Қазіргі заман физикасы. ХХ ғ. физикалық ашылулар тарихы


Экзотикалық заттар. Аса ауыр элементтер. Экзотикалық ядролар



бет3/19
Дата17.09.2024
өлшемі1,44 Mb.
#204519
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Ресей ғылымы

Экзотикалық заттар. Аса ауыр элементтер. Экзотикалық ядролар. ХХІ ғасырдың басында бірқатар бізге мүмкін емес болып көрінетін экзотикалық заттар ашылып, қолданыс табады деген болжам бар.
Сұйық кристалдар австриялық ботаник Ф. Рейнцер және неміс физигі О. Леманмен 1889 ж. ашылған. Олар сұйықкристалл күйдегі заттар кәдімгі сұйықтар сияқты аққыштық қасиетке ие және сонымен қатар, олардың оптикалық қасиеттері қатты заттардікіне өте ұқсас екендігін анықтады. Қазір сұйық кристалдарға қызығушылық ақпаратты дайындап, көрсету системасында үлкен қолданыста болуымен негізделеді.
Аса қызықты сұйық кристалл болып қазір асааққыш 3Не саналады. Оны ашқаны үшін американ ғалымдары Д.М. Ли, Д.Д. Омероффу және Р.С. Ричардсон 1996 ж. Нобель сыйлығымен марапатталды. Аса аққыштық түсінігін, 4Не сұйығында бұл қасиетті байқап 1937 ж. П.Л. Капица физикаға енгізген.
Металды сутегі (қатты молекула сутегі) ол әлі ашылмады, тіпті шамамен 2 млн. атмосфера (және төменгі температураларда) қысымда да. Ол Тс~100-200К болатын жоғары температуралы асқынөткізгіш болады деген үлкен болжамдар бар. Оны алуда ең басты қиындық пластиналық деформациясыз ~1,7 М бар жоғары статикалық қысымға шыдайтын (мұндай қысымда тіпті алмаз аға бастайды) материалдың жоқтығымен байланысты. Мәселенің шешімі соққы толқынды қолданумен табылуы мүмкін.
Металды сутегіден өзге экзотикалық заттар қатарына, алып фуллерен-молекулалардан тұратын фуллериттерді жатқызуға болады (мысалы, С60 кристалының көмірқышқыл молекуласы), С60 фуллерендер көмірқышқылдың спецификалық формасы болады және жоғары температураларда (Т~30К) асқынөткізгіштікке ие. Оларды зерттеу шапшаң дамып келеді.
Жалпы айтқанда, аса ауыр элементтерді алу мәселесі макрофизикаға емес, атом ядросының физика бөліміне жатады. Бірақ, В.Л. Гинзбургтың пікірінше, «ядро физика оның қазіргі түсініктемесі бойынша микрофизикаға қарағанда макрофизикаға қатысты». Ауыр ядролардағы нуклондар саны өте маңызды, сондықтан ядроны сұйық тамшысымен жақындастырады. Бірақ бастысы - классификация емес. Берілген мәселенің мәні әлі белгісіз экзотикалық ядроларды іздеп, зерттеу. Бұл облыстағы басты жетістіктер, 1951 ж. химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, сегіз трануранды элементтерді ашқан, американдық физик және химик Глен Сиборг (1912-1999) есімімен байланысты.
Қазіргі күні Z=111-ге дейінгі атомдық номерлі элементтер синтезделген. Ең ауырлары, секунд қана «өмір сүреді». Демек, Z>108-110-нан бастап зат оны зерттеу мүмкін болмайтын жылдамдықпен бөлінеді. Сонымен қатар, Z>105-тен бастап ұзақ өмір сүретін изотоптардың пайда болуы аяқталады деп саналады. 1909 ж. басында массалық саны 289,30 с «өмір сүретін» 114-ші элемент синтезделді деген алдын-ала хабарлама жасалған.
Жоғарыда сипатталған заттардың өзгеше экзотикалық қасиеттері ғылымның негізін қатайтып, техниканың одан әрі дамуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет