Т сұраныс пен ұсыныс Сұраныс заңы. Сұранысқа ықпал жасаушы факторлар



бет1/6
Дата19.03.2022
өлшемі80,24 Kb.
#136412
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЭжБН-7 Сұраныс пен ұсыныс

Т-7. Сұраныс пен ұсыныс

1. Сұраныс заңы. Сұранысқа ықпал жасаушы факторлар.

2. Ұсыныс заңы. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар.

3. Икемділік.


1. Сұраныс заңы. Сұранысқа ықпал жасаушы факторлар.
Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері.
Сұраныс – ақшалай қамтамасыз етілген, нарықтағы тұтыныстың өңі айналған түрі немесе сұраныс – төлем қабілелеттілігі бар тұтыныс.
Нарықтық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып
алушылардың саны азайады, яғни сұраныс деңгейі төмен болады және керісінше, баға төмен болған сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.
Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай
қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады.
Сұраныс мен ұсыныс капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке,
нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық факторларға байланысты. Сұраныс көлемі- сатып алушының тауарлардың (қызметтердің) осы көлемін (осы бағамен) сатып алуға дайын болуы. Сұраныс инфляциясы - сұраныс жағындағы факторлар тудырған инфляция.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет