Қазіргі кезде тор беттерін әрлеуге көбінесе растрлық графика қолданылады



бет1/2
Дата29.01.2023
өлшемі21,23 Kb.
#166704
  1   2
Байланысты:
macromediaFlash 3 дәріс

    1. Графика


Қазіргі кезде тор беттерін әрлеуге көбінесе растрлық графика қолданылады. Оларға GIF (Graphics Interchange Format, ақпарат алмасуға арналған графикалық формат), JPEG (Join Photographic Experts Group – Біріккен бейне эксперттерінің тобы) және PNG (Portable Network Graphics – Жылжымалы графикалық формат) жатады.
Растрлық графика нүктелер жиынтығы (пиксель – pixel) арқылы сипатталады. Бұл нүктелер бір бірімен байланыста болмағандықтан, олардың әрқайсысының түсі мен координатын анықтау керек. Жай ғана мысал, екі-ақ түсті (ақ қара) бейнені сипаттаған кезде, әр пиксельдің түсін беру үшін екілік санау жүйесін пайдаланады: 0 – қара, 1 – ақ.. Ал, 256 түсті бейнені сипаттаған кезде енді әр пиксельге 8-дік санау жүйесін қолданады (256=28). Суреттің сапасы жақсы болу үшін, әр пиксель үшін 24 разрядқа дейін қолданылады.
Растрлық бейнелердің тағы бір кемшілігі - бейне сапасы, пайдаланып отырған монитор пиксельдерінің өлшеміне де байланысты. Яғни кей мониторларда суреттің сапасы әдемі болып тұрса, екінші жерде ол ондай қасиеттен айырылады. Сапасы нашар суреттердің пикселін көбейтуге арналған бағдарламалар болғанымен олар да бұл жағдайды толық шеше алмайды.
Векторлық графика – орналасуын математикалық формулалар арқылы сипаттайтын қисықтар жиынтығынан туратын бейне. Мысалға, кез келген шеңберді бейнелеу үшін 3-4 сан ғана керек, радиус, центр координаттары, сызық қалыңдығы. Осыған байланысты, векторлық графика растрлық графикаға қарағанда
бірнеше артықшылықтарға ие:

  • Математикалық формулалармен сипатталған суреттер, растрлық графикаға қарағанда жадыда аз орын алады.

  • Бейнені өзіміз қалаған кез келген масштабқа сапасын жоғалтпай, өзгертуге болады.

  • Кез келген платформаға еш «қатесіз» көшіруге болды.



    1. Анимация


FLASH-тағы анимация негізі объектінің қасиетін өзгерту болып табылады. Мысалға, объектілер көрініп немесе жоқ болып кетуі, өзінің тұрған орнын, көлемін, өлшемін, түсін, көріну деңгейін өзгертуі мүмкін т.б.
FLASH – те объектіні анимациялау механизмінің үш түрі бар.

  • Кадр бойынша («классикалық») анимация, яғни автор әрбір кадрды өзі жасайды немесе басқа қосымшадан тасымалдап алып олардың көріну ретін анықтайды;

  • Автоматтық анимациялау (tweened анимация), яғни автор бірінші және соңғы кадрды ғана құрады, ал қалғанын FLASH автоматтық түрде құрады. Tweened-анимацияның екі түрі бар, біріншісі анимация, объектінің қозғалысына негізделсе (motion animation), екіншісі анимация объектінің трансформациялануына (пішінін өзгерту) негізделген (shape animation);

  • Сценарийге негізделген анимация; сценарий – ActionScript деп аталатын FLASH тілінде жазылған әрекетті сипаттау. Бұл тіл синтаксисі көптеген тор шығармаларын жасауда қолданылатын басқа тілдердің синтаксисіне ұқсас келеді. (мысалға, JavaScript және VBScript).

Бұл механизімдердің артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де болады. Tweened – анимацияның басқалардан бөліп тұратын екі артықшылығы бар:
Біріншіден, авторға енді әр кадрды жеке-жеке құрып отырудың енді қажеті жоқ;
Екіншіден, мұндай FLASH «мультфильмін» ойнату үшін алғашқы және соңғы кадрларын сақтап алса болғаны, бұл фильм көлемін әрине кішкене етіп сақтауға септігін тигізеді.
Бірақтан, tweened – анимация, объектінің қасиеттері бірдей өзгеретін тек қарапайым сюжеттерде ғана пайдалануға болады. Ал, ActionScript сценарийі арқылы объектіге күрделі қозғалыстар жасауға болады. Ол үшін, ActionScript тілін білу керек.
Flash арқылы интерактивті фильмдер құруға болады, ойнату барысында тор қонағы тінтуір немесе пернетақта көмегімен фильмнің басқа фрагментіне өтіп кете алады, объектілерді қозғалта алады, және формаға ақпарат енгізе алады т.с.с. Flash фильмдердің интерактивтілігі ActionScript тілінде рет-ретімен жазылған командалардың көмегімен, оқиғаға қатысты іске асады. Мысалы, мұндай оқиғаға, белгілі біл кадрға секіру саналады. Интерактивті объектіге батырмалар (мысалға, басқару тақтасының қызметін атқаруға жинақталса), фильм фрагменттері немесе жеке кадрлар. ActionScript –ке қатысты емес стандартты командалар бар, оларға фильмді ойнату, тоқтату, дыбысын қосу мен өшіру, берілген URL - ға өту сияқты оншақты стандартты командалар бар. Бұл тілде күрделі сценарийлер де құруға болады, бірақ ол үшін бағдарламалау тәжірибесі болу керек қолданушының.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет