Білім беру бағдарламасындағы «Әдебиеттік оқу»



Дата24.09.2022
өлшемі130,86 Kb.
#150588
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Білім беру бағдарламасындағы «Әдебиеттік оқу»


Білім беру бағдарламасындағы «Әдебиеттік оқу»

Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаттары мен мазмұны

Жоспар:


  • 1. Жаңартылған білім бағдарласымен қолданыстағы білім бағдарламасының айырмашылығы

  • 2. Жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігі

  • 3. Әдебиеттік оқу пәнінің мақсат міндет мазмұнын талдау


Жаңартылған білім мазмұны
Бұл дәстүрлі оқытудан жаңа оқыту, сындарлы оқыту форматына көшу деген сөз. 
Ең басты себеп – заманның өзгеруі. Қоғамдағы алпауыт өзгерістердің өзі бізді осыған алып келіп отыр. Төртінші, индустриялық-инновациялық даму, ғылым мен техниканың қарыштап алға жылжуы, адам санасының ғылымға, техникаға бет бұруы – осының бәрі жаңартылған білім мазмұнына көшуге мәжбүр етуде. Қазіргі адамдар өте мобилді. Олардың тез қозғалғыштығы, ақпаратты тез қабылдап, тез меңгеріп, тез жауап айтуы – бүгінгі ұрпақ санасының жаңғыруын білдіреді. Мысалы, бүгінгі болып жатқан ақпарат ертең біз үшін ескі болып қалуы мүмкін.

Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?


  • Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:

  • 1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.

  • 2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;

  • 3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі

  • 4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;

  • 5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру

  • 6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;

  • 7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;

  • 8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)

Әдебиеттік оқу пәнінің мақсат міндет мазмұнын талдау

Әдебиеттік оқу пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық, яғни тілдік дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі.


Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. 
Әдебиеттік оқу пәнінің міндеттері: 1) әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту; 2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру; 3) ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру; 4) оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу) жетілдіру; 5) оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту; 6) сыни ойлауын жетілдіру; 7) көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету; 8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету; 9) оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу,мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу, өзіндік ой қорытындысын жазу, т.б.)орындауға дағдыландыру.
Әдебиеттік оқу пәнін меңгеру оқушының: 1) қазақ балалар әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерін талдай отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне; 2) көркем шығармадағы тілдік қолданыс ерекшеліктеріне бақылау және талдау жасай отырып, тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауына және өмірлік тәжірибесінде қолдануына; 3) алған білімі мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарда және басқа адамдармен қарым-қатынас барысында пайдалануына көмектеседі.

Назарларыңызға Рахмет!



Орындаған: Бекбол Айзада

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет