Қазіргі педагогикалық технологиялар/Современные педагогические технологии/ Modern pedagogical technologies



бет1/3
Дата25.06.2020
өлшемі34,97 Kb.
#74521
  1   2   3
Байланысты:
жоо-дағы инновацтехнологиялар


Қазіргі педагогикалық технологиялар/Современные педагогические технологии/ Modern pedagogical technologies

«Қазіргі педагогикалық технологиялар» пәні психологиялық-педагогикалық білімдерді игеруде инновациялық технологияларды игеру мен ұйымдастыру базасын қалыптастырып, педагогикалық іс-әрекетте тиімділікті қамтамасыздандыратын педагогикалық дайындықты тереңдетуге бағытталған.

Қазіргі өндірістің дамуы, ақпарат легінің интенсивті ұлғаюы, білімнің тез ауыспалығы, жаңаруы жағдайы өзбетімен шығармашылық жұмысқа өндіріс процесінде жаңа және үлгермелі нәтижелерін игеруге қабілетті мамандар дайындауда ерекше мәнге ие.

«Қазіргі педагогикалық технологиялар» курсын оқудың негізгі мақсаты және міндеті болашақ педагогтарды педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу және әдістемесін жасау.

Курстың мақсаты:

Болашақ педагогтарды педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу және әдістемесін жасау. Білім бакалаврларын педагогикалық жаңа әдістерді практикалық жолмен пайдалану туралы білімдермен қаруландыру.

Курстың міндеттері



  • Жоғары мектептегі білім беру үрдісінде оқытудың инновациялық технологияларын ендірудің және игерудің теориялық негіздерін анықтап, заманауи инновациялық технологиялардың жіктемесін жасау;

  • Жоғары оқу орнындарында студенттерге педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологиялардың ерекшеліктерін зерттеп, ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау;

  • Болашақ педагогтарды даярдауда оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланудың тиімді жолдары мен әдістерін анықтау және практикалық негіздеу;

Нақты пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы:



  • педагог жұмысының негізгі бағыттары, сфералары, ғылыми парадигмалары туралы толық меңгеруі тиіс;

  • психологиялық-педагогикалық қызметтің мазмұны мен маңызын, қазіргі әдістерін, қызметі және тәсілдерін, жаңа психотехникаларды, сонымен қатар, педагог-психолог жұмысының жеке тұлғалық, мазмұндық, технологиялық компоненттері туралы білуі қажет;

  • білім алушының жеке басына қатысты шешімдер қабылдау барысында психологиялық-педагогикалық білімдерді тәжірибеде қолдану дағдысына ие болуы



Түсінік хат

Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.

Жаңа құндылықтардың қалыптасуы ұзақ уақыт бойы, индустриалдық қоғамда тиісті технологиялармен, ұжымдық таным түрлерімен және пролетарлық мәдениеттің құндылықтарымен рәсімделген құндылықтар мен стереотиптер аясында және оларға қарама-қайшы сипатта жүзеге асады. Осы тұрғыда «Қазіргі педагогикалық технологиялар» пәнін оқытып, оны терең меңгерудің маңызы зор болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет