2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде дайындалған дидактикалық



бет1/4
Дата11.12.2021
өлшемі93,36 Kb.
#79120
  1   2   3   4
Байланысты:
Тамыз (2019) оқуына баяндама


Баяндаманың тақырыбы: Биологияны оқытуда жаңа технологиялар негізінде жасалған дидактикалық тапсырмаларды қолданудың тиімділігі

Жоспары:


1.Кіріспе.

2.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде дайындалған дидактикалық

тапсырмаларды тақырып мазмұнына сәйкестендіре жіктеу.

3.Мүшелер жүйесі биологиясын оқытуда эволюционарлық негіздегі білім қалыптастыру.

4.Қорытынды.

Қазақстан Республикасының дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі, қоғам дамуындағы жаңа бағыттар мен нарықтық қатынастар еліміздің болашағы, бүгінгі мектеп оқушыларын оқытуға жаңаша міндеттер қойып отыр. Мұның өзі әр мұғалімнен оқу процесін, ондағы мұғалім мен шәкірттің рөлін қайта қарауды, бұрыннан қалыптасқан әдістер мен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлермен ұтымды ұштастыруды қажет етеді.

Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси және мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты адам тәрбиелеп шығару – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті.

Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің тиімділігінің басты көрсеткіші - теориялық білімді өмірде қолдана білу. «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім» деп Әбу-Райхан әл Бируни айтпақшы қазіргідей жаһандану заманында жастарға жұмыс табу үшін қажетті білім мен дағды қалыптастыру – ұстаз міндетіне айналуы қажет. Сондықтан да ел ертеңіне айналатын азаматтарға тәлім мен тәрбие беруді шығармашылықпен ұйымдастыра білген жөн. «Естігенімді ұмытамын, Көргенімді есте сақтаймын, Істегенімді ұғынамын» деген екен Конфуций. Сол айтпақшы, оқушының өзінің ізденуіне жол ашатын тапсырмалар беру – олардың ойлау және есте сақтау қабілетін арттыра түсетіні белгілі. Оқушының оқуға деген қызығушылық дәрежесі, білім деңгейі, өздігінен білім алуға үнемі дайын тұруы, яғни қазіргі заман психологиясы мен педагогикасы дәлелдегендей ой-өрісінің дамуы мұғалімнің таным әрекетін жүйелі ұйымдастыра алуына байланысты. Әрбір ұстаз оқытудың жаңа технологияларын қарастырып, өзінің әдістемелік шеберлігін арттыра отырып, шығармашылықпен жұмыс жасау жолдарын табу сияқты тынымсыз ізденістің арқасында ғана нәтижеге жетеді.

Биологиядан білім беру концепциясында көрсетілгендей, биологиядан білім берудегі маңызды бір тұжырым мектеп оқушыларына биологиялық танымды дұрыс қалыптастыра білу. Осы принцип мұғалімге оқу мазмұнын құрастыруға дұрыс жол ашады. Оқытудың жаңа технологиясына кірігетін жеті модуль ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістерін биология пәнінде қолданудың тиімді мүмкіншілігі – аталған әдістерді тиісті тақырыптарда ұтымды пайдалана білуде деп ойлаймын. СТО-ның төмендегіше әдістері бар екендігі бәрімізге де белгілі:

1.Ассосация құру

2.Тірек-сызбалар

3.Венн диаграммасы

4.Семантикалық карта

5.Сөзжұмбақ

6.Бес жолды өлең

7.Сұрақ-жауап

8. Миға шабуыл немесе сәйкестендіру кестесі

9.Сызықтық диктант

1.Ассосация құру –биологиялық ұғымдарды бір арнаға, бір тұжырымға жинақтау қажет болғанда қолдануға өте қолайлы әдістердің бірі. Мысалы: Терінің атқаратын қызметін ассосациялау:







немесе жүйке жүйесінің қызметін ассосациялау









2. Тірек-сызбалар әдісі – бір тарау немесе тақырып бойынша білімді бірізділікке салатын жол іспеттес.Көбіне бұл әдіс жануарлардың классификациясын меңгертуде қолайлы. Мысалы:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет