Қазіргі Қазақстан тарихы



Дата18.03.2023
өлшемі9,64 Kb.
#172842
Байланысты:
БӨЖ-3 Қазақстан тарихы Тельман Фатима


Қазіргі Қазақстан тарихы
БӨЖ 3
3 кейс:
Ортағасырлық мәдениеттің қаншалықты деңгейде дамығандығына философ, ғалым
энциклопедист, Отырардан (Фарабтан) шыққан Әбу Насыр ибн Мұхаммед ибн Тархан
ибн Узлак әл-Фараби ат-Түріктің (870-950) ғылыми еңбектері куә. Немістің
шығыстанушысы Ф.Дитеритстен бастап Дж.Сартонға дейінгі мәдениет пен ғылымның
көрнекті өкілдері, тарихшылар Әл-Фарабиді кереметтеп, ұлы тұлға екендігін ерекше
баяндайды. Ол астрономияны, логиканы, музыка теориясын, математиканы,
социология мен этиканы, медицина мен психологияны, философия мен құқықты
зерттеді. Оған "Муаллим ассана" - "екінші ұстаз" деген атақ берілген. Бұл жерде
"екінші" деген Аристотельден кейінгі дегенді білдіреді. Әл-Фараби шын мәнінде әлемдік
дәрежедегі ғалым болды, ол өзінің шығармаларында араб, парсы, грек, үнді
мәдениетімен түрік мәдениетінің жетістіктерін бір- біріне жақындастырып, біріктіре
білді. Ол атақты "Китаб аль-музык аль-кабир" атты еңбегінде музыка мәселесіне
ерекше мән береді. Ол ғылымды, білімді жаңғыртушы болды, бұл оның "Ғылымды
топтау туралы сөз" деген еңбегінде қамтылды.
Әл-Фараби саяси философия мен этикаға ерекше мән берді, өйткені, солардың
арқасында шын мәніндегі бақытқа қол жеткізуге болады, бұл бақытты алдамшы
бақыттан ажырата білу керек деген, Әл-Фараби жақсылық тілеуші қаланы надан,
адасқан қалаға қарсы қояды, ақ ниетті адамдар үшін өтірік айту, алдап-арбау және
астамшылық жат нәрсе деген.
Рухтың еркіндігі туралы Әл-Фараби шығармаларында өте анық жазылған. Фарабидің
қолжазбалары әлемнің көптеген кітапханаларында сақталған. Әл-Фарабидің осы
еңбектері арқылы ортағасырлық ғылым қалыптасты, оның ықпалымен Ибн Руштің, Ибн
Синаның, Омар Хайямның, Роджер Бэконның, Леонардо да Винчидің және өзге де
ойшылдардың дүниетанымы қалыптасты.
Дамыған орта ғасырлар кезеңіндегі тағы бір ірі әдеби поэтикалық шығарма “Құтатғу
білік” немесе “Қайырымды білім” поэмасы болып табылады.
“Құтатғу білік” ежелгі Түркстанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан
бастап-ақ ықпалды, іргелі елдік құрған қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған
заманда Жүсіп Хас- Хаджиб жазған. Ол Х ғ. соңы мен ХІ ғ. алғашқы жылдарында қазіргі
қазақ елінің жер ауқымына енетін ежелгі Баласағұн шәһарында туып өскен. Жүсіп
Баласағұн айтулы этикалық-философиялық еңбегін 54 жасында жазған. Баласағұн
қаласында бастаған бұл шығармасын Қашқарда аяқтап, Қарахандар мемлекетінің сол
кездегі әмірі Сатұқ Боғра ханға тарту етеді.
“Құдатғу білік” 6520 бәйттен тұрады және 124 бәйттің қосымшасы бар. Шығарманың
жалпы көлемі 13 мың екі шумақтан құралған өлең. Поэманың 3 түрлі қолжазбасы
сақталған: ұйғұр жазуымен венгерлік, сондай-ақ араб ғарпімен жазылған каир мен
намангандық нұсқалары. “Қайырымды білім” тек әдеп-мораль трактаты ғана емес,
терең философиялық шығарма, онда идиалдық қоғамның нормаларын, бұл қоғамдағы
әртүрлі тап өкілдерінің мінез-құлық ережелерін суреттейді. Білім – билеуші үшін де,
халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден-бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнына
арқау болған. Жүсіп Баласағұнның осы еңбегі арқылы Қарахандар дәуіріне барлау
жасап, тарихи-этнографиялық құнды пайымдаулар түйіндеп, пікір қорытуға болады.
Шығармада ел басқарудың экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы, әскери істі
ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. Еңбекте сол заманғы
ғылым мен мәдениеттің жетістіктері де аңғарылып отырады.
“Құтты білік” атты даналық дастаны ғұлама атын күллі Тұран еліне, Шығыс әлеміне
танытты. Батыс пен Шығысты кең шарлап кеткен бұл әдеби жәдігер он ғасырдай
мерізім өткенде өз атамекеніне оралды. 1986 жылы қазақ жерінде өз ана тілімізде
алғаш рет жарық көрді. Сол Х-ХІІ ғасырлардың өзінде-ақ Орта Азия, Қазақ елі аумағын
мекендеген халықтардың мәдени даму биіктерінің бірі болған философиялық
поэманың даналық ойлары күні бүгінге дейін аса құнды, өміршең. “Құтты білік” – ежелгі
түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы.
Түрік тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығарма авторы Махмуд
Қашқари (1029-1101) еді, оның халиф әл-Мухтадиге арнап 1072-1074 жж. жазған "Түркі
тілдерінің сөздігі" («Диуани лұғат ат-түрк») атты атақты шығармасы бар. Онда тарихи-
мәдени, этнографиялық және лингвистикалық материалдар жинақталып, кеңінен
қамтылған. "Түркі тілдерінің сөздігі" - XI ғасырдағы түркі халықтарының дүние
танымының ерекшелігін, этникалық құндылықтары мен мінез-құлық нормаларын
сипаттайтын түркі мәдениетінің ескерткіші, онда ата-бабаларымыздың бұрыңғы
мұралары толық қамтылған. Кітапта ежелгі зороастрийлік-шамандық дүниеге
көзқараспен қатар жаңа идеология - исламның элементтері мен оның бір тармағы
суфизм туралы да айтылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет