Жасөспірімдік шақТАҒы эмоцияның даму ерекшеліктері а. Х. Уразбекова



Дата15.09.2017
өлшемі124,79 Kb.
#33933
ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ЭМОЦИЯНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.Х.Уразбекова

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлеттік университеті, Талдықорған қаласы.

Ғылыми жетекші: К.Н.Ахмедиева



urazbekova.31@mail.ru

Еліміздің қоғамдық-экономикалық өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар болашақ ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын жаңаша ойлау талап етілуде. Қоғамның даму жағдайында эмоция жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруды адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады. Сезім, немесе эмоция адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен органикалық байланыста болып келеді. Сондықтан да адамның үйлесімді, жан-жақты дамуы әрбір адамның өз өмірін «әдемілік заңы» бойынша құруға тырысу қажет.

Жеке индивид адамның эмоциялық жағдайының тұрақтылығы оның өмір сүретін ортасына, ғылыми техникалық жетістіктеріне мен экономикасына байланысты екені жайлы Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында жасөспірімге салауатты өмір салтын үйретіп, «әр оқушының қабілеті мен білім деңгейінің тиімділігін» арттыру қажет екендігі көрсетілген. Жасөспірім балалардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін уақытылы зерттеу, олардың эмоционалдық жағдайында шамадан тыс ауытқуы байқалған жағдайда дер кезінде көмектесу маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

А.Гезелдің қорытындылары бойынша 14 жастағы жасөспірімдердің 16 жастағы жасөспірімдерден айырмашылығы олар эксспансивтілігімен және қуаттылығымен, біздің зерттеулеріміздің терминдері бойынша эргичтілігімен айқындалады. Ал Е.А.Силинаның айтуы бойынша жасөспірімдерде импулсивтілікпен эмоционалдылықтың қозу үрдісі төмен болады.

Қоғам мүшесі ретінде адамда бағдардың өзіндік ережесі – басқа адамның психикалық келбетіне бағытталу болады. Басқа адамдардың эмоционалды күйіне «бағдарларға» қажеттілік эмоционалды байланысқа деген қажеттілік деп аталады. Мұнда екі жақты байланыстың бар болуы жалпы сөз болып отыр. Мұндай эмоционалды байланыста әр адам жасы мен біліміне қарамастан құндылық бағдарламалары сезеді.

Жасөспірім тәрбиесінің мақсаты эмоционалды байланыс қажеттілігін өтеуге қойылған болуы мүмкін. Жасөспірімнің қажеттілік орталығы, оны қанағаттандыру обьектісі болады. Бұл басқа адамдармен қандайда бір себептерге байланысты қатынасқа түсуге қиналатын ата-аналар, жалғыз басты аналар, барлық уақытын арнаған әжелер болуы мүмкін. Мұндай тәрбиеден көптеген проблемалар туындайды. Ата-аналар санасыз түре өз қажеттіліктерінің обьектісін сақтап қалуға күресіп

Қазіргі таңда жас өспірімдердің әртүрлі эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Өйткені эмоция түрлеріне жасөспірімнің тұлғасын толыққанды қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Эмоция түрлерінің қалыптасуы өте күрделі мәселе болғандықтан, ол терең де арнайы кешенде зерттеуді талап етеді. Сонымен біздің бұл дипломдық жұмысымызда жеке адамның қалыптасуына зор үлес қосқан табиғи эмоция түрлеріне қосқан байланысты қарастыруға қадам жасалып отыр.

Дж. Райкустың көзқарасы бойынша, көптеген жасөспiрiмдер күшті эмоционалды сезімдерді сынауға мүмкiндiк беретiн айналасушылыққа тартады. Олар өздерінің тәжирібенің жоқтығынан, оған қоса өз күшін және дағдарыстық ахуалды жағымсыз қабылдау және өмірге қауіпті және ауыр зардаптардан пайда болатын қатерге бейімділігінен интенсивті эмоцияларын тежеуге немесе бақылауға сирек икемі болады [1,16.].

Көптеген жасөспірімдерде өзіндік бағалаудың дамуы тұрақты немесе жағдайлық үрейлікпен қосарланады. Жасөспiрiмдердің өзіндік бағалауының дұрыс дамуы барысында тұрақтылыққа, бағалау мен талаптардың дұрыстығына зарығады. Өз-өзін бағалау әлеуметтiк-психологиялық адаптация және тұлғаның дезбейімделушілік үрдісімен тікелей байланысқан, өйткенi көзделген бейімделудің шарты әлемнiң нақты түрi және мен кейіпі теңдестірілетін қызметтік динамикалық бiрлiк болып табылады. Бұл дегеніміз, жасөспірім топтың талаптарына өз күштерiн мөлшерлеуге және өздігінен  нақты мақсаттар және міндеттерді өз алдына қоюға мүмкiндiк бередi. Өзін-өзі бағалау жасөспiрiмнiң әлеуметтiк бейiмделуiн едәуiр дәрежеде анықтайды, мiнез-құлық және қызметтiң реттеуiшi болып табылады.

А.А.Реан пікірінше, агрессивтi реакциялардың көрсеткіш деңгейі жасөспірімнің өзін-өзі бағалауымен сабақтасады, яғни бұл дегеніміз: өз-өзін бағалау деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым жалпы агрессия және оның түрлі біріктіруінің көрсеткіштері жоғары болады. Жасөспірімдік жас -  жоғары қауіп-қатерлі топ болып табылады. Біріншіден, психогормональдық үрдістерден басталып, «Мен-тұжырымдамасының» қайта құрылуымен аяқталатын өтпелі жастағы ішкі қиындықтар топтамасы.  Екiншiден, жастық шақтың әлеуметтік жағдайының шекаралығы мен белгісіз күйі. Үшiншiден, қарама-қайшылықтар, әлеуметтiк бақылаудың тетiктерiнiң қайта құрылуы: сыртқы нормалардың орындалуы және ересектерді тыңдауға негiзделген бала  бақылау іс-әрекеттердің әсер етпеуі, яғни өзін-өзі бақылау және саналы тәртіпке жетелейтін ересектердің тәрбиелеу әдіс-тәсілдері әлсізденеді.

Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің өзіндік дамуының аса маңызды факторы –ауқымды әлеуметтік белсенділігі болып табылады. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалауға бағытталады.

Ст.Холл, Э.Шпрангердің айтқан тұжырымдары бойынша, жасөспірімдердің даму деңгейі үш түрге бөлінеді:

 1) Күрделі өзеру - дағдарыстық уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым-қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады.

 2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке басына ешқандай өзгеріс енгізбей аяқ басумен сипатталады.

 3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін-өзі қалыптастырады. Өзінің ерік-жігерінің күшімен ішкі дағдарыстары мен күйзелістерін, мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән.

Осыған орай, Э. Шпрангердің көзқарасы  бойынша жасөспірімдердің ең басты жаңа құрылымы – «өзіндік менінің» ашылуы сияқты рефлексияның пайда болуы, яғни  өзінің жеке даралығына саналы түрде көз жеткізіп, тұлғаның өзіндік анықталуы.

А.Г.Амбрумованың, Е.М.Врононың, А.В.Боенконың, А.Л.Галиннің, Ц.П.Короленконың, Н.В.Конанчуктың, В.А.Тихоненконың, С.Сафуановтың және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекеттің психологиялық детерминанттары зерттелген, яғни олардың зерттеулері әрекеттің аталған түріне бейім тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған

Психологиялық әдебиеттерде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет пен дағдарыстық ахуалдардың пайда болуын детерминациялайтын және дербес немесе басқа да себептермен бірлесе психологиялық қауырттылықты күшейтетін жасерекшелік психологиялық факторлар туралы мәліметтер әлі де болса жеткіліксіз жағдайда. Осығын орай, теориялық талдау барысында жасөспірімдерде аталған деструкция әрекеті жасерекшелік психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болуынан эмоциялық (жеткіліксіз эмоциялық зерттеу, депрессиялық жағдай), когнитивті (талдау қызметінің бұзылуы, болжамдау мен ақпараттарды бағалау; руминация; ойлаудың, зейінің, есте сақтаудың реттеуші қызметтерінің бұзылуы) және тұлғалық салалардың (өзіндік сана сезім дамуының бұзылуы) бұзылуымен түсіндіріледі. [2,39б.].

Жасөспірім өзінің «есейгендігін» көрсетуге деген қажеттілігін фрустрациялау, өзіндік сана сезімнің дамуы барысында «Мен-тұжырымдамасаның» жағымсыз қалыптасуы, өзін-өзі жек көру, өзіне деген жағымсыз көзқарас, өзін-өзі төмен бағалау жене өзін-өзі кемсіту сияқты әрекеттер жасерекшелік дағдарыстың патологиялық барысын детерминациялайды, яғни бұл суицидтік әрекеттің пайда болу қауіптілігінің елеулі факторы болып табылады. Жасерекшелік дағдарыстық патологиялық барысы алаңдау, мазасыздану, үрейлену, психозақымдаушы жағдайларға фиксациялану, өзіндік дәрменсіздік, күйзелу, жалғыздық, үмітсіздік, өзіндік тұлғаны пессимистік бағалау, болашақ өмірді және өзекті мәселені, яғни болашақты жоспарлау қиынға соғатын жағымсыз қарқынды эмоциялармен сипатталатын дағдарыстық ахуалдардың пайда болуына жетелейді.

«Адамзаттық эмоция» ұғымы соншалықты қиын, тіпті локальды анықтама оның толық мағынасын ашу мүмкін емес. Эмоция- бұл маңызды, ол ойлау мен іс қимылды мотивке келтіріп, ұйымдастырып, және бағыттап, сезім сияқты толқиды. Өзгеше айтқанда, эмоция объективті жағынан толқу формасын бейнелеп, субъективті жағынан соған қатынасын көрсететін психикалық көріністің ерекше формасы. «Эмоция» ұғымының төркіні «эмецера» деген латын сөзінен, «эмоцион» француз сөзінен шыққан, қазақша мәні- тітіркену, толқу. Бұл жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларынан көрініс беруі.

Базалық-дискретті эмоция – бұл өзіне нейрофизиологиялық, қозғалмалы-экспрессивті және сезгіштік комоненттерді қосатын күрделі феномен. Осы компоненттерге қатысты индивидуальды үрдіс нәтижесінде туындайтын эмоция, эволюциялық-биологиялық үрдістердің нәтижесі болып келеді. Соымен толқу және эмоцияны білдіру ерекшеліктері адамда тума, панмәдениетті және универсиальды болып табылады.

Эмоцияны анықтау оңай емес. Оған екі себеп бар: бірішіден, эмоция көп және оның әрқайсысы өздігінше көрінеді. Мысалға жек көру эмоциясы агрессивті реакция шақыруы мүмкін, ал қорқыныш - өзін өзі қорғау мен кері әсерді тудыруы мүмкін. Екіншіден, эмоция- психикалық барлық тұлғалық деңгейлердің араласуын болжайтын күрделі феномен. [3,18б.].

Кэттел мен Шейер, Спилбергердің зерттеуінен кейін көптеген оқымыстылар эмоцияны феномен ретінде қарайды, яғни бір мезгілде эмоция қалып-күй және эмоциялық қыр ретінде көрінеді. Теоретиктер қатары эмоцияны перцептивті-когнитивті үрдістердің нәтижесі ретінде қарастырды. Олардың кейбіреуі эмоцияны адамның ойлауын және тәртібін жоятын, оны зиян және қаламайтын үрдіс ретінде қарайды.

С.Шехтер өзінің эмоцияны дифферентті емес толқулар және когнитивті үрдіс түрінде анықтайтын когнитивті теориясының нұсқасын ұсынған. Ол эмоция негізінде толқудың сол физиологиялық қалпы жатыр деп есептейді, ал эмоцияның сапалық айырмашылығы сол толқуларды тудыратын ситуациялық бағаның негізінде жатыр. Осы айтылғанның эмоцияның когнивтивті теориясының дәлелі болатын бір экспериментінде, адамдарға «дәрі» ретінде физиологиялық нейтральды қайнатпа берген. Бір жағдайда оларға берілген «дәрі» эйфориялық қалып-күйді тудырады деп айтқан, ал басқа жағдайда өшпенділік сезімін. Сонымен қатар адамның эмоциялық толқуларының мінезі мен интенсивтілігі қандай да болмасын ситуацияда жаныныдағы басқа адамның толқуына байланысты. Бұл дегеніміз- эмоциялық қалып-күй бір адамда уайымдау арқылы жануарлардан ерекшеленеді.

С.Шехтер эмоция физиологиялық қызығушылық және когнитивті баға егізінде туындайды деп болжаған. Кейбір сәттер мен ситуациялар физиологиялық қызығушылық тудырады және индивидте осы қызығушылықты тудырған ситуация мазмұнын бағалайтын қажеттілік туындайды. Индивид арқылы жүзеге асатын эмоция типі немесе сапасы, физтологиялық қызығушылық барысындағы сезімге емес, болып жатқан ситуацияны индивидтің қалай бағалайтынына байланысты. С.Шехтер бойынша физиологиялық қызығушылық қуаныш немесе өшпенділік (немесе басқа эмоция) сияқты бағаланады.

Эмоцияның когнитивті сызбасында эмоцияның субъективті жағы, яғни эмоцияның шығуы және себебі жайлы анықталады. Эмоция сызбасының маңызды бір функциясы ретінде, оның өзгенікі секілді өзінікінің де эмоциясының идентификациясын қолдану болып табылады. Сызба өзге немесе сол эмоция артықшылығын пайымдайтын белгілердің жиынтығын біріктіреді. Одан басқа, эмоцияның когнитивті сызбасы адамдардың өзін-өзі ұстауын түсіндіреді.

Адам өмірінде эмоциялардың орны аса маңызды. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Эмоция теориялары: В.К.Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырады. Автордың ойынша эмоционалды құбылыстың құрылымы бір жағынан қандай да бір бейнелеуші мазмұннан, екінші жағынан эмоционалды күйзелістің өзінен тұрады деп есептеген.

Эмоциялардың теориялық мәселелеріне Л.С.Выготский көп көңіл бөлген. Ол эмоцияларды ойлаудың субьектінің сезімдік –заттық іс әрекетімен байланысының ішкіпсихологиялық механизмі ретінде қарастырады.Олар ағзаның енжар күйі емес, оны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен қатынасын оятады және реттейді.

П.Я.Якобсон өз уақытында сезімдер, көңіл-күй, аффектілермен эмоцияларсияқты эмоционалды үрдістерді эмоционалды өмірмен байланыстырды. Адамда нақты заттардың немесе құбылыстардың шеңберіне арналған эмоционалды қатынас сезімі ең негізгі сыңары болып табылады. [4,36б.].

Эмоция (көңіл шарпуы, сезім) – әрекет-қылықты бейберекет (импуль­сив) реттеуші психикалық құбылыс. Ол сыртқы ықпалдардың қажеттілік маңызы мен олардың тек өкілі тіршілігіне қолайлы не зияндылығының сезімдік бейнесіне негізделеді. Эмоциялар ұнамды немесе болымсыз – екі сипатта көрінуі мүмкін, яғни көзделген нысан тиісті қажеттілікті қанағаттандырады немесе қанағаттандырмайды. Эмоциялар генетикалық тұрғыдан инстинкт және құмарлықпен байланысты келеді. Алайда, қоғамдық – тарихи даму барысында арнайы адами жоғары эмоциялар – сезімдер қалыптасты. Бұл сезімдердің негізі – адамның әлеуметтік мәні, қоғамдық талап, қалыптар, қажеттіктер мен ұстанымдар.

- эмоцияның –бейнелей-бағалау қызметі. Әрқилы адамдар бір затқа өздерінің сезімдік тұрғысына қарай түрліше көңіл аударып, қабылдайды.

Біреудің «жақсы» дегенін, екіншілер «жаман» деп таниды. Бір адамның құндылық деп жинағанын және біреу қоқыс деп айналып өтеді.

- эмоцияның басқарушылық қызметі. Эмоция адам қылық-әрекетін басқарудың психофизиологиялық тетігі ретінде қабылданған.

- эмоцияның қорғаныстық қызметі- Адамды шынайы не жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты.

Мұндай қорқыныш адам басына төнген қауіпті жағдайды дұрыс барластыруға, алдағы жеңіс не жеңіліске жету ықтималдығын тиянақты анықтауға мүмкіндік береді. Осынысымен де қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады, тіпті тірі қалудың кепілі де осы бо­лар. «қорықпайтын адам - ақымақ». – деп әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы бекерге айтпаған.

Көптүрлі эмоция көріністері арасында төрт бастау көңіл шарпулары бөліне ажыралған: қуаныш (рахат), қорқыныш, ашу-ыза, таңдану. Эмоциялардың көбі аралас сипатты, себебі олардың бәрі қажеттіктер жүйесінің басымдық (иерархиялық) ұйымдасуынан.

Сонымен, эмоция да түйсік секілді психикалық құбылыстардың арқауы, өзегі. Түйсікте болмыстың материалдығы бейнеленсе, эмоцияда - оның субъектив – мән, мағыналы тараптары психикалық құбылыс кейпіне енеді.

Түйсіктің эмоциялық кейпі – бұл біздің түйсік сапасына болған қатынасымыз, нысанның қажеттілік қасиеттерінің психикалық бейне­ленуі. Мысалы, біз гүлдің хош иісін, табиғаттың әсем көрінісін ұнатамыз, жағымсыз иістен, шектен тыс шудан тыжырынамыз.

Эмоционалды үндестік – заттасқан ортадағы күнделікті болып жататын өзгерістерге орай нақты эмоционалды жауап әрекет. Эмо­ционалды үндестік адамның көңіл шарпуы күшіне, оның көңіл кейпіне байланысты анықталады.

Көңіл-күй – бұл жағдаймен шарттасқан тұрақты, психикалық әрекетті қоздырушы не тежеуші эмоциялық қалып. Эмоция не сезімнің әсерімен болатын психикалық белсенділіктің аса жоғары деңгейі – шабыт (воодушевление) ал ең төменгі деңгейі – селқостық аталады.

Теріскей ықпалдардан туындайтын психикалық әрекеттің шамалы қателігінен адам жабырқау қалпына түседі. [5,23б.].

Әрқилы эмоциялық ықпалдар жағдайындағы адамның көңіл-күй тұрақтылығы оның әрекет-қылығының бір қалыптылығы мен мінез-құлықтық ұстамдылығынан көрінеді.Адамның белгілі бір объектіге бағыттталған эмоциялық танымдық қатынасы ынтаны тудыруға себебін тигізген өзіндік қызығушылықпен анықталады. Көптеген зерттеуші психологтар жеке адамның қызығушылығын қалыптастыру арқылы оның мінезі мен іс-әрекетінің өзгеруіне әсер етуге болатынын атап көрсетеді. ”Қызығушылық” бұл көңіл аудару мен ұмытшақтық күй, бұл сезім арқылы бір нәрсені бағалаймыз”, онан қанағаттанып және толғанысқа ұшыраймыз”,- деп атап көрсетті орыс психологы С.А.Ананьев өзінің еңбегінде.

Жағымсыз эмоцияны болдырмау үшін консенусқа (келісім) келу қажет. Бірінші қадам жасаған абзал (егер өзіңіз кінәлі болсаңыз соны мойындаңыз).

а) келісім жасаған кезде белсенді тыңдаушы болыңыз

ә) өзіңіздің аннонентіңіздің сіз үшін алатын орны маңызды екенін біліңіз.

б) бірден талап пен шарт қоймаңыз, екі жаққа бірдей шешім қабылдаңыз.

в) әр сөзіңізге дәлел тауып, дәлелдеп қарсыласыңызға нақты формада жеткізіңіз.

Педагогикалық- психологиялық тұжырымдарға талдау жасай отырып, эмоция – жеке бастың психологиялық саласы, адамның ішкі сезімі екендігін айтуға болады. Қызығушылықты айналадағы ортаға байланысты, сондай-ақ білім беру мен тәрбиелеу арқылы қалыптастырып, дамытуға болады. Демек, қызығушылық-жеке адамның ерекшелігіне байланысты ғана емес, сонымен бірге ол белгілі бір іс -әрекеттің тұрақты эмоциялық бағыты. Соңғы кездегі философиялық ұғымдар қызығушылықты танымдылық қажеттіліктен туындайтынын анықтап, жеке бастың белгілі бір мақсатта іс-әрекеттің бағытын білдіретінін дәлелдеп берді.

Шет ел ғалымдары эмоция мен сезімді жеке адамның сапасы, қоршаған ортадағы социологиялық шарты мен қатынасы деп қарастырды. В.Хеннинг өзінің жұмысында эмоцияның құрылымын жасау әдісін анықтаудың төмендегідей белгілерін ұсынды: сезімнің, эмоцияның бағыты, жеке адамның неге көңіл ауатындығын көрсетеді; көңілдің көлемі, құбылыстарға тез ауып кетуі деп айқындаған болады.

Эмоция – белсенді танымдық қатынас немесе әсерленушілік, қажеттіліктің эмоциялық көрінісі. Қажеттіліксіз дәлел - себеп болмайды, ал сезім мен эмоция қоздыру үшін дәлел –себеп жасау, немесе одан көңілі түсу, содан кейін мақсатты табуға мүмкіндік ашу қажет. Демек, эмоциядан адамда қызығушылық немесе көңіл қалушылық пайда болады.



Адам эмоциясы, негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді болғандықтан, жасөспірім шақтағы жағымды эмоцияны дамыта отырып, олардың үйлесімді тұлғалық дамуына мүмкіндік жасаймыз. [6]

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Казанская В.Г. Подросток и трудности взросления: кн. Для педагогов, психологов, родителей._ СПб.: Питер, 2006

  2.  Лафренье П. Эмоциональное развитие детей и подростков.- СПб., 2004

  3. Додонов Б.И. В мире эмоции.К: Политиздат, 1990

  4. Изард К. Психология эмоции. СПб, Питанр, 1999

  5. Бреслов Г.М. Психология эмоции. М.Смысал, 2003 г. 

  6. Ян Рейковский. Экспериментальная психология эмоций. Лекция №3.www.ya.psycom.narod.ru.

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
2016-04 -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
2016-04 -> Баспасөз беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді қолдана отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру 411 штқ студенті
2016-04 -> Кескіндеме өнерінің шығу тарихы
2016-04 -> ЖАҢа технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының Ғылыми танымын қалыптастыру баятбек Жансая Жанатқызы
2016-04 -> ТӘкен әлімқҰловтың ӘҢгімелеріндегі өнер адамдарының бейнесі жайнарбаева Назгуль Нурланқызы
2016-04 -> Өздік жұмыстар арқылы бастауыш сыныпта еңбек тәрбиесін беру тұрсынбай Е. Р
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Қазақ ауыз әдебиеті мен антикалық Әдебиет дәуіріндегі фольклористиканың Өзара үндестігі
2016-04 -> Орта буын оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы ауызекі жағдаяттардың рөлі. Мұқан А.Қ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет