Қазіргі заман физикасы. ХХ ғ. физикалық ашылулар тарихы



бет1/19
Дата17.09.2024
өлшемі1,44 Mb.
#204519
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Ресей ғылымы




Қазіргі заман физикасы. ХХ ғ. физикалық ашылулар тарихы

Физика бөлінбейтін жалпы ғылым. Соңғы он жылдық ішінде көптеген тармақтар мен мамандықтар жоғары дамып кеткенмен, олардың барлығын байланыстыратын жіп бар. Бұл жіп - теориялық физикада қаланған негізгі түсініктер мен заңдар болып табылады.


Осыған дейін біз тек өткен кезеңдерде физика қалай дамығанын қарастырған болатынбыз. Енді қазіргі заманда физика қалай дамып жатыр екен? Соңғы он жылдық ішінде көптеген ашылулар жасалды. Физика өзінің жетістіктері және жеңілулері, жеңістері, қайғы-мұңы да бар ғылым болды және солай болып қалады. Ең бастысы оның дамуы еш уақытта тоқтамақ емес.
Өткен ХХғ.-ды ұлы физикалық ашылулар ғасыры деп атауға болады. Дәл осы кезде бүкіл әлемді дүр сілкіндірген кванттар теориясы мен салыстырмалылық теориясы пайда болды. Нейтрон, позитрон және кварк ашылды. Біз енді асқын өткізгіштік пен асқын аққыштық сияқты таңғаларлық құбылыстар туралы білеміз. Жоғары энергиялар, жоғары қысымдар, жоғары және төменгі температуралар физикасы, астрофизика және т.с.с көптеген жаңа бағыттар пайда болды.
ХХ ғ. физикасы өте жылдам дамыды, сондықтанда оған қатысты ақпарат көлемі де шапшаң өсті. Қазіргі заманның ұлы орыс физигі, академик В.Л. Гинзбургтың пікірі бойынша, бұл қазіргі заман физикасының жетістіктерін мамандардың және жай физикаға қызығатын адамдардың қабылдауына қиындық тудырады. Ғылым бағыттарының әртүрлілігінің ішінен «аса маңызды және қызықтыларын» бөліп көрсету өте қиын. Бұрынғыдай «барлығы бір нәрсе туралы және бір нәрсе барлығы туралы деген уақытпен жарықтандырылған формула өте қызықты, бірақ қазіргі кезеңде олай болуы мүмкін емес» деп жоғары дәрежелі маман В.Л. Гинзбург санайды. Сонымен қатар, ол ғалым қазіргі заманға қатысты кейбір мәселелерді физик-мамандар дайындаған кезде ашып көрсету керек деп санайды. Бұның бірнеше себебі бар: біріншісі, бұл мәселенің бүкіл адамзат тағдырына қатыстылығы; екіншіден: ғылымның негізін күшейту үшін таңдалған бағыттың маңыздылығы; үшіншіден: әлемдегі адамның орны туралы сұрақтың маңыздылығы; төртіншіден: физиканың техникамен екі жақты байланыстылығы.
Қазіргі заманғы физиканың «аса маңызды және қызықты» мәселелерін зерттеу объектісінің масштабына байланысты 3 облысқа бөлуге болады: макрофизика, микрофизика және мегафизика. Олардың әрқайсысы тек өз мәселелерін шешіп қана қоймайды, олардың өз заңдары, математикалық аппараты, зерттеу әдістемесі және құралдары болады. Ғылымның даму тарихы көрсеткендей, объектінің масштабы ғана бірінші кезекте берілген облысқа сәйкес физикалық заңдардың мінездемесін анықтайды.
Ең жақсы мысал болып мұнда нақты физикалық заңдар детерминация басым болатын әлемнен мүмкіндіктер әлеміне өтетін макрофизикадан микрофизикаға өту процесі табылады. Макрофизикадан микрофизикаға өту процесі кезінде мегаәлемнің микро және макроәлемнің қасиеттеріне қарағанда қасиеттері бізге толық мәлім болмағандық себебінен заңдардың мұндай өзгерісі бізге анық көрінбейді. Дегенмен, бұл уақытша ғана. Бұған мегаәлемнің бірқатар спецификалық объектілерінің (пульсарлар, квазарлар, галактика ядросы т.б) ашылулары қол асты болады. Олардың қасиеттері тек мегаәлемге тән спецификалық заңдармен сипатталады. Бұл объектілердің қасиеттеріндегі кейбір «қызықты» жәйттар мегаәлемнің жаңа теорияларынан анық түсініктеме табады деп үміттенеміз.
Біздің физиканы бұлай үш бөлімге бөлу оның бірлігін еш бұзбайды. Бір бөлімнен екінші бөлімге жәймен өту, нәтижелер корреляциясы жалпы физикаға ортақ негізгі заңдардың (мысалы, симметрия және сақталу заңдары) болуы, оның бөлімдерінің жалпы және бір-біріне өтіп отырытындығын дәлелдейді.
ХХ ғ.-дың екінші жартысында ашылған қызықты және маңызды физикалық жаңалықтарды толық сипаттап беру мүмкін емес. Міне сондықтан біз, В.Л. Гинзбургтың соңынан, шамамен 20 негізгі физикалық мәселелерді атап көрсетеміз. Бұл бізге тарихи тұрғыдан негізгі сұрақтар ғана емес, сонымен қатар физиканың техникамен және т.б ғылымдармен байланысын тұжырымдауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет