Қазталов аудандық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығы
2016 жылдың 25 -30 шілде аралығында өткен
Казталов ауылы-Бірік ауылы-Нұрсай ауылы - Күйгенкөл ауылы -Өнеге ауылы- Мұратсай ауылы – Хан Ордасы ауылы- Мұратсай ауылы-Өнеге ауылы
бағытындағы I-ші қиындық категориясындағы
велосипедшілер жорығының
ЕСЕБІ
Маршруттық бет: №
Топ жетекшісі: Сәрсембиев А. А
Мекен -жайы: Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылы.
Ихсанов көшесі, №7/1 үй.
Бағыттық-біліктілікті айқындайтын комиссиясының шешімі бойынша
І қиындығы бар категориялық жорықты тексере отырып, жорыққа қатысқан қатысушылар және жетекші жорығы сыналды деп есептелді
вело жорық есебі кітапханада сақталады_____________________________
Казталов ауданы- 2016 ж.
Мазмұны.
Кіріспе
Анықтамалық мәлімет (экспедициялық жорықтың төлқұжаты)
Ұйымдастырушы мекеме (атауы, мекен жайы, телефон) Ел, республика, өлке, облыс, аудан, массив (өтетін жері). Маршрут туралы жалпы аныктамалық мәлімет. Жорыққа қатысатын мүшелерінің аты-жөні, мекен-жайы, телефоны
Жорық есебінің мазмұны.
- Жорықтың жалпы мазмұны. Бару және қайту жолдары.
- Қозғалыс бағытының кестесі. Техникалық сипаттама.
- Маршрут бойындағы қызықты және тарихи кұндылықты жерлер.
-Тамақтану, тұру, құрал-жабдықтардың құны.
- Жорық жайында қосымша деректер.
- Қорытынды, шешім, ұсыныстар.
- Қосымша.
І. Кіріспе:
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым тұжырымы кең ой жатыр десеңізші! Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты коныс-мекені, алтын ұя бесігі, кұт-берекесі. Адам үшін табиғат- ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Өйткені адамның өзін дүниеге келтірген аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп кұрметтеуінде өте үлкен мән жатыр.
Қазақ халқының бар өмір - тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Сан ғасырлар бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат кұшағында тіршілік ете жүріп оның сан алуан кұпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды тұжырым, пікірлерге келді. Халкымыздың табиғат жөнінде ой-пікірлері оның құбылыстарымен, зандылықтарымен үнемі үндесіп жатты. Халык өзін табиғаттың бір бөлінбес бөлігі, құрамдас тобы деп есептеді. Сондыктан да, табиғатпен бірлікте өмір сүру қажеттілігін ерте кезде-ак сезінді.
Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп өз шаруашылыгын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды.
Вело-маңызды экологиялык ресурска жатады және ол тірі организмдердің кұрамды бөлігі. Туған өлкеге аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
Халқымыз тарихтың кіндік тамыры саналған Хан Ордасы жерін ежелден тарих пен мәдениеттің ордасы ретінде қастерлеп келеді. Сонау XIX ғасырда еңсе тіктеген Ішкі Орда жұртшылығының күнделікті тірлігі қазіргі күні ел тарихының бетіне қатталғаны баршамызға мәлім. Бөкей мен Жәңгір хандардың Исатай мен Махамбеттің күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Динаның дәулескер күйші Дәулеткерей мен белгілі этнограф ғалым М.С.Бабажанов сынды өзгеде алыптардың есімдері қасиетті Орда топырағын қаймана қазақтың бұрыш-бұрышына танытты. Хан Жәңгірдің 22 жылдан астам уақыт Ішкі Орда үшін төккен тері, жас ұрпақтың тарихтан алатын ілім-білімдерінің тереңдей түсуіне мол септігін тигізді. Болашақтың қамы үшін Жасқұс мекенінен хан ставкасын салдырып, су көзі тапшы құм даласына питомниктер есебінен орман көшеттерін отырғызды. Оның сыртында мектеп, дәріхана, ветеринариялық бекет, сынды өзгеде игі істер ханның беделін көтеріп, өңірдің тарихи мән-маңызын жоғарылатты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында біздің ауданымыздың туризм және өлкетану ісіне жауапты педагог мамандары тарихтан тамыр тартатын өңірді көзбен көріп, әрі халық арасында спорттың бұқаралығын жоғарылату мақсатында туристік саяхат жорығын ұйымдастырған болатын. Таза ауадағы кеңістікте велосипед пен Бөкей жеріне барған туристік топтың қызметі көпшілік қауымға ой салған ұтымды қызмет болды деген ойдамыз.
І. Саяхат туралы анықтама
А) Маршрут төлқұжаты
1. Саяхат ауданы: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Жәнібек ауданы, Бөкей Ордасы ауданы.
2. Маршрут тізбегі: Әжібай ауылы- Нұрсай ауылы-Күйгенкөл ауылы- Өнеге ауылы- Мұратсай ауылы- Хан Ордасы ауылы-Мұратсай ауылы-Өнеге ауылы
3. Маршруттың жалпы ұзындығы: 280 км.
Соның ішінде: вело 280 км.
4. Саяхаттың ұзақтығы: 6 күн,
маршруттың белсенді бөлігінде 6 күн.
Далада қону 5 күн.
5. Саяхат уақыты: 2016 жылдың 25- 30 шілде аралығы.
6. Туризм түрі: вело жорығы.
7. Категориялық қиындығы: бірінші (І).
8. Маршрут Батыс Қазақстан облыстық балалар-
жасөспірімдер туризм және экология орталығының ББАК (МКК) қаралды_________________________________________________________________
Маршруттық бет №
9. Бағытты растайтын ББАК (МКК) мөрі_____________________________________
Б) Топ құрамы туралы мәлімет:
№
|
Аты жөні
|
Туған жылы
|
Туристік тәжірибе
|
Жұмыс орны, оқу орны
|
Мекен жайы, телефон
|
Топтағы міндеті
|
1
|
Сәрсембиев Аслан Абаевич
|
31.10.1985
|
5 жыл
|
БЖТжЭО директоры орынбасары
|
БҚО Қазталов ауданы Казталов ауылы. Лукманов көшесі 41
|
Жетекші
Казначей
|
2
|
Төлеуғалиев Асылхан
|
05.01.1992
|
1 жыл
|
БЖТ ж ЭО бөлім меңгерушісі
|
БҚО Қазталов ауданы Көктерек ауылы.
|
|
3
|
Мананов Дархан
|
1987
|
1 жыл
|
БЖТ ж ЭО үйірме жетекшісі
|
БҚО Қазталов ауданы Қазталов ауылы
|
Штурман
Эколог
|
4
|
Карабалин Миржан
|
12.10.1987
|
2 жыл
|
Қараөзен мектеп-лицейі үйірме жетекшісі
|
БҚО Қазталов ауданы Қараөзен ауылы. Қараөзен к-сі 17/1
|
Гидролог Картограф
|
5
|
Тілепқали Аманер
|
12.09.1997
|
машықкер
|
М.Әуезов ат ОЖББМ 10 класс
|
БҚО Қазталов ауданы Әжібай ауылы.
|
Өлкетанушы Фотограф
|
6
|
Нигметова Назерке
|
30.06.1998
|
машықкер
|
|
БҚО Казталов ауданы Казталов ауылы
|
|
ІІ. Маршруттың жоспарланған жұмыс-кестесі
Жорық мақсаты: Қиын жорықтар негізінде туристік тәжірибені арттыру, туристік дағды және тұрмысты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану. Оқушылар категориялық жорыққа алғаш шығулары болғандықтан алдымен дәріс түрінде түсіндірілді. Велосипед пен жүру техникасы, қарапайым кедергілерден өту, спорттық деңгейлерін көтеру сияқты мәліметтер берілді.
Келу, кету бағыттары: Бағыт сызықты жол болды. Қазталов ауылы - бағыттың бастапқы нүктесі. Ал бағыттың соңғы нүктесі – Өнеге ауылы. Жорық Өнеге ауылында аяқталды.
Бағыттың апатты және қосымша жолдары: Апатты жолдарды барлық кездескен ауыл елді мекендерінен кездестіруге болады.
№
|
Күні
|
Маршрут нүктелері
Басы- соңы
|
Жүрілген
жол
(км)
|
Жылжу тәсілі
|
Метеожағдай
|
1.
|
25.07
|
Казталов а. – Нұрсай а.
|
35 км
|
велосипед
|
Күн: +290С ашық
Түн: +200С ашық
|
2.
|
26.07
|
Нұрсай а. – Күйгенкөл а.
|
70 км
|
велосипед
|
Күн: +300С ашық
Түн: +190С бұлтты, жел с.б.
|
3.
|
27.07
|
Күйгенкөл а.-Өнеге а.
|
27 км
|
велосипед
|
Күн: +260С ала бұлтты, жел с.б.
Түн: +210С ашық
|
4.
|
28.07
|
Өнеге а-Мұратсай а.
|
24 км
|
велосипед
|
Күн: +310С бұлт
Түн: +260С бұлт
|
5.
|
29.07
|
Мұратсай а-Хан Ордасы а
|
50 км
|
велосипед
|
Күн: +320С ашық
Түн: +210С ашық
|
6.
|
30.07
|
Хан Ордасы-Мұратсай-Өнеге
|
74 км
|
велосипед
|
Күн: +340С ашық
Түн: +390С ашық
|
Достарыңызбен бөлісу: |