2-ТОҚСАН БОЙЫНША БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда», «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
|
10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени
|
|
тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин
|
|
сөздердің мағынасын түсіну
|
|
|
|
10.2.2.1
|
ғылыми-көпшілік
|
және
|
публицистикалық
|
|
мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі
|
|
мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып,
|
|
тыңдаушыға әсер ету
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
|
|
|
Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің
|
|
мағынасын ажыратады
|
|
|
Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады
Ойлау дағдыларыныҚолдану
деңгейі
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
2015 жылы отандық өнімді қолдау мақсатында елімізде айрықша акция басталды. Ол нәтижелі әрі пайдалы болды. Бұл – «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы белсенділерінің «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясы. Әлеуметтік желі арқылы танылып, дүкендер желісінде «Қазақстанда жасалған» жазуы бар өнімдер қойылып, сатылып жатты. Аталмыш игі істі 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастауды ұсынған еді. «Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұны Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», – деген еді Президент.
Бұл үндеуден кейін «Қазақстан-2050» ұйымы бірден ірі дүкен желілерімен және өндірушілермен келіссөз жүргізуді бастады. Мемлекеттік маңызы бар істі ірі супермаркеттер мен дүкендер қолдап, сауда сөрелерінің тұсына «Қазақстанда жасалған» деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалар жасалды. Ол өнімдер дүкеннің ең көрікті жерлеріне қойылды.
«Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қоймаймыз, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдарға қолдау көрсетеміз. Олар біздің арқамызда жұмысын жалғастырады, отбасын асырап, ұрпақ өрбітеді, дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы үшін салық төлейді. Біз қазақстандық өнімді қажет болғандықтан емес, солай дұрыс болғандықтан сатып аламыз», – деді «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин.
Арнайы тақтайшалар мен белгілер қойылған сәттен бастап мыңдаған адам акцияны қолдап, отандық өнімдерді сатып алғандары жөнінде суреттерімен, пікірлерімен бөлісіп жатты. Тіпті, республикалық арналардың бірі фотобайқау жариялап, арнайы бейнематериал жасаған болатын. Ақпараттық қолдаудың арқасында, қазақстандық заттарға деген сұраныс ондаған есеге көбейіп, танымалдылығы мен тартымдылығы артты.
Мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін анықтаңыз.
B. бастама -
C. үндеймін -
D. жалақы -
өсіреді -
көбейді -
Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз
Сөздер: ахуалына/ «Қазақстанда жасалған»/келіссөз/ тұтыну/ шараны
А. «Қазақстан-2050» ұйымы Елбасының бастамасынан кейін ірі сауда орталықтарымен
________________жүргізуді қолға алды.
В. Еліміздегі сауда орындары мемлекеттік маңызы жоғары ___________________ қолдап,
сауда сөрелерінің тұсына ______________________ деп жазылған түрлі-түсті белгі-
тақтайшалар орнатты.
С. Отандық өнімдерді ___________________ арқылы мемлекеттің экономикалық
._______________ қолдау көрсетеміз.
Өз мәтініңізді оқып, көтерілген мәселе туралы диолог құрыңыз. Тыңдалған ақпарат бойынша 5 сұрақ қойыңыз. Сұрақ қою мен жауап беруде сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.
1-оқушы
1990 жылдардағы демократия, теңдік, адам құқығы мәселесі Қазақстанға сырттан келіп таңылды. «Біз де жұрттан қалмайық» деген үрдіспен өзімізде мұндай проблема болмаса да, бар сияқты көтере бастадық. Сөйтіп, керек десеңіз ол мәселе жоғары деңгейде де қозғала бастады. Қазіргі күні осы тақырыпқа орай арнайы жобалар жасалып, қаражат бөлінетін болды. Шындығында, бұл негізінен Батыс елдерінің өзекті мәселесі. Мысалы, кезінде Америка мектептерінде директор болып қызмет ететін ер адам мен әйел адамның жалақысы екі түрлі болатын. Қазір енді ғана теңестіріліп келеді. Өйткені оларда барлығы бірдей тарифпен есептелмейді. Өздерінің қамқоршылық кеңестері бар. Сондықтан жалақы да әртүрлі болуы заңды. Ер мен әйелдің тең құқылығы осы тұста туындайды. Неліктен? «Екеуміздің жұмысымыз бірдей, екеуміз де мектеп директорымыз, неге ерлер көп алады, неге біз аз аламыз?» Міне, бұл жерде әйел адамды кемсітушілік бар. Еңбекке ақы төлеудің теңдігі сақталмай отыр деген сөз. Ал бізде бұл мәселе жоқ. Әйел адам болсын, ер адам болсын, директордың жалақысы бірдей. Бұл – бір ғана мысал. Соған байланысты Батыс елдерінде ер мен әйелді жасанды түрде теңестіру мәселесі басталды. Мысалы, Скандинавия елдерінде парламент депутаттарының 50 пайызы әйел, 50 пайызы ер адам болуы міндетті деген сияқты арнайы заңдар қабылданған. Баяғы Кеңес үкіметі кезінде депутаттардың 30 пайызы еңбекшілерден, 20 пайызы шаруалардан, 10 пайызы интеллигенциядан болуы керек деген сияқты ережелер болды.
2-оқушы
Біз әйелдердің түрлі кемсітушіліктерге, зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығы туралы көбірек айтамыз. Ал отбасындағы ер адамдардың жағдайы туралы мүлде ұмыттық. Гендер осыны да айтуы керек. Мысалы, ер адам отбасында көп жағдайда әйелдер тарапынан психологиялық қысымға ұшырайды. Өйткені ер адамға отбасын асырау міндеті жүктелген. Егер олар тең болса, әйел адамға да ол міндет жартылай жүктелсін деген мәселе қойылуы керек еді ғой. Немесе әскер қатарына ер адамдар шақырылады. Ауыр жұмыста көбіне өлім-жітімге душар болатын да солар. Ер адамдар, негізінде, психологиялық жағынан әлсіз болып келеді. Сондықтан ерлердің де мүддесін қорғау маңызды.
Біз қазір тең құқылық дегенді де шатастырып жүрміз. «Тең» басқа, «бірдей» басқа.
Әйел мен ер адам ешқашан бірдей бола алмайды. Қай жағынан алып қарасаңыз да. Биологиялық, физиологиялық жағынан айырмашылық бар. Психикалық жағынан да бірдей емес. Әлеуметтік рөлдері де бөлек. Тіпті, ақыл-ой деңгейі, сана, ойлау жүйесінде де айырмашылық бар. Мысалы, ерлер абстрактілі ойлайды. Ал әйелдер абстрактілі ойлауға бейім емес. Оған дәлел, философия тарихында бір де бір атақты әйел философ жоқ. Табиғи болмысы сондай.
Достарыңызбен бөлісу: |