Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Лай суға май бітпес қой өткенге»



Дата07.02.2022
өлшемі76,4 Kb.
#92704
түріСабақ
Байланысты:
10 әдебиет 22.09.2020


Қазақ әдебиеті пәні бойынша 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) оқушысының өзіндік жұмыс жоспары
Мұғалім: Дүсіпова Нұрлыгүл Әйіпқызы
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №72 ЖББМ
I тоқсан
І бөлім: «Қалың елім, қазағым»
Сабақтың нөмірі: № 6
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау
Оқушыға бағытталған мақсат:
автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды

  1. тапсырма

«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлең үзіндісіндегі ұйқас түрін тап.
Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?
а) Шұбыртпалы ұйқас
ә) Кезекті ұйқас
б) Ерікті ұйқас
в) Қара өлең ұйқасы
2. Қарамен берілген тармақтағы астарлы ойды тап.
Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?
а) Нәпсіге ерсе, бұл өмірден құр қалатынын, нәпсі қандай алдамшы болса, жалған дүние соңына түскен адам сағым қуғандай болады дейді
ә) Өмірді босқа өткізуге болмайтынын, оны мәнді ету адамның өз міндеті екенін айтады
б) Жалған дүниенің алдамшы екенін, алданған пенде өзінің жалған жетістіктеріне мәз болатынын сөз етеді.
в) Өмірдің мәнін таппаған адамның тіршілігі бос, рухани құлазып құр қалатындығы сөз етіледі.
3. Ақын өлеңінде діни лексиканы жиі қолдануының себебі неде?
а) Діни сауаттылығының ықпалы
ә) Ақын дінді тереңірек зерттейді
б) Көңілі құлазыған ақын дінге иек артады
в Діни ортада көп жүреді
2-тапсырма
Оқушылар өлең мазмұнымен танысып, «5 проблемалық сұрақ және жауап» әдісі бойынша 5 сұрақ құрастырады.



Дескриптор

  • Проблемалық сұрақтар құрастырады;

  • Сұрақтарға жауап береді;

3-тапсырма өлеңде автордың бейнесі қалай көрініс табады?

Өлеңнен үзінді

Автордың бейнесі қалай көрініс табады?

Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?
Берген бе тәңірім саған өзге туыс?
Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс.
Шарықтап шартараптан көңіл сорлы
Таппаған бір тыянақ не еткен қуыс?




Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын,
Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.
Мекен берген, халық қылған ол ләмәкан
Түп иесін көксемей бола ма екен?
Және оған қайтпақсың, оны ойламай,
Өзге мақсат ақылға тола ма екен?
Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ,
Иілтіп екі басын ұстаған хақ.
Имек жолда тыянақ, тегістік жоқ,
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.





Дескриптор

  • Автор бейнесін анықтайды;

  • Көтерілген мәселені талдайды;



Кері байланыс. «Сұрақ-жауап» әдісі
1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?
2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?
3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?
Үйге: Өлеңнің құрылысына талдау жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет