Қазіргі заманғы экспериментальды психология түсінігі



Дата04.02.2022
өлшемі32,64 Kb.
#130678
Байланысты:
2 апта СРСП КО201 Буранова А


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


ОСӨЖ
Мәнжазба

Тақырыбы: Қазіргі заманғы экспериментальды психология түсінігі


Орындаған: Буранова А.Е
Тексерген: Исатаева Б.Б

  1. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері

  2. Эксперименталды психология ғылымының тарихы мен қазіргі жағдайы

Эксперименталды психология – эксперименттік әдістерді қолдану арқылы психикалық құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының саласы.Эксперимент (лат. Experimentum - “эксперименттеу” тәжірибе, сынау, бақылау, көру деген мағынаны береді) – ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру;
Теориялық білім адам психологиясы, әрекеті санасына байланысты мәселелерді жалпы талап бойынша шешуде қолданылатын жалпы ғылыми бағыт болып табылады. Ал, қолданбалы салада адамның іс - әрекетін жетілдіруде, оның әрекетін жақсартуға, психологиялық дамуын жоғарлатуға, практикалық – кеңестік сипаттама жасауға байланысты практикалық міндеттерді ғылыми негізде қою және шешу болып табылады. Қолданбалы саладағы бұл міндеттер эксперимент арқылы шешіледі.Эксперименталды психология пәні – психологияның теориялық және эмпирикалық білім туралы мәселелерді, психологиялық эксперименттік психологиясын іс - әрекеттің табиғи және жасанды түрлері туралы сондай-ақ жеке адамның санасының эксперименттік психологиясын қарастырады. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері
Эксперименталды психология пәні – психологияның теориялық және эмпирикалық білім туралы мәселелерді, психологиялық эксперименттік психологиясын іс - әрекеттің табиғи және жасанды түрлері туралы сондай-ақ жеке адамның санасының эксперименттік психологиясын қарастырады.
Эксперименталды психологияның міндеттері:

  • эксперименталды психологиялық теориялық негіздерін ашу;

  • эксперименталды психологиялық зерттеуді жоспарлауды және оның негізгі кезеңдерін білу;

  • қорытындылай білуді үйрету және эксперимент нәтижелерін бере білу;

  • психологиялық зерттеулердің эксперименталды әдістерін таңдай білуге үйрету;

  • психологиялық эксперименттік зерттеу теориялары мен құрылымын, ғылыми мәселелердің өзгешеліктерін, психологиялық зерттеудің болжам ерекшеліктерін қарастыру;

  • психологиялық эксперименттің психологиялық заңдылықтарын, экпериментатор мен сыналушылардың жеке басы мен эксперимент кезіндегі іс - әрекет туралы адамға зерттеуді жүргізудегі этикалық талаптар туралы мәселелерді қарастыру;

Эксперименталды және эксперименталды емес жоспарларды кейінгі жоспарларды корреляциялық жоспарларды, эксперименттік зерттеуді жоспарлаудың тиімді жолдарын айқындайды.Идеалды эксперимент және реалды (шындықтағы) экспериментті, эксперименттің толық сәйкестігі арасындағы өзгешеліктерді, сонымен қатар психологиялық өлшемдер туралы нәтижелерді интерпретациялау заңдылықтарын қарастырады.
Ғылым адам іс - әрекетінің басқа салаларынан яғни мақсатымен, құралдарымен, мотивтерімен және жағдайларымен өзгешеленеді. Егер ғылымның мақсаты шындықты түсіну болса, онда оның тәсілі ғылыми зерттеу болып табылады.Зерттеу іс - әрекетінің нормасы ғылыми әдіске негізделген. Оның іске асуы зерттеу мақсатын негізделген. Оның іске асуы зерттеу мақсатын белгілеуден, анықтаудан, зерттеу құралдарын таңдаудан, нәтижеге негізделетін бағдардан тұрады. Эксперименталды психология ғылымының тарихы мен қазіргі жағдайы.Зерттеу алғашқы ойлар ежелден – ақ келе жатыр. Алғаш адамзатты зерттеу мәселесі Қытай империясында пайда болды. Ал, дене дамуы, ойлау, талдау өнері туралы баға беру Грецияда пайда болды.
Эксперименттік зерттеудің алғашқы элементі Платонның зерттеулері болды. Ол адамдардың әскери қабілеттілігін зерттеді.Б.з.д. IV – ғасырда өмір сүрген Греция өкілдері тек адамзатты ғана емес, табиғатты да зерттеген. Айталық, А. Македонский өзінің оқытушысына өзі жеңіп алған аймақтардағы табиғатын, өсімдіктерін зерттеуді бұйырған. Осының негізінде түрлі фактілерді жинақтай отырып, тірі организмдер тіршілігіне талдау жасалынды.ХV – ғасырда өмір сүрген Френсис Бэкон Англияда эмпиризм ғылымының эффекті әдістеріне тәжірибе жасау арқылы ғылымның методологиясына жаңа идеялар енгізді.Дж. Локк адам санасының пайда болу жағдайларына тәжірибе жүргізді. Р. Декарт теория мен тәжірибені өзара байланыстырушы өкілдің бірі.
Эксперименталды психологияның негізін неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) қалаған. В. Вундт 1879 жылы Лейпциг қаласында психикалық құбылыстарды эксперимент әдістері арқылы зерттейтін физиологиялық лаборатория ашты. Сонымен қатар ол алғаш Лейбцинг қаласында 1876 жылы арнайы педогогикалық институт ашты. Онда 136 неміс, 14 американ, 10 ағылшын, 6 поляк, 3 орыс, 2 француз оқыдыжәне олар психологиялық эксперименттің алғашқы түлектегі ұрпақтары болды.Арнайы лабораториялық кабинеттерді Вундт ғылымдағы жан құбылыстарын терең тану үшін арнайы приборды эксперимент жүргізу арқылы іске енгізген. Мұнда алғаш қолданылған негізгі әдіс интроспекция әдісі еді. (Интроспекция (лат. Introspektare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. Интроспекция психиканы толық зертеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалық іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. Интроспекция ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарының тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалық өміріңді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырату керек.)
Ең алғаш ақыл-ойды эксперименттік негізде зерттеген ғалым американ ғалымы Р. Кэттелл болды. Ол өзінің докторлық диссертациясында В. Вундттың эксперименталды лабораториясында дайындады.Кейінгі уақыттарда 1888 жылы Гальтонмен бірлесе жұмыс істей отырып, адамдардың жеке даралық ерекшеліктерін анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлді.
Кэттелдің басқа зерттеушілерден ерекшелігі ол өте күрделі психикалық функцияларды зерттеді. Осы бағыттағы Крепелин зерттеулері қарапайым арифметикалық тапсырмаларды шешудегі зерттеулерге бағытталған.Француз дәрігері, психологы және педагогы А. Бине және В. Анридің зерттеу жұмыстары эксперименттік зерттеу мәселелеріне бірқатар жаңалықтар енгізді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет