Сабақтың тақырыбы Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті. Күтілетін нәтиже



Дата27.11.2019
өлшемі3,99 Mb.
#52447
түріСабақ
Байланысты:
тарих 5 сынып ашық сабақ28 қараша

Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті


Сабақтың тақырыбы
    • Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті.

Күтілетін нәтиже
    • Алған білімдерін,сыни тұрғыдан талдай отырып, қорытынды жасауға, оқиғаларды талдай білуге үйренеді

Сабақтың әдісі
    • Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақ барысында тиімді пайдалану

Тапсырмалар
    • Сұрақ-жауап, сызбамен жұмыс т.б.

Құрал-жабдықтар
    • Оқулық, суреттер, тірек-сызбалар т.б.

Сабақтың барысы: 

Кіріспе бөлім

  • Материалдық мәдениетке нелер жатады?
  • Ежелгі көшпелілердің баспанасы қалай аталды?
  • Киіз үйдің құрылымы туралы баяндаңдар.
  • Киіз үйдің көшпелелер үшін қандай маңызы болды?
  • Киіз үйге байланысты ырым- тиымдар барма?
  • Киіз үй туралы не білесіңдер?
  • Киіз үй неден жасалады?
  • Киіз үйдің бөліктерін атаңдар

Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндетті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері

  • Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндетті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері

Топтық жұмыс

1 топ- Киіз үй Мәтінді оқи отыра, суретке қарап киіз үйді құрастыр және сипаттаңыз

  • 1.Киіз үй құрылысы неше бөліктен тұрады және құрылуын ретімен айтыңыз.
  • 2.Киіз үйдің ерекшеліктері
  • 3.Киіз үйдің жиһаздарын атаңыз
  • 4. Көшпелілер өмірінде киіз үйдің ролі қандай?

2 топ-Қазақ халқының зергерлік өнері

  • Қазақ халқының зергерлік бұйымдарын атаңдар?
  • Жүзікті кімдер тағады?
  • Зергердің бұйымдар жасау үшін арнайы құралдар қандай ?
  • Өңіржиек дегенімз не?

3топ-Қазақтың ұлттық тағамдары

  • Қазақ халқының еттен жасалатын қандай ұлттық тағамдарын білесің?
  • Қазақ халқының ұннан жасалатын тағамдарын ата.
  • Қымызды ненің сүтінен ашытады?
  • Құрт қалай жасалады?

4 топ-Ұлттық музыкалық аспаптар

  • Аспап түрлерін атаңдар ?
  • Ішекті аспаптарды атаңдар?
  • Қобыздың неше түрі болады?
  • Үрмелі аспаптар атаңдар?

Негізгі бөлім

  • «Кім шапшаң» ойыны.
  • Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтады.
  • «Ой қозғау». Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты ашу.
  • Қолданбалы өнер деп қандай өнер саласын айтамыз?
  • Көшпелілер әлемдік өркениетке қандай үлес қосты деп ойлайсыңдар.

Білім шыңы

Қорытынды

  • Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма

  • Егер мен киіз үйде тұрсам!... Шығармашылық тапсырма

Бағалау



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет