арын іздеп, өзінің туған жері, елі үшін жанын ешқашан да аямады. Ол ұлт мұраты жолындағы ұлы тұлға.
Ұстаздық - ұлы құрмет, болашақтың алтын көпірі, тірегі мен жүрегі. Ұрпақтың ұлы болуы, заман талабымен білім арнасына қосылып, өмір белесін бағындыру- тікелей ұлағатты ұстазбен ұштасып сабақтасатыны хақ. Қай заман болмасын өзінің еліне адал кызмет етіп, ағартушылық іс-әрекеттерді атқара отыра ұлтының тарихы мен ежелден бергі қазақ мәдениетінің арнасын бүгінге мұра ат етіп қалдырған ұлы ұстаздарымыз баршылық. Солардың ішінде ерекше атауға тұрарлық ғасыр жүгін арқалаған, заманының дүбірлі аламанында жас ұрпақты білім мен тәрбиенің кәусар булағынан сусындатқан -Ахмет Байтұрсынұлы.
Ол ерліктің ісі емес, сауда болар - дей отыра, Ахмет атамыз қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылып, халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Сонымен қоса, өзінің жеке шығармаларын дүниеге әкелді .Мысалы , Тұтас буынның тел басы болған «Қырық мысал» атты алғашқы кітабы ,ақынның азаматтық
арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдер жинағының кітабі -«Маса», «Тіл - құрал» - қазақ тілінің тұңғыш оқулығы және тағы басқа шығармалары. Сөздің шыны керек өмір бойғы ұстаздық етіп келе жатқан жолымда мен әрқашан Ахмет атамызды өнеге ретінде ұстанып келе жатырмын. Оның әрбір жасаған жақсылығына қарап менде келешек ұрпаққа не бере алатыным жайлы терең ойға батамын.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ үшін қасиетті есім. Ұлттың Ұлы ұстазының 150 жылдығы қарсаңында музей-үйі Алматы қаласы әкімінің қаулысымен Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» құрамына енді.Музей-үй төрт бөлме және бір жертөледен тұрады. Оның бір бөлмесі – ахметтану дәрісханасы. Үш залда ғалымның шығармашылық ғұмырына қатысты экспонаттар жасақталған.
Бірінші зал: «Ұлттық рухымыздың қайта оралуы», Екінші зал: «Қазақ санасының шамшырағы», ал Үшінші зал: «Саясат құрбаны» деп аталып, онда ғалымның істі болған, түрмедегі кезеңдері қамтылған. Музей-үй ғұлама ғалымның ғибратты жолын тәуелсіз мемлекеттің салауатты ұрпақтарының жадында, Алаш зиялылары: А. Байтұрсынұлы мен оның замандастарының аяулы есімдерін мәңгі есте қалдыру мақсатында «Тұлғалар тағылымына –тағзым» атты бағдарлама аясында көрермендерге қызмет көрсетеді. Бағдарлама мақсаты: ұлт ұстазының мұралық экспонаттарын бүгінгі ұрпаққа таныстыру, тағзым етер тұлғалардың өнегелі өмір жолдарынан келешек ұрпаққа тәлім беру мәселесі қамтылады.
Музей-үйдің қорында ғалым өмірі мен шығармашылығына қатысты 500-ге жуық ресми құжаттар, 300-і мемлекеттік мұрағаттан алынған түпнұсқалар. Тарихи тұлға тұтынған мүліктер: жазу машинкасы, мөртабан, қаламсап, қол шемодан, самаурын, жезтабақ, сандық қойылған. Қорда ғалымның өз тұсында жарық көрген еңбектерінің түпнұсқалары: «Қырық мысал», «Маса», «Оқу құралы» 3 кітап; «Тіл – құрал» 3 кітап; «Баяншы», «Әліпби» әліппе, «Ер Сайын», «Әліппе астар», «Сауаташқыш», «23 жоқтау», «Әдебиет танытқыш», «Тіл жұмсар» (2 бөлім) атты кітаптарының көшірмелері жасақталған. Жалпы, осы кітаптардың әр жылдары жарық көрген сандарымен қоса есептесек, 17 туындысы 56 рет басылым көрген. Бұл кітаптардың түпнұсқалары Республикалық Ұлттық кітапхананың сирек қорлар бөлімінде тіркелген әрі сақталған.
Музейде ұлт зиялысының өз қолымен жазған хаттары, құжаттары, естеліктері бар. Соның бірегейі — Міржақып Дулатұлымен алысқан хаттары. Зерттеушілердің айтуынша, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының туыстық байланысы бар. Оған хаттары дәлел. Төменде берілген хаттарын аудармашылар тәржімалауда қиналған. Олар өздеріне ғана түсінікті тілде жазған тәрізді.
А. Байтұрсынұлының шығармашылығына қатысты 2000-ға жуық ғылыми мақала (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде), 50-ден аса монография, 15-16 халықаралық ғылыми конференция материалдары 20-дан аса республикалық ғылыми конференция материалдары жарық көрді. Бұл жинақтардың барлығы музей қорының асыл қазыналары. Музей-үй жанынан 1000-ға жуық кітап, 500-дей әдеби журналдар, 50-дей түрлі конференция материалдары және апталық газет тігінділері қамтылған кітапхана жұмыс істейді. Музей-үйде ғалымның туған күні 5 қыркүйекте «Тұлға тағылымына – тағзым» атты ахметтану оқулары жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараға айналды.
Бүгінде музей есіктері келушілер үшін айқара ашық!
Тұмса тарихты таныңыз – музейге барыңыз!
Бұл музей менің жүрегімде елеулі орын алады.Жиырмасыншы ғасыр таңғажайып ғасыр, тарих үшін қызықты, замандас үшін қасірет ғасыры. Алған әсерім өте ерекше, мақтаныш пен мұңға толы.
Достарыңызбен бөлісу: |