Қазіргі таңдағы қазақ театрының ахуалы Театр өнері – қыздың көз жасындай мөлдір нағыс хас сұлу өнер



Дата11.01.2017
өлшемі37,8 Kb.
#7455
Қазіргі таңдағы қазақ театрының ахуалы

Театр өнері – қыздың көз жасындай мөлдір нағыс хас сұлу өнер.

Ғ. Мүсірепов

Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген қазақ театрлары ашылып жатыр. Бірақ сол театрлар салыстырмалы түрде қалай жұмыс істейді, қай жүйеде қызмет атқарады, мемлекеттік стандартқа сай ма, сай емес пе, ол жағы белгісіз. Бұл, әрине, халықтық көзқарас емес. Дегенмен, басқарушылық жағынан бұл тұжырымдамалар маңызды болып отыр. Мысалға даму жағынан еліміздің көптеген өңірлерінде театрларымыз қарқынды дамып келеді. Соның ішінде негізгі театрлар Астана және Алматы қалаларындағы академиялық театрлардың даму үрдісі. Әрине, Алматы – өнер ордасы болғандықтан негізгі театр әртістері осы қалада. Ал, танымал әртіс болған жерде көрермен де болады, қойылым да көп болады. Астана театрларының дамуы тікелей бас қаламыз Елорданың дамуымен байланыстыруға болады. Жаңа талантты әртістер, жап-жаңа қойылым және де жаңа көрермендер де жиналады.



Театр – нағыз таза хәм өнер. Бұлай деп отырғанымыз театр – тірі өнер деп аламыз. Өйткені, жалпы, драмалық театрларда дыбыс күшейткішті қолданбайды, микрофон қолданылмайды, фонограмма айтылмайды. Егер көріп отырған халық актердің сөзін нақ қалпындағыдай қабылдамай фонограммалық болса, не болмаса, микрофонмен естілетіндей жағдай болса – онда спектакльдің қасиеті жоғалады, сәні кетеді. Сахнада тұрған әртіс өзінің жан-дүниесінен шыққан сөздерін, дауысын халықтың жүрегіне жеткізе отырып шығарады. Ұлы сезіммен арпалысып, күйзеліске ұшырап, көрерменнің көңілінен шығуға тырысып бағады.

Театр туралы айтқан кезде, бірден мынандай ой келеді. «Көрермен театрға не үшін келеді?», « Қазіргі таңда театрға қаншалықты адам келеді?» «Кімдер көреді?». Қазіргі кезде көрермендердің өзін екі-үш топқа бөліге болады. Бір тобы режиссер үшін, бір тобы авторлар үшін, енді бір тобы актерларға келуі мүмкін. Былайша айтқанда, өз қалауымен, өз еркімен баратын халық санаулы. Менің ойымша, жалпы,көрермендердің мәдениеті жайында әңгіме айтқан кезде өте абай болу керек деп ойлаймын. Көрерменді кінәлаған театр – ең алдымен өзі кінәлі! Егер, шын мәнінде, жақсы қойылым болатын болса – ол ешқандай көрерменді талғамайды. Мәселен, бір жастарымыз драма театрға барып түсінбей жатады, бір үлкен кісілеріміз жастар театрына барып қабылдамай жатады. Менің ойымша, осының барлығы – жай ғана сылтау деп қараймыз ба, әлде жалқаулық деп қараймыз ба, әйтеуір бір түсініспеушілік. Режиссер мен актерлардың жүрегіне жол таба білген спектакль – ол көрерменге міндетті түрде жетеді. Қазіргі қоғамда, көрермендер туралы да әр түрлі пікір бар. Мысалы, «Көрерменді театрға дайындап әкелу керек» дейді, біреулер. Кешіріңіз, ондай талап еш жерде жоқ! Бірақ дегенмен де, спектакльге келерден бұрын сол спектакльдің мазмұнымен таныс болу керек деп ойлаймын. Бір жағынан көрермен – басқасын айтпағанда ең алдымен тұтынушы. Ол театрға әртүрлі жағдайда келіп қалуы мүмкін. Тіпті, себеп-салдарсыз байқамай келіп қалған көрермен де болады. Осындай жағдай бола қалған жағдайда, спектакль басталмай тұрып, қойылатын қойылымның не туралы болатынын айтып кеткені, не болмаса, экран болса, көрсетіп кеткені дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, кез-келген көрермен үшін, тек қана талантты және шынайы, көз алдында туған өнер ғана баурап ала алады. Осыдан жарты ғасыр бұрын өмір сүрген, Кеңестік театрды алып көрейік. Ол кезде театрларға бірнеше міндеттер қойылатын болған, яғни: тәрбиелеу, насихаттау, үгіттеу, көзін ашу, ақпараттандыру деген сияқты. Бүгінгі күні бұл міндеттер өз күшін жойған. Қазіргі көрермен білімді, көкірегі ояу, көзі ашық. Мысалы алып қарайық, «Абай» қойылымы болады дейік. Бір кісілеріміз «Абай жолын» бәрін түгелдей оқып, жаттап алған. Оның бұл қойылымға барғысы жоқ. Өйткені ол қойылымда не болатынын, қалай болатынын біледі, оған қызық емес. Бұл театрға бармаудың бірінші фактісі. Екінші, кітап оқымаудың салдары деп ойлаймын. Яғни, әдебиет оқымаған адам, ұлы жазушылардың шығармаларын оқымаған, не болмаса, қазақ тіліне, салтына, дәстүріне жанашырлықпен қарап, соған сіңбеген адам театрға барады деп ойламаймын. Тағы да, қазіргі таңда, жаhандану дәуірі, жастардың лебі ғаламтор желілермен байланысуы, көзге жалт-жұлт етіп көрінгенге құмартып, дүрсілдеген дауысқа еліртіп, тән рахатын беретінге әуес болған заманда театрдың жас көрермендерін алып кетуде. Былайша айтқанда, рухани азықты жүрегіне сіңдірмей, театр қойылымын сезіне алмайды. Тағы бір мәселе, біздің театрдың сахнасын кішкентай сахна деп жатамыз, көрерменге орын таппай жатамыз. Осыған ренжіп, келесінде қайта келместей кетіп жатамыз. Негізінен алып қарасақ, бұл бір жағынан «керемет». Керісінше, тура сахнаның қасында отырып, актерді 15 метрден емес, дәл жанынан көріп, актердің кейіпкерінің жан дүниесіне енгеніне куә болу – бұл көрерменнің ең бірінші олжасы емес пе?! Үлкен сахналарда жарықпен, суретпен, бояу-гримдермен отырған көрерменнің көз алдына тек қана әсер әкелуіміз мүмкін. Ал, жап-жақын жерде, қасыңда отырған кезде образ жасау, қойылымда ойнау бұл әсер емес, бұл нақты соның ішіне енгізу болып табылады. Актер саған қарап диолог оқып тұрғанда, құдды бір, саған айтып тұрғандай күй кешесің. Сондықтан, осы жағынан алғанда, біздің қазақ театрларымыз – басқа театрларға қарағанда актерлік шеберліктің өте биік шеберлігін көрсетеді. Сол себепті, көрерменмен актерлардың, қойылыммен байланысы өте жоғары болып келеді.

Қазіргі таңда театрдың көрермендері өте аз. Талдап қарайтын болсақ, театр көрермені олар, үлкен кісілер, өнер адамдары, мұғалімдер, өнер оқуының студенттері. Бірең-сараңы отбасы, жиналып барған студент-оқушы т.с.с. Тіпті, қазіргі театр билеттері ондай қымбат та емес. Қарапайым адамның қалтасы көтеретін баға. Соны біле тұра шетелдік киноларға, басқасына бес мыңдап, он мыңдап шығарып, пайдасыз дүние алып кететіне ішің күйеді, кейде. Жастардың рухани сезімді күшейту, рухани тәлім-тәрбие беру, келешек заманда, болашақта, туған жерге, тілге, салт-дәстүрге, салт-санаға деген құрмет жатады. Рухани білім алған ұрпақ өте мәдениетті, кішіпейіл, адамгершілігі мол, жаны жайсаң, көзі ашық ұрпақ болатынына нық сенімдімін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет