Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары Қазақ тарихының сахнасынан орын тепкен арпалыстар мен қиындықтарға толы кезеңде халқымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев: «Мен жастарға сенемін»



Дата10.11.2022
өлшемі25,5 Kb.
#157481
Байланысты:
азіргі заман ы аза стан жастарыны этикалы ндылы тары
әлеуметтану срс, Биологияға кіріспе , .Тексерілд1.docx.07.10.2019, отбасы тәрбие ретінде, отбасында балаларды дұрыс тәрбиелеудің шарттары, ассл, Баяндама.Дана Амангелді

Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары
Қазақ тарихының сахнасынан орын тепкен арпалыстар мен қиындықтарға толы кезеңде халқымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев: «Мен жастарға сенемін»,- деп бекер айтпаса керек. Дамушы ел ретінде мемлекет болашағы қазіргі жастар, келешек ұрпақ болғандықтан, олардың этикалық құндылықтары назар аударарлық маңызды тақырып. Ең алдымен « этикалық құндылықтар дегеніміз не? »,- сұраққа жауап берсек. Адам бойындағы ең бірінші табылуы қажет қасиет адамгершілік екені сөзсіз. Этикалық құндылық аясына сыпайы сөйлеу, орнықты жүріс-тұрыс, ізет- кішіпейілділік, білімдарлық қасиет, салт-дәстүрден бастап өзін-өзі ұстауда көрініс табатын мораль, принциптер мен стереотиптер, адамгершілік қасиеттер, сонымен қатар мейірім мен мәдениет тән. Жалпы бір сөзбен айтқанда, тізімі бітпейтін адами құндылықтардың барлығы осы бір ғана «этикалық құндылық» ұғымына сыйып тұрғандай. Ал қазіргі жастардың этикалық құндылықтары туралы не айта аламыз?
Заман ағымы бір орынында тұрған емес, соған сай қазіргі таңда біз экономика мен технологияның қарыштап дамыған кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Ата-баба арманы орындалып, зайырлы тәуелсіз мемлекетке айналдық. Бір мемлекетті жою үшін білім беру жүйесін бұзу жеткілікті, сол себепті дәл қазіргі сәтте жастардың білімге деген құштарлығына, техника тілін түсінулеріне баса назар аударылады. Соған сай, ізгілік белең алған ортада Қазақстанның жаңа буыны жаңа жетістіктерімен қуантуда. Ойын еркін жетізе алатын, шаршы топ алдында пікірін нақ айтатын жас буын келе жатыр деп айта аламыз. Қазақ маңдайына жарық жұлдыз боп біткен ақын Ілияс Жансүгіров өз сөзінде:

Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы. –

дегендей, жас буының бойындағы талантты ашу, шығармашылыққа баулу, өзіңнің жолын табуға көмектесу - ел алдындағы міндет.


Сол міндетті қаншалықты орындап жатырмыз? Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жастар жылында үкімет алдында жастардың жағдайын жасауға байланысты төрт ірі міндет қойған еді. « Жалпы, жастарға арналған бағдарламалар мен жобалар жоқ емес, бар. Атап айтатын болсақ, «Болашақ» бағдарламасы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы, «Дипломмен ауылға» жобасы, «Серпін» бағдарламасы, «Жастар» тәжірибесі, «Жасыл ел» жасақтары, «Жайдарман» ойындары – бәрі жастар саясатына арналған жобалар. Бұлардың арасында көріп отырғанымыздай, жастардың әлеуметтік мәселесін шешетін бағдарламалар жоқ.» , - деп қаулыда да көрсетілгендей соңғы екі жыл ішінде жастардың әлеуметтік, қоғам ішіндегі мәселелеріне кең назар аударылып жатыр. Сонымен алға қойылған төрт міндетті жіктейтін болсақ, олар: жастарды баспанамен қамту, оларды кәсіпкерлікке баулу, сапалы білім беру, ерікті жастарға көңіл бөлу. Жалпы баспана мәселесі әр жасты алаңдатар жайт, сол себепті әр жасқа ыңғайлы шарттармен баспана алуға мүмкіндік беретін "7-20-25" бағдарламасы Президенттің тапсырмасымен қабылданды. Жалдамалы пәтерлерді алу үшін жастарға қойылған ең басты шарт – жұмысының болуы. Заман ағымына ілесу үшін де жастар бойындағы бәсекелестік қабілетін арттыру, кәсіпкерлікке баулу қажет. Сол себепті, «Бастау» оқыту жобасы, "Жұмыспен қамту-2020", "Бизнестің жол картасы-2020" бағдармалары бойынша жұмыстар атқарылып, грант сандары екі есе өсуде. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» атты жаңа бағдарламаны құрастырып шықты. Бұған жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға қатыса алады. Бой салыстыратын емес, ой салыстыратын заманда табысты еңбек ету үшін сапалы білім алу қажет. Соған байланысты «Жас маман» бағдарламасы қолға алынды. Елімізде жастар үшін мүмкіндіктер мол екендігін осыдан байқауға болады.
Алма ағашында бір бұзылған алма болса, қалғаны да бұзылған деген сөз емес қой. Алайда, кейбір жастарға қарап « әттеген-ай » дейтініміз де бар. Жастар заман талабына сай боламыз деп, дүние жиюға ұмтылады. Сол материалдық байлық негізінде адамдар арасында бай мен кедей деп таптарға бөліну, кемсітушіліктер, асқан мақтаншақтық пен дүниеқоңыздық, кез-келген нәрсені ақшаға сатып алуға тырысуы сынды қасиеттер туындайды. Бұлар этикалық құндылықтарды аяқ асты таптап, мүлдем қарама-қайшы көзқарастарға әкеп соғады. Сонымен қатар, перфекционизмді, яғни идеал болуды дұрысынан түсінбей технологиялар өрбіп тұрған бүгінгі заманда, жастар идеал боп көрінген өзге адамға еліктеу мақсатында түрлі оталар жасатып түр келбетін, киім киісін, өзін-өзі ұстау мен сөйлеу мәдениетін өзгертіп кейде шектен шығып жатады. Әр нәрсенің екі ұшы болатыны сияқты, жастардың жетістіктері мен шешімін таппай келе жатқан мәселелері қатар жүріп келеді. Іс-әрекеттік типтері бойынша волонтерлік қызметтерді аркау етуге болады, ерікті болып көмек қолын созуға көп көңіл бөлінуде , жағымсыз тұсы-көше тәрбиесінің қисынсыз әрекеттері. Мысалы, бұл құрамға қоғамдық орындағы оқушы мен қарт арасында жиі туындайтын кикілжің, күнделікті өмірде қоғамдық көліктерде болып жататын оқиғалар. Сонымен қатар, қазіргі жастар арасындағы «қазақылық» пен «заманауилық» ұғымдарын бір-біріне қарсы қою. Жалпы «қазақылық» деген түсініктің қалыптасуының өзі дұрыс емес. Өз салт-дәстүріңді, әдет-ғұрпыңды ұстанып, ата-бабамыздың салған жолмен жүріп, заман ағымына ілесуге неге болмасқа?!
Ел мақтанышына айналған үлгілі жастар елімізде өте көп, сол жандардың біразына тоқталып өтсек. Көзі тірісінде еліміздің туын биік сан рет көтерген Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тенді жатқыза аламыз. Ол кісі 2014 жылда өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 жылы өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемипонатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы әлемдік сынның қола жүлдегері. Мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық додасының, 7-ші қысқы Азия ойындарының және Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Мұның бәрі Денис Тен жеткен жетістіктердің бірсыпырасы ғана. Жансая Әбдімәлік – шахматтан еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген қазақ қызы. Ол небәрі он төрт жасында гроссмейстер атанған.. 2012 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылы 20 жасқа дейінгілер санатында Азия чемпионатында екінші орынға тұрақтады. 2000 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген Жансая өз жасына сәйкес қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған. Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты , «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзі бір төбе. Бабалар арманының орындалып жатқанына мысал болар жастардың көптігі жан қуанттады.
Қорытындылай келе, Елбасымыз бір сөзінде: «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.» ,- дегендей қыранша самғап алар асуы, бағындырар белестері көп еліміздің қанатына айналу үшін эстетикалық құндылықтарға көп мән беруіміз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет