Махетова анар нұрсағат айару



Дата23.10.2023
өлшемі5,04 Mb.
#187482
Байланысты:
Beige and Grey Minimalist Product Catalog Presentation-1


МАХЕТОВА АНАР
НҰРСАҒАТ АЙАРУ
Философиялық антропология
"Антропология" термині адам туралы ғылым деген ұғымды білдіреді (грек"anthropos"- адам "logos"-ілім). Философиялық антрополия- адамның мәні мен тіршілігін, шығу тегін, өмірі мен өлімін, өмір сүру ортасын, қоғамдағы орнымен әрекеттесу, әлеуметтік сипатын зерттейді. Антикалық философияда адамға ерекше сана- ақылға иелік етуші, ғаламның бір бөлігі деп қараған. Космоцентрищм деп аталған осы тұжырымдаманың тұрғысынан қарайтын болсақ, адам ғаламның туындысы "микрокосмос".
Орта ғасырларда діни көзқарастардың үстемдігі орнады. Осы кезде "теоцентризм" (грек theos-құдай) принципі үлкен рөл атқарды. Соған байланысты дүниедегі барлық нәрсені оның ішінде адамдарды да Құдай жаратқан деген пікір қалыптасты. Теоцентристер Құдай жаратқан нәрсені толығымен ұғып болмайды деп түсіндіретін. Осыдан келіп, адам дегеніміз - құпия және оның мәнін түсіну мүмкін емес деген түсінік
қалыптасты.
Қайта өрлеу дәуірінің философиясында адамның бостандығы мен шығармашылық белсенділігі, оның танымдық қабілеті ерекше атап көрсетілді. Осы кезде адам антрополистердің тұрғысынан түсіндірілді, соған сәйкес дүние құрылымының ортасында адам тұрады. Сонымен философиялық антропология дегеніміз- адам философиясы
Адамның тегі
Эволюциялық теория. Философиялық антропологияның негізгі мәселесі адамның шығуы мен қалыптасуы болып табылады. Антропологияның адамның шығу тегін зерттейтін саласы антропогенез (грек. antropos — адам, genesis — шығуы) деп аталады.
Эволюциялық теорияның негізін қалаушы Чарльз Дарвин (1809— 1882 жж.) адамның ата-тегі мен жануарлардың дамуын айқындаушы факторлардың ортақтығына, адам мен приматтардың дене тұрпаттарының ұқсастығына баса назар аударған.
Философиялық антропология үшін эволюция үдерісінде адамның бас сүйегі мен ми көлемінің ұлғаюы маңызды айғақ болып саналады. Бұл көп жағдайларда жануар ақуызы бар азық-түліктерді тамаққа пайдалану нәтижесінде іске асқан. Ең алдымен, қабығы жаңа байланыстармен байып дамыған. Осылардың нәтижесінде сөйлеу, ойлау және еңбек әрекеттері үшін алғышарттар қалыптасқан.
Саналы адам (пото sapiens) осыдан 50 мың жылдай бұрын қалыптастыСөйтіп, табиғи даму адамның аман қалуы мен жетілуінің түбегейлі жаңа, биология мен табиғаттан тыс төсілінің пайда болуы үшін негіз қалады. Бұл тәсілдің аты адам мәдениеті. Мұның мәнісі — ақпарат арналары арқылы адамдардың өзара қарым-қатынастарының тәсілдерін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін және сөзбен жететін нәрсенің барлығын беру болып табылады. Сөйтіп, адамда оның өмірі мен әрекетін қамтамасыз ететін екі арна бар:
1)биологияльщ дамудың негізінде жататын генетикалық;
2)адамның ерекшеліктерін білдіретін мәдени-лингвистикалық.
Еңбек теориясы
Еңбек деп адамның өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында табиғатты өзгертуге бағытталған мақсатты әрекетін айтамыз. Өз кезегінде бұл өмірге меншік және билік деген құбылыстарды түсінудің алғашқы нұсқаларын әкелді.
Адамның мәні мен тіршілігі
Мән- қарастырылып отырған нәрсеге немесе құбылысқа тән аса маңызды қасиеттер. Бір- бірлерін толықтыра отырып, олар заттардың ішкі негізін құрайды.
Тіршілік дегеніміз- бұл заттың немесе құбылыстың шынайы болмысы, өмірде өзін қалай көрсететіндігі мен қалай ұстайтындығы.
Адамзат тарихы көрсеткендей адамның болмысы мен дамуының негізі еңбек болып табылады . Нақ сол адамның мәнін құрайды. Еңбекпен айналысып, белгілі бір өнім өндіріп адам жан- жақты қоғамдық қатынастарға араласады. Бұл қатынастардың нәтижесі қоғамды құрайды.
Адамның тіршілігі жеке тұлғаның тұтас тіршілік иесі ретінде оның қажеттіліктері мен қасиеттерінің барлық түрлерінде көрініс табады. Бұл тұтастық ең алдымен адамның үш- биологиялық, әлеуметтік және психикалық негізгі бастауының бірлігі болып табылады.
Адам өмірінің мәні неде? Өмірдің мәнінің адамдық өлшемі бар. Адам жоқ жерде мән де, мәнсіздікте жоқ.
Адам өмірдің мәні туралы түсінікті қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге оны іске асыру үшін күреседі. Жазушы В. Каверин айтқандай, тұлғаның өмірінің мақсаты:"күресу мен іздену, табу және берілмеу". Өмірдің мәні- бұл адамның жасампаздығына басқалармен қарым- қатынас жасауға деген қажеттіліктеріне байланысты, кейде басқалар үшін өзін-өзі құрбан етуге байланысты, оның өзін-өзі іске асыруға бағыттайтын құндылықтар мен мұраттарды саналы түрде, дербес таңдауы.
Өмірдің мәні дегеніміз не?
Басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы адам өз өмірін сезінеді. Саналы тіршілік иесі ретінде адамның өзіне және өз өміріне деген қатынасы оның өмірінің мәні мен мәнісінде көрініс табады.
Өмірдің мәні- адам өзінің өмірін бағындыратын және сол үшін өзінің өмірлік мақсаттарын бағыттап, жүзеге асыратын бағаланған құндылықтар.
Адамның болмысының мәні
Тіл-әлеуметтік құбылыс. Тіл- жанды табиғаттың өмірлік қызметі үдерісінде танымдық және қатынастық міндет атқаратын белгілер жүйесі. Тіл- тек адамға ғана тән, оны өзге организмдерден бөліп тұратын ерекше қасиет.
Күнделікті өмірде ойлы бейнелеу формасы және адамдар арасындағы қарым- қатынас құралы қызметін атқаратын тіл- табиғи тіл делінеді.
Жасанды тілді адамдар шағын белгілі бір қажеттер үшін жасайды. ( математика да символика тілі, физикала теориялар тілі)
Тіл- жинақталған білімді тіркеу мен сақтау және оны ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу құралы. Абстрактілі ойлау жүйесі тілдің арқасында өмір сүріп дамиды. Тіл- ой қорытудың қажетті құралы, өйткені кез- келген сөздің өзі- ақ қортынды болып шығады.
Ойлау және оның органы.
Ойлау адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір- бірінен ешқандай ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті. Ми- жалпы, әр адамның организмдік тәні ретінде ойлауды қамтамасыз етеді, ойлау мидың қызметі. Осы тұрғыдан немесе осы мағынада ғана ойлау мен оның физиологиялық органы байланыста.
Адамның тілі және ойлауы
Ойлау мен болмыс бір- бірінен байланысты, бірақ оларды бір- бірінен тәуелсіз екі түрлі субстанция деп түсінетін философияның бар екені белгілі. Ол екі түрлі дүниенің қалай бір- біріне сай үйлесімді болып тұратындығын түсіндіре алмайды. Көбіне осы үйлесімдікті екеуінде жаратқан Құдайдың құдіретнен көреді.
Ойлау мен болмыстың ара қатынасы
Адамның еңбек қызметі- адамның тәни өмір сүру құралы және оның өмірлік қызметін жандандыратын әдіс болып табылатын үздіксіз тарихи үдеріс. Адамға қажетті игіліктер табиғатта дайын тұрмайды. Қажеттілік белгілі бір шекке жеткенде немесе ол қажеттіліктер өтелмей өміріне қауіп төнетіндей жағдайға жеткенде адам еңбек етеді. Бұл алам атаулының бар қажеттілігі өтеліп тұрса, онда ол еңбек етуді доғарады деген сөз.
Біріншіден, адамның қажеттілігінің шегі жоқ, оны толық өтеу мүмкін емес.
Екіншіден адамның кез-келген әрекеті ең бек емес.
Адамның еңбек етуінің өзі- тарихи үдеріс, ол ешқашан тоқтамайды, жалғаса береді. Еңбек- қоғам мүшелерінің, алдымен, тәни өмір сүруінің кепілі ретінде көрініс береді.
Түрлі тарихи даму жағдайларында еңбек түрліше формаларда көрініс береді.
Адамның шығармашылық қызметі
Сапалық тұрғыдан жаңа материалдық және рухани құндылықтар жасап жатқан адамның қызметі шығармашылық қызмет делінеді.
Адамның психикалық қызметті
Ғылыми техникалық прогресс пен қатар жүріп келе жатқан әлеуметтік- психологиялық өзгерістер өздерінің маңыздылығымен, ауқымдылығы мен және көрініс беру ерекшелігімен адамның қызметіне тура әсер етуші факторларға айналып отыр. Олардың ішіндегі үнемі және орнықты сипатта көрініп отыратындардың бірі адамның психикалық қызметінің ширығуы болып табылады.
Адамның қызметі
Еркіндікті механисцизм тұрғысынан түсіндіру. Философия тарихында еркіндік туралы түрлі көзқарастар айтылған. Осы мәселеге соқпай, ол туралы ой толғамай өткен ешбір ойшыл, ешбір философиялық жүйе жоқ деседе болады. Бұл бағытты логикалық шегіне жеткізген, механикашылдық материализмді ұстанушылар адам, қоғам тіршілігін табиғи механикалық заңдармен түсіндіруге ұмтылған. Олар механика, геометрия принципінің тұрғысынан еркіндік туралы адамдардың ойы жалған, ал шын еркіндік қажеттіліктен және оның себебтілігі түбінде тек Құдайдан деп түсіндіреді.
Гоббс былай дейді: Еркіндік пен қажеттілік үйлесе алады, ерікті әрекеттер адамдардың ырқынан, ал ырық еркіндіктен ю, сонымен қатар адамдардың ырқынан туатын әрбір акт, тілек және талпыныс белгілі бір себептен, ал себеп тағы бір себептен, себептердің тізбегінен болғандықтан, оның бәрі қажеттіліктен туындайды. Ал Гегельдің еркіндікке беретін анықтамасы: Еркіндік ол танылған қажеттілік
Еркіндік
Еркіндіктің анықталмағандықтығы.
Еркіндік- адамның о бастан ешбір сыртқы себептіліктен, жағдайлармен, ешбір сыртқы күштермен әрі өзін қоршаған ортамен алдын ала анықталмағандығы. Яғни адамның кім, не және қандай болатындығын, оның өмірде қандай орын алатындығын, қандай нәрсені өзіне мән ететіндігін, нені құнды және нені құнсыздыққа балайтындығын өзінен басқа ешбір күш анықтай алмайды.
Еркіндік және өмірдің мәні
Көп түрлі мәнділіктердің бәрін қамтитын түпкілікті мән, еркіндіктің өзі болуға тиіс. Яғни әрбір адам өмірінде оның барлық жеке, нақты әрекеттерінің түп негізінде үнемі еркіндікке деген талпынысы жатуы тиіс. Еркіндіктің өзі- мәндердің мәні. Түптеп келгенде, алам өмірінің ақырғы мәні- еркін өмір.
Таңдау еркіндігі
Еркіндік және адамның қызметі
Еркіндік- түпкілікті мәнділік.
Еркіндікке қатысты адамның бүкіл хайуанаттар дүниесінен ерекшелік белгісі- әмбебаптылық, Әмбебаптылық алам болмысының жеке бір заңдылығында емес, керісінше ешбір жеке дербес заңдылық тән емес деген сөз.
Еркіндік және адамның іс-әрекеті
Мәнділікті талғау немесе талғамау алам іс- әрекеттерінің бағыттылығын немесе бағытсыздылығын анықтайды. Іс-әрекеттің нәтижесінде келетін еркіндік алғашқы түпкі еркіндіктен тіптен басқаша. Бұл еркіндік өз ісін игергенннің арқасында адамның еркін қимыл, әрекет етуі, сыртқы және өз табиғатына үстемдігі. Ол белгілі бір мәнділікті таңдағаннан кейінгі соған апаратын іс-әрекеттің жетілгендігі. Түпкі еркіндік барлық уақытта болады. Оны адам өзінің адамдық, субъектілік қасиетін жоғалтпай тұрып жоғалта алмайды. Ол адамдық қалыптың өзі. Сондықтан да іс-әрекет еркіндікті туғызбайды, керісінше еркіндік іс әрекетті туғызады.
Соңы!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет